Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде (бұдан әрі – Агенттік) 2021 жылғы ақпанда қаржы ұйымдарының жарнама қызметін жүйелік мониторингтеу нәтижелері туралы айтып берді.
Мониторинг ықтимал алаяқтық және басқа заңсыз әрекеттер тұрғысынан жүргізілді. Мәселен, Агенттік ақпанда «Bank RBK» АҚ-қа қатысты ұсынымдық сипаттағы қадағалап ден қою шараларын қабылдады. Бұқаралық ақпарат құралдарында лицензияның берілген күні және лицензияны берген уәкілетті орган туралы мәліметтер дұрыс көрсетілмеген банктік қызметтер жарнамасын орналастырғаны үшін.
Бағалы қағаздар нарығы мен сақтандыру нарығы субъектілеріне қатысты ақпанда дұрыс емес жарнама, заңсыз әрекеттер және алаяқтық фактілері анықталған жоқ. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты мынадай шаралар қабылданды:
Мыналар халықпен өзара іс-қимыл жасайтын қаржы және өзге ұйымдардың жарнама қызметін алаяқтық және басқа да заңсыз әрекеттер тұрғысынан мониторингтеу көздері болып табылады:
- қаржы және өзге де ұйымдар Агенттікке ұсынатын, оның ішінде Агенттіктің сұратуы бойынша ұсынатын құжаттар мен ақпарат;
- жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түсетін өтініштер, құжаттар мен ақпарат;
- қаржы және өзге де ұйымдардың сайттары;
- Facebook, Twitter, Instagram, «ВКонтакте», Telegram әлеуметтік желілері;
- қаржы және өзге де ұйымдардың мобильдік қосымшалары;
- теле-, радиоарналардағы, қоғамдық көліктегі, мерзімді баспа басылымдарындағы жарнама, сондай-ақ сыртқы жарнама.
Мониторинг Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның облыс орталықтарында жүргізілді.
Жедел желі т елефон ы : +7 (727) 237-10-00 ( жұмыс режим і : дүйсенбі – жұма 9.00 -ден 17.00 -ге дейін )
Ақпарат беруші: ҚР ҚНРДА
Қаржылық кесте: баланы үйретуге тұрарлық 7 әдет
Күмәнді жеткізу: алаяқтар сатып алушылар мен сатушыларды қалай алдайды
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Шетелдік нөмірлі көлік: Қазақстанда сақтандыруды рәсімдеуге бола ма
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Бөліп төлеу: шағын төлемдер үлкен жүктемеге айналғанда
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді