Цифрлық әлемде ұдайы орындап отыруды талап ететін өзіндік гигиена қағидалары бар. Тек оларды бұлжытпай орындаған жағдайда ғана олар сіздің киберкеңістігіңізді қорғауға көмектеседі, ал егер сіз оларға немқұрайлықпен қарасаңыз, қаржылық алаяқтардың тұзағына түсіңіз әбден ықтимал.
Желіде киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесетін дұрыс әдеттерді қалыптастырыңыз
№1 қағида. Ешқашан және ешкімге, әсіресе, бейтаныс адамдарға, өзіңіздің жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесін жібермеңіз, картаның толық деректемелерін, әсіресе, артқы жағындағы үш таңбалы кодты, SMS-пен келетін кодты және өзге де жеке ақпаратты айтпаңыз. Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз, белгісіз дереккөздерден лицензияланбаған қосымшаларды жүктемеңіз.
Конфиденциалды деректерді жоғалту көп жағдайда оларды үшінші тұлғалардың заңсыз пайдалануына әкеледі. Алаяқтар сіз және сіздің қаржы шоттарыңыз туралы мәліметтерді алу үшін алдаудың түрлі тәсілдерін, оның ішінде фишингтің көмегімен алдау тәсілдерін ойлап табады.
Конкурстардың, түрлі ойындардың, ақша ұтатын сауалнамалардың әуесқойлары олардың құрығына жиі түседі. Фишинг беттерде олар өзі, кейбір жағдайларда өзінің төлем картасы туралы деректерді оп-оңай жария етеді. Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде кейбір пайдаланушылар өз нөмірлерін жариялайды немесе өзінің ЖСН көрсетеді, әлеуметтік желілерге суреттерін қойып қояды, тұрған жерін көрсетеді, гаджеттерден ақпаратты оқитын пираттық қосымшаларды жүктеп алады, ойланбастан, почтамен өзінің таныстарына электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) жібереді және тағы да сол сияқты әрекеттер жасайды. Осылайша, адамдар алаяқтардың арбауына түсіп, өзі және өзінің банктік шоттары жөнінде нақты ақпаратты бергенін білмей де қалады.
№2 қағида. Өзініңіздің цифрлық кеңістігіңізде кезеңмен «толық тазалау» жүргізіп отыруды әдетке айналдырыңыз, антивирусты пайдаланыңыз
Толассыз ақпарат легінде алаяқтардан келген хатты, сондай-ақ сіздің почта жәшігіңізді немесе әлеуметтік желідегі аккаунтыңызды бұзу туралы хабарды байқамай қалуыңыз да мүмкін, сол себепті өзіңіздің гаджетіңізді жиі тазалап, ретке келтіріп отыруды ұсынамыз. Атап айтқанда, почтаны қарап, спам және күмәнді хаттарды жою, оларды жіберушілерді бұғаттай отырып, әлеуметтік желілердегі керек емес пошталық жіберілімдер мен қызықты жазылымдардан шығу қажет, уақыт өткен сайын қажетсіз деректерді жоюға арналған кэшті тазалап отыру қажет.
Егер сіз кейбір пошта жәшіктері мен интернет-сервистерді ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, оларды жойған дұрыс. Біріншіден, онда сіздің жеке деректеріңіз, мүмкін банк карталарының нөмірлері болуы мүмкін, олар бұзылған жағдайда, қаскүнемдер сіздің шоттарыңызға қол жеткізе алады. Екіншіден, егер сіз барлық сервистерге бірдей құпия сөзді қолданған болсаңыз, онда кибералаяқтар қолданыстағы есептік аккаунттарға кіре алады.
Сіздің гаджетіңізге алаяқтық шабуылдар жасалған жағдайда оларды сенімді бұғаттайтын антивирустық бағдарламаны жаңартуды ұмытпаңыз. Сондай-ақ, банктік шоттарға кіру үшін жалпыға ортақ wi-fi кіру нүктелерін пайдаланбау қажет. Кіру үшін онда қауіпсіздік сертификаттары пайдаланылуы мүмкін, оларды байқамай, қаскүнемдердің мобильді банкингке және басқа да маңызды сервистерге қол жеткізуіне мүмкіндік бересіз.
№3 қағида. Күрделі және әртүрлі парольдерді қолданыңыз
Цифрлық гигиена сіздің аккаунттарыңызға және әлеуметтік желілердегі жеке кабинеттеріңізге, поштадағы және әртүрлі, оның ішінде қаржылық қосымшалардағы қолданыстағы парольдердің қауіпсіздігіне әкеледі.
Парольдің күрделілігі – оны табуға немесе қандай да бір әдіспен, мысалы, барлық болжамды нұсқаларын қойып шығу арқылы біліп алуға жұмсалатын уақытты бағалау өлшемі.
