ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қызметінің маңызды бағыттарының бірі мүгедектігі бар адамдар үшін қаржылық инклюзияны арттыру болып табылады.
Осы басымдықты іске асыру шеңберінде Қайрат Иманәлиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссиямен бірлесіп, Агенттік жанынан мүгедек адамдар үшін қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелері бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына Парламент Сенатының депутаты, адам құқықтары жөніндегі сарапшылар, МБА атынан өкілдік ететін қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ және қаржы ұйымдары кіреді.
Әлемдік тәжірибені ескере отырып, Жұмыс тобы шеңберінде мүгедектігі бар адамдар (МБА) үшін нақты және ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді, оларды 3 жыл ішінде екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – Банктер) сынақтан өткізді. Осы ұсынымдар негізінде «Мүгедектігі бар адамдарға және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызмет көрсету бойынша қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігіне қойылатын талаптар» ұлттық стандарты әзірленді және қабылданды.
Ұлттық стандарт МБА-ға қызмет көрсету үшін қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қол жетімділігіне қойылатын жалпы талаптарды көздейді, ол қаржы ұйымдары қызметкерлерінің барлық санаттағы клиенттермен өзара іс-қимыл қағидаларына, жабдықтарына және үй-жайларына қойылатын талаптарды көздейді.
Сондай-ақ, банктер бөлімшелердің техникалық инфрақұрылымын жаңғырту, сайттар мен мобильді қосымшаларды бейімдеу, тұлғалардың осы санатымен жұмыс істеу бойынша білікті персоналды даярлау бойынша жеке жоспарлар әзірледі. Бүгінгі таңда елдегі банк бөлімшелерінің жалпы саны 1600-ден асады, оның ішінде 617-ге жуық банк бөлімшелері Ұлттық стандарт талаптарына толық/ішінара бейімделген. Fingramota.kz интернет-порталында бұл бөлімшелердің орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін Интерактивті қол жетімділік картасы орналастырылған. Осындай карта ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің порталында да орналастырылған.
Қаржылық қолжетімділік пен қаржылық инклюзияны арттыру мәселесінде озық тәжірибесі бар халықаралық ұйымдармен және шет елдердің орталық банктерімен бірлесіп, қаржы ұйымдарының персоналын оқыту жүргізілді.
Мемлекет тарапынан азық-түлікке қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында МБА азаматтары үшін жеңілдікті кредит беру бағдарламаларына қолдау көрсетіледі және іске асырылады. «Отбасы Банк» АҚ «Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «Отау», «Наурыз» арнайы ипотекалық бағдарламалары бойынша тұрғын үй сатып алуға мемлекет субсидиялайтын қолжетімді қарыздарды ұсынады. Осы бағдарламалар шеңберінде азаматтардың осал санаттары ипотекалық өнімдерді жеке қол жетімді шарттармен ала алады.
МБА арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттік қолдау шаралары да қабылданды. Осылайша, «әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі» ұғымы енгізілді, оның ішінде МБА ДК және олардың кредиттерін мемлекеттік кепілдікпен 85%-ға дейін және жылдық 7% түпкілікті мөлшерлемемен салалық шектеулерсіз жеңілдетілген субсидиялау.
Қазіргі уақытта МБА санатындағы азаматтар үшін шетелге шығу мақсатында көтерілмеген тарифтермен өмірді және/немесе денсаулықты сақтандыруды қоса алғанда, 57-ден астам сақтандыру өнімдері қолжетімді болып отыр:
-ересек спортшыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру және жеңілдікпен төмендетілген жеке тарифпен бала-спортшыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру,
- көтерілмеген тарифтермен шетелге шығу мақсатында МБА-ның өмірін және/немесе денсаулығын сақтандыру,
- МБА-спортшылар үшін - стандартты сыйлықақының 50%-ы мөлшерінде жеңілдікті сақтандыру сыйлықақысымен шетелге шығатын тұлғаларды Медициналық сақтандыру өнімі,
- стандартты сыйлықақының 50%-ы мөлшерінде жеңілдікті сақтандыру сыйлықақы бойынша 1 және 2-топтың МБА үшін көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру.
Мүгедектігі бар азаматтар үшін қаржылық қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында Агенттік қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділік деңгейін және оларды алу арналарын, сондай-ақ кедергілердің болуын айқындау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп отырады. Бұл орайда, бірқатар, оның ішінде Еңбекминімен бірлесіп МБА қажеттіліктерін анықтау бойынша сауалнамалар жүргізілді. Таяу уақытта Агенттік МБА-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін анықтау үшін www.fingramota.kz ақпараттық порталы арқылы МБА-ға сауалнама жүргізуді қайта бастауды жоспарлап отыр.
Агенттік сондай-ақ, қаржылық қолжетімділікті арттыру үшін қосымша құралдар әзірлеуде. Мысалы, МБА санатының клиенттері мөртабан-факсимиле немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қаржылық құжаттарға қол қоя алады.
МБА клиенттерін идентификаттау және Банктерде қаржылық қызметтер көрсету кезінде төлем қабілеттілігі бойынша өзекті мәліметтер алу мақсатында Агенттік 2023 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және Еңбекминімен бірлесіп, Банктерді «Smart Bridge» интеграциялық платформаға қосу бойынша іс-шаралар өткізді. Бұл банктерге МБА клиенттерін идентификаттау рәсімдерін жетілдіруге және қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Банктер ішкі рәсімдер мен қауіпсіздік жүйелеріне сәйкес «Smart Bridge» платформасына қосылу бойынша іс-шаралар жүргізуде. Бүгінгі таңда банктердің шамамен 70%-ы осы жүйені ықпалдастыруды жүргізді және МБА санатындағы клиенттерді анықтай алады.
Қаржылық инклюзия бойынша жұмыстың әдістемесі мен тәсілдері әлемдік тәжірибені зерделей келе үнемі жетілдіріліп отырады.
Осы тақырып бойынша барлық жаңалықтарды сіздер біздің Fingramota.kz порталында «Қаржылық инклюзия» бөлімінде бақылай аласыздар.
«Жаңа жылдық фейктер»: мереке қарсаңындағы қарбаласта алаяқтардың қақпанына түспеу жолдары
AQYL дегеніміз не және білім беру депозитін онлайн қалай ашуға болады
Егер сізде бірнеше кредитіңіз болса: оларды мерзімінен бұрын қалай дұрыс өтеуге болады
Онлайн-сақтандыру дегеніміз не және сақтандырушылар балаларға қандай өнімдерді ұсынады?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Криптовалюта дегеніміз не және ол қайда пайдаланылады?