Көп жағдайда мереке қарсаңындағы қарбаласта, көп сыйлық алу қажет болған кезде уақыт пен ақшаны үнемдейтін жақсы шешім Интернет арқылы сатып алу болады. Тауардың атауын терсеңіз болды, ондаған сайттардан мыңдаған ұсыныстардың легі түседі. Киім-кешек, электроника, ойыншықтар, иіс сулар, опа-далап, тоқыма, тәттілер, элиталы сусындар...
Одан хабары бар адамдар, әлбетте, мұқият болуға және алған затыңыз үшін ақы төлемес бұрын, оның сапасын, сіздің сұратуыңызға оның сәйкестігін тексеріп алуға кеңес береді. Ұлттық Банк, өз кезегінде, Интернет арқылы төлемдер жасаған кезде мұқият болып, өзіңіздің дербес және банктік деректеріңіздің конфиденциалдылығын барынша сақтауға назар аударады. Өзінің беделін бағалайтын Интернет-дүкендер, сөзсіз, сатып алынған заттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысады, алайда сатып алушылар да өз тараптарынан жеке және банктік деректерін қорғау бойынша шаралар қабылдаулары тиіс.
Алаяқтардың айла-шарғылары барлығына мәлім, олар банк карталары мен шот иелерінің қамсыздығы, сенгіштігі, ұмытшақтығы, алаңғасарлығын пайдаланып, олардың алдын үнемі бір қадам орап отырады. Алаяқтар әмиянды ұрлап, телефонмен сөйлесулерді тыңдап немесе лақтырып тасталған түбіртекті тауып алып, қажетті ақпаратты оп-оңай қолға түсіре алады (мысалы, төлем карточкаларының нөмірлері, телефон нөмірлері, шот нөмірлері және мекенжайлар). Және де алаяқтар телефон, планшеттерге қол жеткізсе болды (қысқа уақытқа болсын), оларды бұзып, дербес компьютерге кіру олар үшін түкке тұрмайды.
Мобильдік құрылғылар мен компьютерлерге, сонымен қатар зиянды бағдарламалық қамтамасыз етулер залал келтірулері мүмкін, бұл да онда сақталатын банктік ақпаратқа - төлем карталарының, шоттардың нөмірлеріне, интернет-банкингтің парольдеріне қолжетімділік береді. Ал мұндай ақпаратты қолға түсірген алаяқ өзін картаның иесі ретінде көрсетіп, тауарлар мен қызметтер сатып алу үшін жаңа шоттар ашады немесе кредиттер алуға өтінімдер беруі мүмкін.
Агенттік мамандарының беретін бірнеше ақыл-кеңестері мұндай жағдайларға ұшырамауға көмегін тигізеді. Интернет – алаяқтардың құрбаны болмас үшін бірнеше қарапайым қағидаларды ұстаныңыз:
Егер:
Егер, құжаттарыңыз ұрланған жағдайда, жоғалған құжаттардың күшін жою және тиісті анықтамалар алу үшін дереу ХҚО-ға өтініш жасаңыз.
Балалардың цифрлық қауіпсіздігі: киберқылмыскерлерден оларды қалай қорғауға болады
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!