Алматылық құтқарушылар қаржылық сауаттылық бойынша курс өтті

time 1.04.2025
aye 4

26-28 наурыз күндері Fingramota.kz жобасы Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Республикалық жедел-құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне қаржылық сауаттылық бойынша көшпелі мастер-класстар ұйымдастырды.

Қауіпсіздік саласының мамандары жеке және отбасылық бюджетті сауатты жоспарлау, кірістер мен шығыстарды бақылау, «қаржылық қауіпсіздік жастығын» қалыптастыру және жинақтаудың тиімді әдістері туралы білім алды. Қаржылық сауаттылық жөніндегі Сарапшылық кеңестің мүшесі, қаржы коучі Жанар Таланова пайдалы кеңестер мен лайфхактармен бөлісіп, нақты оқиғалар мен қызықты жағдайлар туралы айтты.

Курста қарастырылған тағы бір маңызды мәселе – кредитті жауапты түрде алу және қаржылық жүктемені жоспарлау болды.
«Кез келген қаржылық құралдың, соның ішінде кредиттің, артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Егер сіз оны дұрыс пайдаланып, ерекшеліктерін зерттеп, өз мүмкіндіктеріңізбен салыстырып қарасаңыз, ол сізге пайда әкеледі», – деп атап өтті жобаның жетекші маманы Дмитрий Акмаев.

Тыңдаушылар несие рәсімдеу кезінде нені ескеру керектігін, ең тиімді шарттарды қалай таңдауға болатынын, сондай-ақ мерзімі өткен қарызды реттеу әдістері мен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жаңашылдықтар туралы ақпарат алды.

Қаржылық курстың үшінші тақырыбы – қаржылық алаяқтықтың алдын алу. Ерекше назар «Стоп-кредит» – кредит рәсімдеуден өз еркімен бас тарту функциясына, сондай-ақ қаржылық алаяқтықтың өзекті схемаларына, олардың белгілері мен қорғану әдістеріне аударылды.

Іс-шара соңында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, құтқару жасағы қызметкерлеріне жеке кеңес берді.

Мемлекеттік органдар қызметкерлеріне арналған осындай іс-шаралар 2025 жыл бойы жалғасады. 

Жаңалықтарды қадағалап, Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!


white-arrow Тізімге