Шарт – бұл уағдаласушы тараптардың әрқайсысы өзін және өзінің мүдделерін қорғаудың тәсілі.
ШАРТ:
не туралы келіскендеріңізді есте сақтау үшін;
не туралы келіскендеріңізді түсіну үшін;
кейін шарт талаптарын өзгертпеу үшін;
уағдаластық мәнін қасақана бұрмалаудан өзін сақтандыру үшін, бұл екі тарапқа да қатысты;
басқа да тәуекелдерді азайту үшін ҚАЖЕТ.
ШАРТ:
түсінікті;
айқын;
қауіпсіз (клиент үшін де, ұйым үшін де) БОЛУҒА ТИІС.
ҚАЙРАТТЫҢ ОҚИҒАСЫН ҚАРАСТЫРАЙЫҚ
Қайрат кезекті кредитті аламын деп шешті. Ол бұған дейін отбасының қажеттілігі үшін 12 айға дейінгі мерзіммен екі кредит алған болатын. Оларды уақтылы төлеп бітірді. Өтінімін айтарлықтай жылдам ресімдеп, 4 жылға дейінгі мерзіммен кредит алды.
Қайрат төлемдерін уақтылы төлем тұрды, себебі ол тәртіпті қарыз алушы болатын. Екі ай өткен соң оның отбасының материалдық жағдайы жақсара түсті. Қайраттың жұмыста мансабы өсті, әйелі бала күту демалысынан шықты. Ол кредитін мобильдік қосымшаның көмегімен мерзімінен бұрын жаппақшы болды. Алайда, оған мерзімінен бұрын өтегені үшін төлейтін айыппұл ұнамады. Түсіндіріп беруі үшін кредиторға өтініш жасады. Мұны менеджер осындай талаптар көрсетілген қарыз шартының тармағын көрсеткен кезде бір-ақ біліп, өкініп қалды.
Қайрат наразы болғанымен, өзінің шарасыз екенін түсінді. Себебі шарттың барлық тармағын мұқият оқып шықпаған кінә өзінен болатын.
КРЕДИТТІК ШАРТТЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Типтік кредиттік шарттың баптары қандай екенін және онымен танысу кезінде неге ерекше назар аудару керектігін мұқият қарастырып көрейік.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:
Сонымен алғашқы беттерде көрсетілуі керек шарттың негізгі ережелері:
|
|
|
|
|
|
|
ШАРТТЫ МҰҚИЯТ ОҚУ ҚАЖЕТ, ӨЙТКЕНІ ОНДА СІЗГЕ ТИІМСІЗ ТАЛАПТАР БОЛУЫ МҮМКІН.
ШАРТҚА ЖӘНЕ ЖАЛПЫ КРЕДИТТІ РӘСІМДЕУ БОЙЫНША БАРЛЫҚ ҚҰЖАТТАРҒА ҚОЛ ҚОЮ КЕЗІНДЕ ҚҰЖАТПЕН МҰҚИЯТ ТАНЫСЫП ШЫҒУ ҚАЖЕТ.
КРЕДИТТІК ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЮ ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ ОНЫҢ БАРЛЫҚ ТАЛАПТАРЫМЕН ТАНЫСҚАНЫН ЖӘНЕ ОЛАРМЕН ТОЛЫҚ КЕЛІСЕТІНІН БІЛДІРЕДІ.
егер бір нәрсе түсініксіз болса, қызметкерден түсіндіруін сұрау керек немесе шартты оқып, онымен мұқият танысУ үшін өзіңізбен бірге алып кету керек.
БІЛГЕН МАҢЫЗДЫ!
Кредиттік ұйымның сайтындағы жеке кабинетіңіздің құпиясөзін немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны ешкімге бермеңіз, себебі олардың көмегімен сіздің атыңыздан кредит алуға болады, бұл жағдайда кредитті өзіңіз төлеуге мәжбүр боласыз. Кредитті алмағаныңызды дәлелдеу қиынға соғады, ол үшін полицияға не сотқа жүгіну керек.
ТЕКСЕРГЕН МАҢЫЗДЫ!
ШАРТТА КРЕДИТТІК ҰЙЫМНЫҢ ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫС МЕРЗІМІ ІШІНДЕ ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕНІ ӨЗГЕРТЕ АЛАТЫНЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНІҢ БАР-ЖОҒЫН ТЕКСЕРІҢІЗ ЖӘНЕ ЕГЕР ОСЫНДАЙ ЕРЕЖЕ БАР БОЛСА, ОНДА КЛИЕНТКЕ ҚАЛАЙ ХАБАР БЕРІЛЕТІНІНЕ КӨЗ ЖЕТКІЗІҢІЗ. БҰЛ ӨТЕ ҚАУІПТІ ТАЛАП, ӨЙТКЕНІ ОЛ КРЕДИТТІК ҰЙЫМҒА КРЕДИТ ТӨЛЕМІН ҰЛҒАЙТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
КРЕДИТТІ ӨТЕУ РАСТАУШЫ ҚҰЖАТПЕН – КІРІС-КАССАЛЫҚ ОРДЕРмен ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ТӨЛЕМ ТЕРМИНАЛЫНАН АЛЫНҒАН ФИСКАЛДЫ ЧЕКпен РӘСІМДЕЛУГЕ ТИІС. ОЛАРДЫ КРЕДИТТІ ТОЛЫҚ ӨТЕГЕНГЕ ДЕЙІН, ТІПТІ ӨТЕП БОЛҒАННАН КЕЙІН ТАҒЫ БІРАЗ УАҚЫТ САҚТАП ҚОЙҒАН ЖӨН. МҰНДАЙ ҚҰЖАТТАР БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА ТӨЛЕМНІҢ ЖҮРГІЗІЛГЕНІН ДӘЛЕЛДЕУ ӨТЕ ҚИЫН БОЛАДЫ.
МЕРЗІМІН ӨТКІЗІП АЛҒАНЫ ҮШІН ӨСІМАҚЫ НЕМЕСЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕМЕУ ҮШІН ПАЙЫЗДАРДЫ ЖӘНЕ КРЕДИТТІҢ БІР БӨЛІГІН ӨТЕУДІҢ ЕҢ СОҢҒЫ МЕРЗІМІН НАҚТЫ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАЖЕТ.
«Міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілдері» бөлімінде қарыз алушының кредиттік шарт бойынша міндеттемелерін орындауын кепілдендіретін нақты қамтамасыз ету (кепіл немесе кепілдік) көрсетіледі.
"кредитті ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ" ДЕГЕН СӨЗ ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ КРЕДИТОРҒА кредит пЕН ПАЙЫЗДАРДЫ ҚАЙТАРУ МІНДЕТТЕМЕСІ КЕЗ КЕЛГЕН ЖАҒДАЙДА ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ ЖЕКЕ МҮЛКІ НЕМЕСЕ КЕПІЛДІККЕ ҚОЛ ҚОЙҒАН НЕМЕСЕ ӨЗ МҮЛКІН кредит ҰЙЫМЫНА КЕПІЛГЕ БЕРГЕН НЕМЕСЕ САҚТАНДЫРУ АРҚЫЛЫ БЕРГЕН ЖАҚЫН АДАМДАРДЫҢ МҮЛКІ ЕСЕБІНЕН КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕНІН БІЛДІРЕДІ.
ТАҒЫ БІР МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ!
ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН КРЕДИТТЕУ КЕЗІНДЕ, ЕГЕР СІЗ БАСҚА ТҰЛҒАНЫҢ КЕПІЛГЕРІ БОЛСАҢЫЗ, СІЗ ОНЫ ЖАҚСЫ БІЛУГЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНЕ СЕНІМДІ БОЛУҒА ТИІССІЗ.
КЕПІЛДІККЕ ҚОЛ ҚОЙҒАН КЕЗДЕ СІЗ КРЕДИТ ҮШІН ТОЛЫҚ ЖАУАП БЕРЕСІЗ. БҰЛ РЕТТЕ КРЕДИТОР СІЗДЕН БЕРЕШЕКТІ ТОЛЫҚ КӨЛЕМДЕ ӨНДІРІП АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ.
кепілдіктен өз қалауыңыз бойынша бас тарта алмайсыз. ол үшін кредитордың келісімі қажет.
«Тараптардың жауапкершілігі» бөлімі шарт бойынша міндеттемелер мен талаптарды бұзғаны үшін тараптардың әрқайсысына жүктелетін заңды және экономикалық жауапкершілікті білдіреді.
МҰҚИЯТ БОЛЫҢЫЗ!
ЖЕКЕ КУӘЛІКТІҢ НЕМЕСЕ БАСҚА ҚҰЖАТТЫҢ ТҮПНҰСҚАСЫН/КӨШІРМЕСІН ҚЫЗМЕТКЕРДЕ ҚАЛДЫРУҒА НЕМЕСЕ СЕНІМХАТ АРҚЫЛЫ РӘСІМДЕЛГЕН ТҰЛҒА БОЛМАСА, ОНЫ ҮШІНШІ ТҰЛҒАҒА БЕРУГЕ БОЛМАЙДЫ.
ӨЗІҢІЗДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰЖАТТАРЫҢЫЗҒА (ЖЕКЕ КУӘЛІК, КЕПІЛДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚҰҚЫҚ БЕЛГІЛЕУШІ ҚҰЖАТТАРЫ ЖӘНЕ Т.Б.) МҰҚИЯТ БОЛУ ҚАЖЕТ.
Кредиттік шарттың қорытынды ережелері. Бұл бөлімде әдетте шарттың күшіне ену күні, оған қол қою күні көрсетіледі және кредит сомасын, пайыздарды және басқа төлемдерді қарыз алушының толық қайтаруына дейінгі шарттың әрекеті туралы айтылады.
Бұл бөлімде сондай-ақ кредиттік ұйым қандай да бір өзгерістер туралы хабардар ететін, келесі төлемнің күні туралы ескертетін немесе мерзімін өткізіп алу және оны өтеу қажеттілігі туралы еске салатын байланыс тәсілдері көрсетіледі. Сондай-ақ бұл тәсілдер қарыз алушының кредиттік ұйыммен байланысы үшін қолданылады.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:
ЕГЕР ШАРТТА СІЗ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАНЫ КӨРСЕТСЕҢІЗ НЕМЕСЕ СМС НЕМЕСЕ WHATSAPP АРҚЫЛЫ АҚПАРАТ АЛУҒА КЕЛІССЕҢІЗ, ОНДА КРЕДИТТІК ҰЙЫМ СІЗГЕ БАРЛЫҚ ХАБАРЛАМАЛАРДЫ ТЕК СОЛАР АРҚЫЛЫ, ПОШТА АРҚЫЛЫ ҚАҒАЗ ҚҰЖАТСЫЗ ЖІБЕРУГЕ ҚҰҚЫЛЫ. СОНДЫҚТАН БАРЛЫҚ ШЫНАЙЫ НӨМІРЛЕР МЕН МЕКЕНЖАЙЛАРДЫ ДҰРЫС КӨРСЕТКЕН МАҢЫЗДЫ, АЛ ӨЗГЕРГЕН ЖАҒДАЙДА МЕНЕДЖЕРГЕ ЖАҢА МЕКЕНЖАЙЫҢЫЗ ЖӘНЕ НӨМІРІҢІЗ ТУРАЛЫ ДЕРЕУ ЕСКЕРТУ КЕРЕК, ӘЙТПЕСЕ АҚПАРАТ ЕСКІРГЕН ДЕРЕКТЕРГЕ КЕЛЕДІ, БІРАҚ СІЗ АЛҒАН БОЛЫП САНАЛАДЫ.
МАҢЫЗДЫ:
егер сіз микроқаржылық ұйыммен (мқұ) шарт жасасаңыз, 01.01.2020 жылғы мқұ туралы заңға енгізілген мқұ-ға қойылатын кейбір талаптарға назар аударыңыз.
мқұ:
Егер сіз микрокредиттік ұйым алдындағы берешегіңізді ұзақ уақыт өтемеген жағдайда, ол өз құқықтарын коллекторлық агенттікке бере алады. Бұл жағдайда сіздің микрокредиттік ұйыммен қарым-қатынасыңыз тоқтатылады және борышты өтеуге байланысты барлық мәселелерді сізге осы коллекторлық агенттікпен шешу қажет болады. Бұл ретте микрокредиттік ұйым сізге өсімпұлды немесе сыйақыны өтеу мерзімін ұзарту немесе есептен шығару туралы мәселені шешуге көмектесе алмайды. Бұл жағдайда сіз берешектің барлық сомасын коллекторлық агенттікке төлеуге міндетті боласыз.
«Жаңа жылдық фейктер»: мереке қарсаңындағы қарбаласта алаяқтардың қақпанына түспеу жолдары
AQYL дегеніміз не және білім беру депозитін онлайн қалай ашуға болады
Егер сізде бірнеше кредитіңіз болса: оларды мерзімінен бұрын қалай дұрыс өтеуге болады
Онлайн-сақтандыру дегеніміз не және сақтандырушылар балаларға қандай өнімдерді ұсынады?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Криптовалюта дегеніміз не және ол қайда пайдаланылады?