Алматы, 2025 жылғы 23 сәуір — Алматы энергетика және байланыс университетінде (АЭжБУ) Isker Isiәлеуметтік жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық: өзіңді алаяқтықтан, нашақорлықтан және лудоманиядан қалай қорғауға болады» тақырыбында дәріс өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Fingramota.kz жобасы, Алматы қаласы прокуратурасы, Almaty Creative ұйымы, сондай-ақ АЭжБУ профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Fingramota.kz жобасының атынан қаржылық технологиялар саласының сарапшысы, «КазФинТех» заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі Алексей Сидоров сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында қазіргі таңда кең таралған қаржылық алаяқтық схемаларына, соның ішінде «дропперлікке» тоқталып, бұл құбылыстың әсіресе жастар үшін қаншалықты қауіпті екенін түсіндірді.
Дәріс барысында келесі маңызды тақырыптар қарастырылды:
цифрлық қауіпсіздік және жеке деректерді қорғау;
фишинг, әлеуметтік инженерия және жалған инвестициялық ұсыныстар;
артық несиелендірудің себептері мен салдары;
қаржылық тұрақтылықтың негізгі қағидаттары.
Сондай-ақ, жастарды заңсыз схемаларға тартудың алдын алу және жеке қаржыны басқаруға деген саналы көзқарас қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараға университеттің 100-ден астам студенті қатысты.
Осындай дәрістер жастар арасында қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттырып қана қоймай, оларды киберқауіптер мен әлеуметтік тәуекелдерден қорғауға ықпал етеді.
Әскери қызмет кезіндегі кредит: мерзімді әскери қызметшілер үшін төлемді кейінге қалдыру қалай жұмыс...
Депозит: салымды қалай таңдау, жинақтарды қалай қорғау керек және кірісті жоғалтып алмау үшін не іст...
Қаржылық кесте: баланы үйретуге тұрарлық 7 әдет
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Қарызды өтеудің ыңғайлы тәсілі: төлем кестесін есептеу, өтініштер беру және құжаттарға қол қою
Finkelisim жаңа платформасы несие берешегін реттеу ережелерін қалай өзгертеді