Инвестициялар Қазақстан азаматтары үшін күннен күнге жинақтау мен капиталды көбейтудің танымал құралдарының біріне айналуда. Алайда, пайда табу мүмкіндігімен бірге бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түсетін кірістерді дұрыс есепке алу міндеті де қатар жүреді.
Бағалы қағаздар бойынша кірістердің қандай түрлері болатыны, оларға қалай салық салынатыны және инвесторлар үшін қандай жеңілдіктер қарастырылатыны жөнінде Fingramota.kz-пен қарастырып көрелік.
Бағалы қағаздар бойынша кірістердің түрлері
Инвесторлар таңдалған құралға байланысты түрлі нысандарда кіріс алулары мүмкін:
- Дивидендтер — компанияның акционерлер арасында бөлінетін пайдасының бір бөлігі. Төлем туралы шешімді акционерлер жиналысы қабылдайды, ал түсетін сома компанияның қаржылық нәтижелеріне байланысты
- Купондық кіріс — эмитент облигация ұстаушыға төлейтін пайыздар. Әдетте, төлемдер эмиссияның проспектісінде көрсетілген кесте бойынша жүзеге асырылады.
- Құнның өсімі (күрделі кіріс) - бағалы қағазды оны сатып алған сомадан жоғары бағамен сату кезінде алынған пайда.
- Деривативтер бойынша кіріс (фьючерстер, опциондар) - базалық активтер бағасының өзгеруіне байланысты туынды құралдармен жасалатын операциялардың нәтижесі.
- Өзге де кірістер — мысалы, облигацияларды акцияларға айырбастау кезінде немесе эмитенттің өзінің бағалы қағаздарын сатып алуы кезінде.
Салық мөлшерлемесі
Қазіргі уақытта инвестициялық кірістердің барлық түрлеріне салынатын салық мөлшерлемесі резидент-жеке тұлғалар үшін 10%-ды құрайды.
2026 жылдан бастап салық салудың прогрессивті шкаласы күшіне енеді.
8500 АЕК-ке дейінгі инвестициялық кірістерге 10% мөлшерлеме бойынша, осы көрсеткіштен жоғары кірістерге 15% мөлшерлеме бойынша салық салынады. Бұл ретте 230 000 АЕК дейінгі дивидендтер түріндегі кіріске көрсетілген көрсеткіштен 5% және 15%-дан жоғары мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Жеңілдіктер
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес бағалы қағаздар бойынша барлық кірістерге салық салынады, алайда кірістердің мынадай санаттары салық салудан босатылады:
- Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сату кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс.
- ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сату кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс
- резидент-заңды тұлға эмитенті болып табылатын бағалы қағаздарды сату кезінде оларды үш жылдан астам иелену кезінде және эмитентте жер қойнауын пайдаланушы мәртебесі болмаған кезде құн өсімінен түсетін кірістер;
- егер олар осындай биржалардың ресми тізімдерінде болса, ҚР аумағында биржада бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кірістер;
- ҚР аумағындағы биржалардың ресми тізіміндегі бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;
- биржалардың ресми тізімдеріндегі бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, олар бойынша күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген көлемде биржалық сауда-саттық жүзеге асырылған жағдайда.
Салықты кім ұстайды
Декларацияны қашан тапсыру керек
Бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан кіріс алатын жеке тұлғалар жыл сайын кірістер мен мүлік туралы декларация тапсыруға міндетті (270.00-нысан). Тапсыру мерзімі – есепті жылдан кейінгі жылғы 15 қыркүйекке дейін. Мысалы, егер кіріс 2025 жылы алынған болса – декларацияны 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсыру керек.
Сіз декларацияны:
• e-Salyq Azamat порталы немесе kgd.gov.kz сайтында салық төлеушінің кабинеті арқылы;
• өзіңіз дербес түрде – тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында тапсыра аласыз.
Егер декларацияны уақтылы тапсырмаса, не болады
Декларацияны уақтылы ұсынбау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 272-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады:
• бірінші рет ұсынбаған кезде – ескерту;
• қайта бұзған жағдайда – 15 АЕК мөлшерінде айыппұл (2025 жылы – 58 980 теңге);
• әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін қайта бұзған жағдайда – 550 АЕК.
Неліктен инвестордың салық ережелерін білуі маңызды
Салық ережелерін түсіну формальдық емес, қаржылық жауапкершіліктің элементі болып табылады. Бұл инвесторға заңды түрде әрекет етуге, кірісін жоспарлауға және қажетсіз шығындарды болдырмауға көмектеседі.
Салықтық өзгерістерді үнемі тексеріп отырыңыз, декларацияларды уақтылы тапсырыңыз және қаржылық ашықтықты сақтаңыз. Бұл – инвестор, мемлекет және нарық арасындағы сенім кепілі, демек, капиталыңыздың тұрақты өсуінің негізі.
Инвесторларға кеңестер
- Операциялар бойынша барлық құжатты сақтаңыз. Бұл шығыныңызды дәлелдеуге және қайта салық салуды болғызбауға көмектеседі.
- Лицензиясы бар брокерлер арқылы инвестициялаңыз. Сіз оларды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында (www.gov.kz) тексере аласыз.
- Салық заңнамасындағы өзгерістерді қадағалаңыз. Жеңілдіктер мен мөлшерлемелер үнемі өзгеріп отырады.
- Салық мамандарынан кеңес алыңыз. Әсіресе шетелдік активтермен немесе ірі сомалармен жасалған мәмілелер жасаған кезде кеңес алыңыз.
- Валюталық тәуекелдерді ескеріңіз. Кірісіңіз шетел валютасында түсетін болса, салық Ұлттық Банктің кіріс алған күнгі бағамы бойынша теңгемен есептеледі.

Толығырақ "Бағалы қағаздар нарығы " бөлімінде оқыңыз
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Инвестициялау: қалай бастауға және жиі кездесетін қателіктерді болдырмауға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Бағалы қағаздар бойынша кірістер және оларға салық салу: инвесторға нені білу маңызды
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?