Fingramota.kz азаматтарға ақша аударымдарына байланысты қаржылық алаяқтықтың жаңа түрлері туралы ескертеді
Алаяқтарда азаматтардың ақшасын алдап алатын екі негізгі әдіс бар. Оның біріншісі – айтарлықтай технологиялық әдіс және ол әлеуетті құрбандардың алаңғасарлығына және психологиялық тұрғыдан қысым жасауға есептелген.
Сізге банктік картаңызға белгілі бір қаражат сомасының түскені туралы SMS келеді. Қаражат сомасы аса қомақты да емес, азғантай да емес. Сіз ақшаның қайдан түсуі мүмкін екенін ойлап боламын дегенше, әлдекім сізге хабарласып, ақшаның қате аударылғанын айтады. Ол түскен ақшаны кері қайтаруды, егер жақын жерде терминал, қолма-қол ақша болса, қандай да бір қызметтің ақысын төлеуді немесе «телефонға ақша салуды» сұрайды.
Алаяқтар өздері туралы және жасаған қателіктерінің салдары жайында біраз айтып береді. Біреулері бұл ақшаның соңғы ақшасы екенін, біреулері жұмысынан айрылғанын және т.б. жайында айта бастайды. Бұл – сізді алдарқатудың белгісі. Ал расында, ешқандай да ақша аударылмаған. Ал SMS сіздің банкингіңіздің нөміріне өте ұқсас болғанмен, басқа нөмірден келді. Сонымен бірге шотыңызға расында да ақша түскен-түспегенін жеке кабинетіңіз және аударымдар тарихы арқылы білуге болады.
Толығырақ мына бөлімнен оқыңыздар.
Ондаған жолданымның орнына бір сервис: Қазақстанда кредиттер бойынша борыштарды реттеуге арналған пл...
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Зейнетақы және қосымша жұмыс: қосымша табысты қалайша іздеуге және қаржы пирамидасына тап болмауға б...
Назар аударыңыз! Делдалдар берешекті ұжымдық реттеуге «көмек» ұсынуда.
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық