4-сабақ: Қаржылық проблемаларды қалай болдырмауға болады?

time 24.07.2021

КРЕДИТ АЛУ ЕРЕЖЕСІ ЖӘНЕ КРЕДИТТІ ҚАЙТАРУ БАРЫСЫНДА ОРЫН АЛУЫ МҮМКІН ҚИЫНДЫҚТАР ТӘУЕКЕЛІН ТӨМЕНДЕТУ ҮШІН КРЕДИТТІ ӨТЕУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІМІЗДІ ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ

ҚАРЫЗДЫ ҚАНДАЙ МАҚСАТТАРҒА АЛАМЫЗ?

  • • Бизнеске салу – тауарларды, жабдықтарды сатып алуға, бизнес орнын сатып алуға және оны жөндеуге;
  • • Үй шаруашылығына салу – үй сатып алу, үйді жөндеу, жиһаз сатып алу, отбасы мүшелерін оқыту;
  • • Тұтыну – үйлену тойын ұйымдастыру, саяхаттау, киім сатып алу және т.с.с.;
  • • Болжанбаған жағдайлар – науқастану, жазатайым жағдай, ЖКО, жарақаттану және т.б.

 

Бизнеске алынған кредит – қосымша табыс алуға мүмкіндік береді.

 

Үй шаруашылығына алынған кредит – оның құнын арттырады.


Тұтынуға және болжанбаған жағдайлар – белгіленген үстеме ақысы бар, қарыз қаражат есебінен қалауымызды қанағаттандыру немесе орын алған қиын жағдайды шешу. Осындай мақсаттар үшін мүмкіндігінше жинақ ақша мен Жұмсалмайтын Қорды (ЖҚ) пайдаланған дұрыс.


ЖАҚСЫ КРЕДИТ – ЖАМАН КРЕДИТ. КРЕДИТТЕРДІ АЙЫРА БІЛЕЙІК.

Мысалдар: 

Қанат автокөлік сатып алу үшін 3 жылға кредит алды. Автомобиль сатып алғаннан кейін отбасы демалыс күндері қала сыртына жиі шыға бастады. Одан бөлек, Қанат жұмыстан кейін кешкісін жолаушы тасып қосымша табыс табатын болды.

Автокөліктің пайдалану мерзімі – кредиттің өтеу мерзімінен әлдеқайда артық.

Кредит толық өтелгеннен кейін автокөлік Қанаттың меншігінде қалады.

Оның үстіне, автокөлік қосымша табыс әкеледі. 

Нұрлан бұзаулар сатып алу үшін 9 айға кредит алды. Бұзауларды бордақылап өсіріп, 6 айдан кейін оларды сатты.

Кредит мерзімі бұзауларды сату мерзімінен асады. Нұрлан бұзауларды сатып, табыс тапты, алайда кредитті пен пайыздарды төлеуді жалғастыруда.

Тәтімгүл азық-түлік сатады. Отбасына жұмсаған шығыстардан бөлек қолында 150 000 теңге қалады. Ол тауар сатып алуға кредит алды. Жаңа сауда нүктесін ашуды жоспарлаған жоқ.

Мұндай табысы бар Тәтімгүлге кредит керек емес еді. Бизнесіне өз қаражаттарын салуға болатын еді.

Бахтиярдың дүкені тоналды. Ол жылдық 45%-бен кредит алды және 2 айдың ішінде бұрынғы сатылым деңгейіне шықты. 

Кредит аса көп қиындық тудырмады және қосымша шығынсыз күтпеген жайтты еңсеруге көмектесті.

Айжан көп мөлшерде тауар сатып алу үшін кредит алды. Ол кредитті жылдық 45%-бен төлейді, бірақ көтерме бағамен сатып алғандықтан 25% жеңілдік алды. Оның бөлшектеп сатқандағы қосқан үстеме бағасы 100%-ды құрады. Сатылым көлемі 50%-ға ұлғайды.


Кредитті пайдалану арқылы түскен табыс кредит бойынша шығыстардан жоғары.


«Жақсы кредитті» «Жаман кредиттен» қалай айыруға болатынын қарастырайық

Жақсы кредиттер 

Жаман кредиттер 

Кредитке сатып алынған активті пайдалану мерзімі кредиттің мерзімінен көп.

Кредитке сатып алынған активтер кредит аяқталғаннан бұрын өткізілді. Табыс алынды, бірақ кредит бойынша төлемдер жалғасуда.

Кредитке сатып алынған активтен алынған қосымша табыс кредит құнынан жоғары.

Кредитті пайдаланудан алынған пайда кредиттің құнынан төмен.

Кредит тауарлардың немесе жабдықтың құнынан үнемдеуге және қосымша пайда табуға мүмкіндік береді.

Кредитті пайдаланғаннан кейін алынатын табыс кредитті өтеуге жеткіліксіз.

Кредит арқылы кредитті өтеу және пайда табу үшін жеткілікті кіріс түсті.

Кредиттен бөлек, қажеттіліктерді қаржыландырудың басқа, әлдеқайда арзан көздері бар (жеке жинақ ақшалары, бизнестің меншікті қаражаттары).

Болжанбаған жағдайларды шешуге мүмкіндік беретін кредит.

Уақытылы берілмейтін кредит – өте кеш немесе тым ерте.


Кредит өте қымбат болмауы тиіс.


Кредиттің шарттары сіздің бизнесіңіздің қажеттіліктеріне (негізінен – өтеу кестесіне) сәйкес келмейді.


ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІҢІЗДІҢ ДЕҢГЕЙІН ҚАЛАЙ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ?

Біз қандай кредиттердің жақсы екенін, ал қандай кредиттерден бас тарқан жөн екенін анықтадық. Алайда, алған кредитті уақытылы өтей алмасақ, ең жақсы деген кредиттің өзі бізге қиындық туындатуы мүмкін. Ондай жағдайдан өзіңді қалай сақтауға болады?

Бізге төлем қабілеттілігімізді бағалау қажет – яғни қарызды өтей алу қабілеттілігін бағалау керек. Бұл жерде кредиттің бизнесті дамытуға немесе тұтынушылық мақсаттарға алынатындығын анықтап алуды ұсынамыз.

«Бизнес-кредит» төлем қабілеттілігін бағалау үшін келесі есепті пайдалануға кеңес береміз:

Нәтижесі 70%-дан аспауы тиіс. Егер кредит бойынша төлейтін сома оның таза кірісінің 70%-нан аспайтын болса, отбасы қалыпты өмір сүріп, жоспарланбаған шығындарды төлей алады деп есептеледі (отбасының жалпы кірісінен отбасының барлық шығысын алып тастау).

МЫСАЛЫ:

Кредит бойынша төлем сомасы

30 000 теңге

Отбасының жалпы айлық кірісі

160 000 теңге

Отбасының жалпы айлық шығысы

120 000 теңге

Төлем қабілеттілігі

75% 

 

75%-дық нәтиже нені білдіреді?

 

Бұл отбасының кредитті өтеу қабілеттілігі жол берілетін деңгейге сәйкес келмейді.

Олар кредитті өтеуге табысының көп бөлігін төлеуіне тура келеді. Бұл олардың өз шығыстарын тым азайтып, біраз нәрседен бас тартуына тура келетіндігін немесе кредитті өтеу барысында қиындық туындауы мүмкін екенін көрсетеді.

Тұтынушылық кредит алғысы келген отбасының төлем қабілетін есептеу үшін отбасы мүшесінің кіріс сомасын және отбасының шығыстарын салыстыруды ұсынамыз. Бұл ретте клиенттің барлық кредиттері бойынша төлемдері ескеріледі. Нәтижесінде кіріс отбасының барлық шығыстарының 50% -нан асуы немесе тең болуы тиіс. 


ШАМАДАН ТЫС КРЕДИТ АЛҒАННЫҢ БЕЛГІЛЕРІ:

 Сіздің таза табысыңызбен салыстырғанда төлейтін кредитіңіздің сомасы өте жоғары.

 Сіз әдетте қалтаңыздағы ақшаға алатын затты кредитке сатып алатын болдыңыз.

 Қолданыстағы кредитті өтеу үшін жаңа кредит рәсімдейсіз.

 Сізге кредиттің өтеу мерзімін ұзарту үшін өтінім қалдыруға тура келді.

 Сіз кредиттеріңізді өтеу үшін жинақ ақшаны пайдаландыңыз.

 Сіз отбасыңыздың күнделікті шығыстарын төлеу үшін кредит алдыңыз.

 

ҚАУІПТІ АЙМАҚ!

Кредиттің шамадан тыс болуы өтеу мерзімінен кешіктіруге және төлемеуге әкелуі мүмкін.

Өтеу мерзімінен кешіктіру – шартпен қарастырылған өтеу мерзімдерін бұзу.

Төлемеу – кредитті қайтаруға мүмкіндіктің болмауы.


Өтеу мерзімінен кешіктіру салдарлары 

Төлемеу салдарлары 

Топтық кредит беру кезінде топқа мүше ретінде қабылдамауы мүмкін – топтан шығарып жіберу.

Кепілден айырылу.

Қосымша шығыстар – өсімақылар мен айыппұлдарды төлеу.

Сот шығындары – кредиторлар әдетте сотқа шағым түсіреді.

Келесі қарыздарды тиімді шарттармен алу мүмкіндігінен айырылу.

Кез келген банктен кредит ала алмау – өтелмеген төлемдер туралы ақпарат кредиттік бюроға енгізіледі.

Келесі кредиттердің шарттары ағымдағыға қарағанда тиімсіздеу болуы мүмкін.

Кредиттік тарихының жағымсыз болуы

Әріптестері мен қызметкерлердің алдында беделінен айырылу.


 

white-arrow Тізімге