Жинақтар және кредиттер: кірістер мен шығыстарды қалай теңестіруге болады

time 10.12.2025
aye 505
Жинақтар және кредиттер: кірістер мен шығыстарды қалай теңестіруге болады

Қаржылық тепе-теңдікті сақтай білу – қазіргі уақытта әлемдегі ең маңызды дағдылардың бірі. Сондықтан бүгін Fingramоta.kz сізге кредиттер мен жинақтар болған кезде ақшаны басқарудың тұрақты жүйесін қалай құру керектігін айтып береді.

Кредит — зиян, жалғыз дұрыс жол ақша жинақтау деген пікір кең таралған. Бірақ іс жүзінде екеуі де адамның қолындағы құрал ғана: сіз біреуінің пайдасын жоғары қойып, екіншісінен бас тартпауыңыз керек, бірақ оларды ақылмен қолдануды үйрену керек.

Жинақ орнықтылық жастығын жасайды: күтпеген шығындардан, кірістің жоғалуынан, дағдарыстан аман қалуға мүмкіндік береді. Кредит, өз кезегінде, мақсатқа жылдам қол жеткізуге көмектеседі немесе қиын жағдайдан құтқарады (ипотека, білім алуға немесе бизнеске қарыз алу).

Екеуінің арасындағы сауатты тепе-теңдік борыш құрсауынан қорғайды,  сонымен бірге инфляцияға байланысты ақшаның құнсыздануына жол бермейді. Кредиттің барлық кірістерді «жеп қоюына» жол бермеу керек, ал жинақ нақты пайда әкелмей, тек «кейінгі» жоспарлар болып қала бермеуге тиіс. 

Бірінші қадам: қаржылық қолдау нүктесін есептеңіз 

Ең алдымен қанша ақша табатыныңызды, жұмсайтыныңызды және үнемдей алатыныңызды түсіну маңызды. Есептеу үшін таза кірісті, міндетті шығыстарды (жалдау немесе ипотека, коммуналдық төлем, жол жүру), өзгермелі шығыстарды (тамақ, киім, медицина, ойын-сауық), мерзімді шығыстарды (демалыс, сыйлықтар, салықтар) ескеріңіз. Бұл уақытша бос ақша қалдығын немесе жинақтар мен кредиттер арасында бөлуге болатын соманы анықтау үшін қажет.

Мынадай көрсеткіштерге сүйенуге болады: жинақтар — кірістің 10-20%-ынан, кредит бойынша төлем — 30-35%-дан аспайды. Отбасының кірісі 500 000 теңгені құрайды деп есептеп көрейік: 

  • міндетті, өзгермелі және мерзімді шығыстар – шамамен 275 000 теңге; 

  • жинақтар – 75 000 теңгеден кем емес; 

  • кредиттер — ең көбі 150 000-170 000 теңге.

Екінші қадам: ешқандай жағдайда қауіпсіздік жастықшасын жасауды ұмытпаңыз – бұл сіздің негізгі қорғаныс құралыңыз 

Қаржы жастықшасының басты пайдасы – ол емделуге, жөндеуге және болжаусыз шығыстарға «шарасыздықтан» кредит алуға тура келетін жағдайдан қорғайды. Оның ең төменгі көлемі үш айдағы, оңтайлысы – алты айдағы шығыстарды өтеуге тиіс. Қауіпсіздік үшін жинақтарды: ішінара алу мүмкіндігі бар депозиттер, қолма-қол ақша және инвестициялар сияқты әр түрлі нұсқаларда сақтаңыз. 

Жинақтарды бөлудің әр түрлі нұсқалары бар: консервативті жағдайда сіз 100 000 теңгенің 60 000 теңгесін теңгемен депозитке, 20 000 теңгені валюталық депозитке аударып, тағы 20 000 теңгені сейфте сақтай аласыз. Егер сіз инвестицияларды зерттеген болсаңыз, онда теңгерімді нұсқаны таңдай аласыз: депозиттерге 40 000 теңге, акцияларға және мемлекеттік бағалы қағаздарға 50 000 теңге, ал сейфке 10 000 қолма-қол ақша жинай аласыз.

Өзіңізге қандай кредиттер қажет екенін анықтап алыңыз

Әрбір кредитті қарызға батыратын қадам деп санаудың қажеті жоқ, бірақ стратегияңыз болмаса, келтіретін зияны бар. Сондықтан кредит ресімдемес бұрын жоспарланған кредиттің қай топқа жататынын шешіп алыңыз. Әдеттегі себептер – үй сатып алу, білім алу, бизнес бастау немесе оны кеңейту, күрделі жөндеу шығыстары. Қауіпті себептер – «мәртебе үшін» бренд заттар мен қымбат техниканы сатып алу, сыйлықтар, демалыс турлары.

Кредит алуға дайындалып жатқанда, өзіңізге үш сұрақ қойыңыз:

- Осыны маған қазір сатып алу қажет пе?

- Дұрысырақ баламасы бар ма — мысалы, дәл соны сатып алу үшін қаражат жинау

- Кредит бойынша төлемдер менің қаржылық теңгерімімді бұза ма?

Төртінші қадам: кірісіңізді нақты бөліп қойыңыз

Классикалық және тиімді нұсқасы бар — «50/30/20 ережесі». Кірісіңіздің 50%-ы міндетті шығыстарға (ипотека немесе тұрғын үйді жалдау ақысы, тамақ және көлік төлемдері), 30%-ы ойын-сауыққа (кафеге, киноға, театрға бару) және 20%-ы жинақтауға жұмсалады. Сол 500 000 теңгені алсақ: 50 000-ды міндетті шығыстарға, 30 000-ды ойын-сауыққа, 20 000-ды жинақтауға жібереміз

Толығырақ "Бюджетті жоспарлаймыз " бөлімінде оқыңыз

white-arrow Тізімге