Егер Сіздің пароліңіз атыңыздан, тегіңізден, туған күніңіз немесе басқа күндерден тұрса, мысалы, November2021, онда оның сенімділігі өте төмен. Осал парольдерде, әдетте, мағыналы комбинациялар қолданылады, оларда да белгілі бір заңдылық байқалады. Мұндай парольдердің мысалдары: QweAsd123, Qaz1Wsx2@ немесе Qwerty12345 (пернетақтада бұл әріптер қатар орналасқан).
Бұзуға төтеп бере алатын пароль, әдетте, тікелей мағыналық жүктемесі жоқ, әр түрлі регистрлерден, сандардан және арнайы таңбалардан тұратын 10 немесе одан да көп таңбалардың комбинациясы болып саналады, мысалы-Rgylj@U64i. Сондай-ақ, Сіз пайдаланатын қызмет үшін күрделі кіру кодын жасай алатын арнайы бағдарламалар бар. Бірақ мұндай құпия сөздерді есте сақтау қиын.
Парольді құрастыру кезінде Сізде қандай да бір ассоциациялар тудыратын көріністерді, мысалы, сүйікті өлеңіңіздің бір жолын алып, олардың орналасу ретін өзгертіп, оның алғашқы әріптерін қолдануға болады. Парольді Сіз үшін маңызды цифрлармен және символдармен күшейтіңіз. Ең бастысы – парольді қағазға жазбаңыз. Жаңа комбинациялар жасай отырып, порольді жиі ауыстырып отырыңыз. Оларды ешқашан ешкімге бермеңіз!
№4 қағида. Авторизациялаудан өтпеген дүкендердің қосымшаларын телефоныңызға жүктемеңіз және құпиялылық талаптарын мұқият бақылап отырыңыз
Өз гаджеттеріңізге тек қана ресми дүкендердің қосымшаларын жүктеңіз, пираттық софтты жүктемеңіз. Қосымшаларды жүктемес бұрын пайдаланушылардың пікірлерімен мұқият танысып шығыңыз және қосымшаны әзірлеушілер оны жүйелі түрде жаңартып отыратынына көз жеткізіңіз (ресми дүкендерде соңғы жаңартылымдардың күні міндетті түрде көрсетілуі тиіс). Уақыт ара орнатылған қосымшалардың тізімін тексеріп тұрыңыз, ұзақ уақыт бойы жаңартылмаған ескі қосымшаларды жойып тастаңыз. Егер картаңызды ақылы қосымшаларға бекіткіңіз келсе, бұл үшін виртуалды картаны пайдаланыңыз.
Қосымшаларды жүктеген жағдайда бағдарламаға сіздің деректеріңізді, жүріп-тұрған жеріңізді аңдып, байланыс нөмірлерінің тізімі мен камераңызға кіруге рұқсат беру қажет пе, жоқ па сол туралы ойланыңыз. Мұны тек қажет жағдайда ғана, мысалы такси қызметіне сіздің нақты орналасқан жеріңізді анықтау қажет болған жағдайда жасауға болады.
Цифрлық қауіпсіздік жөніндегі кейбір сарапшылар пайдаланушылардың дербестігін арттыру мақсатында ноутбуктердің камераларын желімдеп тастауды ұсынады.
Егер сіз қосымшаның талаптарынан күмәндансаңыз, одан бас тартып, басқа әлдеқайда сенімді қосымшаны таңдауға құқылысыз. Пайдаланушының келісімін жаңарту кезінде онымен мұқият танысып, барлық талаптарды жақсылап оқып шыққан абзал .
№5 қағида. Файлдардың сақтық көшірмесін жасауды ұмытпаңыз
Cыртқы USB-тасымалдағышқа маңызды файлдардың сақтық көшірмесін үнемі жасап отырыңыз. Бұл опция теңшеулер конфигурациясын, барлық қосымшалар мен жеке ақпаратты сақтау үшін жасалған. Мұндай функция жоғалған құрылғыдан деректерді қалпына келтіруге және гаджет жоғалған немесе бұзылған жағдайда оны жаңасына көшіруге көмектеседі.
Егер сіз нөмірі банктік картаңызға тікелей байланған телефонды жоғалтқан болсаңыз немесе одан да жаманы, ол ұрланған болса, дереу қызмет көрсететін банкке хабарласыңыз. Картаңызды бұғаттауды сұраңыз, кейін оны қайта шығаруға тура келеді.
Сіздің шотыңыз бойынша операциялар соңғы рет қашан жасалғанын банктен нақтылаңыз. Егер алаяқтар картадан қаражат алып үлгерсе немесе сіздің атыңызға «бөтен» біреу кредит ресімдеген болса, онда банкке өтініш жазып, ішкі тергеу жүргізуді сұраңыз. Сіз өз тарапыңыздан барлық сақтық шараларын сақтағаныңызды қайталап айтыңыз. Осы өтінішке құқық қорғау органдарына телефонның ұрланғаны жөніндегі өтініштің көшірмесін қоса беріңіз.
Қаржылық және цифрлық сауаттылығыңызды Fingramota.kz!-пен бірге арттырыңыз!
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт