5 САБАҚ. Отбасылық қаржыны күтпеген жағдайлардан қалай қорғауға болады?

time 16.08.2021

Сіздің өміріңізде қомақты шығынға алып келетін күтпеген жағдайлар болып тұра ма?

Сіз оларды қалай шешіп жүрсіз? Әдетте мұндай оқиғалар елеулі шығындармен қатар жүреді, кейде отбасылық әмиянға айтарлықтай салмақ түседі.


КҮТПЕГЕН ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ МЫСАЛДАРЫ:


КҮТПЕГЕН ШЫҒЫНДАРДЫ ҚАЛАЙ РЕТТЕУГЕ БОЛАДЫ?

АҚШАНЫ ҚАЙДАН АЛАМЫН??? … ШҰҒЫЛ ҚАЖЕТ!!!

1ДОС-ЖАРАННАН НЕМЕСЕ ТУЫСҚАННАН СҰРАУҒА БОЛАДЫ 


БІРАҚ!!! ОЛАРДА АҚША БОЛМАУЫ МҮМКІН 

 2. БАНККЕ НЕМЕСЕ ЛОМБАРДҚА БАРУҒА БОЛАДЫ


БІРАҚ!!! 

КРЕДИТ БОЙЫНША ПАЙЫЗДАР ТӨЛЕУ КЕРЕК!!! 

РӘСІМДЕУГЕ УАҚЫТ ЖҰМСАУ КЕРЕК!!! 

АЛ ЕГЕР АҚША ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАЖЕТ БОЛСА!? АЛ БАНКТЕР ЖҰМЫС ІСТЕМЕСЕ

Өзіміз немесе жақындарымыз тап болатын оқиғаларға ықпал ете алмайтынымыз анық, дей тұрғанмен біз күтпеген оқиғаларға дайын болуға тиіспіз.


Әрбір отбасының қандай да бір

ЖҰМСАЛМАЙТЫН ҚОРЫ болуы ҚАЖЕТ!!!

 Жұмсалмайтын қор – бұл арнайы жиналып, кейінге қалдырылған, дағдарыс немесе оқыс оқиғалар жағдайына («ауыр күн» немесе «аяқасты бірдеңе бола қалса» деге кезге) сақталатын ақша қаражаттарының қоры

ЖҚ ҮШІН ҚАНША АҚША ҚАЖЕТ?

Соңғы жарты жылда Сіздің отбасыңызда орын алған төтенше жағдайлардың тізімін жазыңыз. Әрбір оқиғаның жанына осы оқиғаға/жағдайға жұмсалған ақша сомасын белгілеңіз. Соңында жалпы соманы есептеңіз және Сіз күтпеген оқиғаларға жұмсаған орташа айлық соманы анықтау үшін оны 6-ға бөліңіз. Осылайша, Сіз Жұмсалмайтын Қор резерві түрінде ие болу қажет орташа ақша сомасын аласыз.

МЫСАЛЫ, ЖАНДОСТЫҢ ОТБАСЫНДА БІР ЖЫЛДА 5 ОҚИҒА ОРЫН АЛДЫ, ЖӘНЕ ОЛАРҒА 120 000 ТЕҢГЕ ҚАЖЕТ БОЛДЫ.

Ай 

Күтпеген оқиғалардың сипаттамасы 

Қанша жұмсалды 

1

-

0

2

Отбасы мүшелері түгелдей тұмаумен ауырды

20 000

3

-

0

4

Кір жуу машинасын жөндеу

7 000

5

-

0

6

-

0

7

Туысқанның үйлену тойы

30 000

8

-

0

9

Ауырып ауруханаға

50 000

10

-

0

11

Жылыту жүйесін жөндеу

13 000

12

-

0

Жиыны


120 000 


 ЖАНДОС ЖАНҰЯСЫНЫҢ ЖҰМСАЛМАЙТЫН ҚОРЫН ЕСЕПТЕЙІК:

Жандостың жанұясы ЖҚ құру туралы шешім қабылдады және өткен жылдардың тәжірибесі негізінде шамамен 120 000 теңгені құрайтын қажетті соманы есептеп шықты және ай сайын 10 500 теңгеден жинай бастады деп шартты түрде есептейміз.

Бір жылда отбасында қандай жағдайлар орын алды және ЖҚ басқару қалай жүрді 

Жұмсалмайтын қорды басқару 

Ай

 Қанша ақша бөлінді

 Жиналған сома (жұмсалғанды қоса есептегенде) 

Күтпеген оқиғалардың сипаттамасы 

Қанша жұмсалды  

Қалған сома 

1

10 500

10 500

-

0

10 500

2

10 500

21 000

Отбасы түгелдей тұмаумен ауырды

20 000

1 000

3

10 500

11 500

-

0

11 500

4

10 500

22 000

Кір жуу машинасын жөндеу

7 000

15 000

5

10 500

25 500

-

0

25 500

6

10 500

36 000

-

0

36 000

7

10 500

46 500

Туысқанның үйлену тойы

30 000

16 500

8

10 500

27 000

-

0

27 000

9

10 500

37 500

Ауырып ауруханаға жату

50 000

-12 500

10

10 500

-2 000

-

0

-2 000

11

10 500

8 500

Жылыту жүйесін жөндеу

13 000

-4 500

12

10 500

6 000

-

0

6 000

Жиыны

126 000

6 000 

-

120 000 

6 000 


 Біз әлгінде ғана әрбір отбасыға ЖҚ құру және оны үнемі қолдап отыруға, яғни тіпті шағын сома жұмсалғанның өзінде оны толықтырып отыру қажеттігіне көз жеткіздік.

 ЕГЕР ЖАНДОСТЫҢ ОТБАСЫНЫҢ ЖҚ-СЫ БОЛМАСА, ОЛ ҮНЕМІ ҚАРЫЗДАНЫП ЖҮРЕР ЕДІ!!!

 Жұмсалмайтын Қорыңызды есептеп көріңіз

 ЖҚ-НЫ ҚАЙДА САҚТАУҒА БОЛАДЫ: 



ӨТЕ ЖАҚСЫ

Ақша барынша қолжетімді болуы тиіс, өйткені олар шұғыл жағдайларда қажет болады.

Демек, оларды қалған жинақ ақшалармен бірге жылдам депозитте сақтауға болмайды.





ӨТЕ ЖАҚСЫ

ЖҚ сенімді орында сақталуы тиіс. 

Ақшаны жоспарланбаған сатып алуларға жұмсап қоймау аса маңызды. 

Кейде ақшаны өзіңізден де тығып тастаған жөн!

 


ӨТЕ ЖАҚСЫ

ЖҚ басқа жинақ ақшалардан бөлек болуы тиіс, өйткені бұл жағдайда оны басқару оңай.

 


white-arrow Тізімге