Алаяқтар өз құрбандарының тек жүрегін ғана «жаулап» қоймай, оның әмиянына да жол таба біледі. Олар тек азаматтардың сенгіш, аңғалдығын пайдаланатын психолог-арбаушылар ғана емес, өз құрбандарының ақшасына қол жеткізу үшін барлық құралдарды қолданатын тамаша айлакерлер. Мәселен, олар қолданатын айла-шарғының бірі - банк карталарының деректерін біліп алу.
Алаяқтар сіздің деректеріңізді қалай ала алады?
Бірінші тәсіл. Алаяқтар сіздің электрондық поштаңызға банктің атынан мыс төлем картада көрсетілген деректерді, яғни картаның иесі, қолдану мерзімі және қорғаныс кодын көрсетуді талап етіп хат жолдаулары мүмкін. Әдетте, олар картаның деректерін сұратқан кезде сіздің интернет-банкингіңізді бұзуға жол бермеу, қорғанысты күшейту және басқа себептерді келтіріп өз талаптарын негіздеулері мүмкін.
Алаяқтар мұндай хаттарды жолдай отырып, поштаның атауында сізге қызмет көрсететін банктің домендік атын қолданады.
Егер сіздің электрондық поштаңызға төлем картаңыздың деректерін көрсетумен нысанды толтыру немесе өзге де конфиденциалды ақпаратты ұсыну өтінішімен хат келіп түссе, ешбір жағдайда мұндай хатқа жауап бермеңіз.
Екінші тәсіл. Алаяқтар, көп жағдайда, өз құрбандарына телефон соғады. Әдетте, олар өздерін банк қызметшісі ретінде таныстырып, сіздің шотыңызға хакерлік шабуылдар жасалады деп қорқытып, сіздің төлем картаңыздың деректемелерін жария етуді талап етеді.
Абай болыңыз: банктер ешқашан төлем картаның деректерін электрондық пошта бойынша немесе телефон соғу арқылы сұратпайды! Себебі мұндай ақпарат банк құпиясы туралы заңмен қорғалатын мәліметтер санатына жатады.
Егер картаның деректері алаяқтарға берілсе немесе карта жоғалса не істеуге болады?
Төлем картасы жоғалған немесе ұрланған кезде картаны ұстаушыға, ең алдымен, эмитент банктің байланыс телефон нөмірін жазып алу немесе еске сақтау ұсынылады. Бұл нөмір төлем картасының келесі бетінде көрсетілген.
Төлем картасы жоғалған, ұрланған, ақшаның банк шотынан қате алынғаны немесе есептелгені, төлемнің рұқсатсыз жасалғаны байқалған кезде жоғарыда көрсетілген нөмір бойынша дереу қоңырау шалу керек және төлем картасын бұғаттау қажет. Бұл ретте осы операцияны жасау үшін төлем картасын шығаруға өтініш берген кезде көрсетілген код сөзін есте сақтау қажет екендігін атап өткен жөн.
Қаржы алаяқтарына алданып қалған және телефон немесе электрондық пошта бойынша өзінің деректерін берген адамдар өзінің банкіне жедел тәртіпте картаны бұғаттауға және қайта шығаруға өтініш беруі тиіс.
Әр банктің ерекшелігін білу маңызды. Банктердің бірінде қаражат ұрланғаннан кейін мобильді қосымшаның көмегімен картаны бірден бұғаттауға болса, басқа банкте колл-орталығына қоңырау шалып, картаны бұғаттауға өтініш беру керек.
Картаңыздан қаражат ұрланған жағдайда дереу құқық қорғау органдарын хабардар ету қажет.
Сіз алаяқтардың арбауына қалайша түсіп қалдыңыз?
Қазақстанда онлайн-төлемдер нарығы тез қарқынмен дамуда. Интернеттегі алаяқтықтың неғұрлым жиі кездесетін себебі пайдаланушылардың мұқиятсыздығы не киберқауіпсіздік қағидалары саласындағы білімінің жеткіліксіздігі болып табылады.
Төлем картасынан немесе электрондық әмияннан кейіннен ақша ұрлау үшін жеке деректерді ұрлап алу, төлем картасын ұрлау/жоғалту, жалған төлем карталарын жасау, сондай-ақ төлем карталарының магниттік жолақтарынан/чипінен ақпарат алу үшін пайдаланылатын скиммингтік құрылғылар арқылы алаяқтық және т.б. сияқты факторлар бар.
Қазақстандық эмитенттердің карталарын пайдалана отырып жасалған алаяқтық транзакциялардың басым көпшілігі шетелде жасалатынын атап өту қажет.
Қаржы алаяқтарынан қорғану үшін қандай ұсынымдар бар?
Парольдерді ұрлау және құпия ақпаратты жинау үшін алаяқтар спамды – хабарламалар немесе жалған сайттарды пайдаланады, сондықтан ең бастысы негізгі қауіпсіздік талаптарын естен шығармау қажет: төлем картасының деректерін күмәнді сайттарда жарияламау немесе көрсетпеу, виртуалды карта арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлемеу, Интернетті пайдаланған кезде қырағылық таныту.
Атап айтқанда, ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға төлем картасының CVV-кодын (төлем карточканың артқы жағындағы үш таңбалы нөмір) және кез келген төлем қызметтерінен алынған парольдерді немесе верификация кодтарын хабарламаңыз.
Өзіңіздің банктік шотыңыздың немесе электрондық әмияныңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төлемдерді тексерілмеген интернет-дүкендерде және әлеуметтік желілердегі топтарда жасамауды, ешбір жағдайда конфиденциалды деректерді үшінші тұлғаларға телефон немесе пошта арқылы хабарламауды және өз банктік шотыңызда/электрондық әмияныңызда жүргізілетін операциялар туралы e-mail- және sms-хабарламаларды міндетті түрде қосуды ұсынамыз.
Банктер өздерінің төлем жүйесін қорғау үшін не істейді?
Қазақстандық банктер төлем карталарын пайдалана отырып, алаяқтық тәуекелін төмендету үшін тұрақты және жүйелі негізде әртүрлі іс-шаралар өткізеді. Олардың арасында
1) қате енгізілген PIN-кодтың шектеулі санынан кейін картаны бұғаттау;
2) банктік шот бойынша шығыс операцияларының лимитін белгілеу;
3) карта ұстаушыларды банктік шот бойынша қаражаттың қозғалысы туралы SMS-хабарландыру қызметіне қосу;
4) клиенттерге сайттарда ақпарат орналастыру, буклеттер тарату және т.б. арқылы алаяқтықтың түрлері мен тәсілдері туралы ақпарат беру;
5) банкоматтарға бейнебақылау жүйелерін және басқаларын орнату.
Эмитент-банктер де картамен жасалатын операциялардың мониторингін жүргізеді және күдікті транзакциялар анықталған жағдайда, тиісті шаралар қабылданады.
Бұл мақаланы жақын туыстарыңызбен, әсіресе қарт адамдармен бөлісіңіз, өйткені қарт кісілер алаяқтардың қармағына жиі түседі.
Fingramota.kz-пен бірге қаржылық жағынан сауатты болыңыз!
Балалардың цифрлық қауіпсіздігі: киберқылмыскерлерден оларды қалай қорғауға болады
Несие тарихына не әсер етеді және оны қалай жақсартуға болады
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?