Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағында құтқару қызметінің қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті. Семинар қаржылық сауаттылық пен қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне арналды.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Fingramota.kz жобасы аясында ұйымдастырылып, ТЖМ қызметкерлерінің жеке қаржыны қорғау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саласындағы хабардарлығын арттыруға бағытталды.
Семинар барысында Агенттіктің өкілі Ғаділбек Әкім таныстырылыммен сөз сөйледі. Ол Fingramota.kz жобасының мақсаттары мен негізгі бағыттары, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамадағы өзекті өзгерістер, сондай-ақ ең көп таралған алаяқтық схемалар мен жеке және банктік деректерді қорғау тәсілдері туралы айтып өтті.
Сонымен қатар цифрлық қауіпсіздік құралдарына ерекше назар аударылды, оның ішінде eGov.kz мобильді қосымшасындағы «Стоп-кредит» сервисі арқылы несие рәсімдеуге ерікті түрде тыйым салу мүмкіндігі, сондай-ақ Skills Enbek платформасында орналастырылған қаржылық сауаттылық бойынша оқыту курсы таныстырылды.
Бұдан бөлек, семинар аясында проблемалық берешекті сотқа дейінгі тәртіппен реттеу тетіктері, екінші деңгейлі банктермен және микроқаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ банктік және микроқаржылық омбудсмендердің құзыреті мен өкілеттіктері және оларға жүгіну тәртібі қарастырылды.
Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша түсіндірмелер алып, қаржылық мәселелерде сенімді бағдар алуға және қаржылық қызметтерді пайдалану кезінде тәуекелдерді азайтуға көмектесетін практикалық ұсынымдармен танысты.
Сізге кредит бойынша кепіл болушы болуды сұрай ма? Қол қойғанға дейін нені білу маңызды
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Әскерге шақыру басталды: қызмет кезеңінде қазақстандықтардың кредиттерімен не болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Дербес деректеріңіз жария болған жағдайда не істеу керек: қорғану амалдары
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық