Парольдерді ұрлау және құпия ақпаратты жинау үшін алаяқтар спам - жіберілімдерді немесе жалған сайттарды пайдаланады, сондықтан ең бастысы қауіпсіздіктің негізгі талаптарын сақтау: күмәнді сайттарда төлем карточкасының деректемелерін жария етпеңіз және жарияламаңыз, тауарлар мен қызметтерді виртуалды картамен төлеңіз, интернетті пайдаланған кезде қырағы болыңыз. Өзіңіздің банк шотыңыздың немесе электрондық әмиянның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тексерілмеген интернет-дүкендерде және әлеуметтік желілердегі топтарда төлем жасаудың қажеті жоқ.
Ешбір жағдайда бейтаныс адамдарға төлем карточкасының артқы жағындағы үш таңбалы кодты, оның үстіне кез келген төлем сервистерінің парольдерін немесе верификация кодтарын хабарламаңыз!
Сізге банктің атынан қоңырау шалған кезде, байланыс орталығының ресми нөмірлері бойынша қаржы институтына қайта қоңырау шалыңыз.
Есіңізде болсын: банктер клиенттердің төлем карталарының деректерін ешқашан электрондық пошта арқылы немесе қоңыраулар арқылы сұрамайды, өйткені бұл ақпарат банктік құпия туралы заңмен қорғалатын мәліметтер санатына жатады.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде call-орталықтың қысқа нөмірі іске қосылды
Егер коллекторлар сізді мазалай берсе, не істеу керек және қайда бару керек?
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жаңа жыл қарсаңында бөліп төлеуді ресімдеу: артықшылықтары мен кемшіліктері
Fingramota.kz балаларға арналған каржы детективінің екінші шығарылымын ұсынады
Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң туралы