Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы тұрғысынан қаржы ұйымдары жол берген бұзушылықтарды мониторингтеуді және талдауды жүзеге асырып, ықпал ету шараларын және әкімшілік жаза қолданады. Мәселен, 2021 жылғы І тоқсанда екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, коллекторлық агенттіктерге, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға және кредиттік бюроға қатысты жалпы сомасы 6,9 млн теңгеге 31 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы, 10 жазбаша ұйғарым және 28 әкімшілік жаза қолданылған.
2021 жылғы І тоқсанда бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға (бұдан әрі – банктер) қатысты:
- 28 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы;
- 3 жазбаша ұйғарым;
- 10 әкімшілік жаза қолданылды.
Жүргізілген талдау нәтижелері банктердің көп жағдайда:
Қарыздар бойынша негізгі борыш пен сыйақы сомаларын төлеуді тоқтата тұру тәртібінің талаптарын бұзу;
2021 жылғы І тоқсанда банктерге қатысты әкімшілік жазалардың жалпы сомасы 2,7 млн теңгені құрады.
Банктер жол берген, әкімшілік жауапкершілік көзделген негізгі бұзушылықтар мыналар болып табылды:
2021 жылғы I тоқсанда мемлекет қатысатын кредиттік бюроға қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау органына талап етілген ақпарат пен құжаттарды ұсынбағаны үшін
1 жазбаша ұйғарым шығарылды.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары жол берген, анықталған бұзушылықтар туралы
2021 жылғы I тоқсанда Агенттік қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты:
- 3 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шарасы;
- 1 әкімшілік жаза қолданылды.
Қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары мыналар үшін қолданылды:
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты шығарылған әкімшілік жаза сомасы 277,8 мың теңгені құрады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жол берген, әкімшілік жауаптылық көзделген бұзушылық сақтандыру төлемін жүзеге асырмау болып табылды.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жол берген, анықталған бұзушылықтар туралы
Агенттік, МҚҚЖҰ-ның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін, Қазақстан Республикасы заңдарының және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтамағандығын анықтаған кезде шектеулі ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолданады.
Шектеулі ықпал ету шараларының бірі ретінде МҚҚЖҰ-ға орындалуы міндетті жазбаша ұйғарым қолданылады.
2021 жылғы 1-тоқсанда анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша МҚҚЖҰ-ға:
- 3 жазбаша ұйғарым;
- 7 әкімшілік жаза қолданылды.
Жүргізілген талдау нәтижелері МҚҚЖҰ-ның мыналарға байланысты заң бұзушылықтарға жол бергендігін көрсетті:
МҚҚЖҰ-ға қатысты шығарылған әкімшілік жазалардың жалпы сомасы 802,1 мың теңгені құрады.
МҚҚЖҰ жол берген, олар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген негізгі бұзушылықтар мыналар болды:
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау шеңберінде коллекторлық агенттіктер жол берген, анықталған бұзушылықтар туралы
Қаржы реттеушісі Коллекторлық агенттік Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының банк заңнамасын не Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасын бұзған, коллекторлық агенттіктің басшы және өзге де қызметкерлерінің «Қоллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында айқындалған Коллекторлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес борышкермен өзара іс-қимыл жасайтын заңсыз іс-әрекеттері немесе әрекетсіздігі анықталған кезде шектеулі ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолданады.
Мәселен, шектеулі ықпал ету шараларының бірі коллекторлық агенттіктің анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ оларды жасауға ықпал еткен жағдайларды жоюға және (немесе) анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ оларды жасауға ықпал еткен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімде ұсынуға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдауына орындалуы міндетті жазбаша ұйғарым болып табылады.
2021 жылғы I-тоқсанда анықталған бұзушылықтар бойынша коллекторлық агенттіктерге қатысты:
- 3 жазбаша ұйғарым;
- 10 әкімшілік жаза қолданылды.
Жүргізілген талдау нәтижелері коллекторлық агенттіктердің жосықсыз іс-әрекеттерді жүзеге асыруға байланысты бұзушылықтарға:
2021 жылғы І-тоқсанда коллекторлық агенттіктерге қатысты әкімшілік жазалардың жалпы сомасы 3,2 млн теңгені құрады.
Әкімшілік жауапкершілік көзделген коллекторлық агенттіктер жол берген бұзушылықтар мыналар:
- банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде борышкерге және кредитормен міндеттемелерге байланысты/байланысты емес үшінші тұлғаға Қағидаларда регламенттелген толық ақпаратты хабарламау;
- коллекторлық агенттіктің үй-жайларында аудио- немесе бейнетехника құралдарының көмегімен өзара іс-қимыл процесін тіркеуді жүзеге асырмау;
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың қандай да бір банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, МҚҚЖҰ, коллекторлық агенттік және кредиттік бюро ұсынатын қызметтердің тиімділігі мен сапасын толық шолуы және дербес анықтауы үшін Агенттік қабылданған қадағалап ден қою шаралары (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және санкциялар (айыппұлдар) туралы ақпаратты Агенттіктің ресми интернет-ресурсына орналастырады.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылар өз құқықтары бұзылған жағдайда, Агенттікке және аумақтық тиістілігі бойынша Агенттіктің мына өңірлік өкілдер басқармаларына хабарласа алады:
- Агенттікке жазбаша түрде мына мекенжай бойынша: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем 3, 21-үй;
- мына жедел желі телефондары арқылы: +7 (727) 237 1000 (жұмыс режимі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін);
- мына электрондық пошта арқылы: info@finreg.kz, TAL@finreg.kz;
- «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы арқылы (App Store-ден, Play Market-тен жүктеп алуға болады, сондай-ақ web-нұсқасы қолжетімді);
- Агенттіктің өңірлік өкілдер басқармаларында (байланыс деректері Агенттіктің сайтында көрсетілген).
Сондай-ақ:
- қарыз алушы мен банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында банк пен Қарыз алушы - жеке тұлға арасындағы ипотекалық қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді реттейтін банк омбудсманына.
Банк омбудсманының деректемелері: A05H8F4, Алматы қ., Н. Назарбаев даңғ., 175-үй 302-офис., тел.: +7 (727) 261-22-16, +7 (727) 983-30-16, +7 708 983 30 16, е-mail: office@bank-ombudsman.kz, www.bank-ombudsman.kz.
- көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын сақтанушылар (пайда алушылар) мен сақтандырушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарды өтеусіз негізде реттейтін, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлғаға, сақтандыру омбудсманына.
Сақтандыру омбудсманының деректемелері: 050042, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Рысқұлбеков көш. 28/7, 2-қабат (СТКҚ АҚ ғимаратында), e-mail: office@omb.kz, www.insurance-ombudsman.kz, тел/факс +7 (727) 382 41-74, +7(727)265-54-70, +7 708 151 5235.
Fake Boss схемасы: алаяқтардан қалай сақтануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Микроқаржы омбудсманы: ол қандай мәселелерді қарайтын болады
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Менің зейнетақы жоспарым. Зейнетке жинақтауды қашан бастау керек?
Банк омбудсманы: ол не үшін қажет және оған қандай жағдайда жүгінуге болады