Инвестициялық пай қоры, қысқаша ИПҚ – жеке және заңды тұлғалар – инвесторлардың ақшасын қордың пайларын сатып алу арқылы жинақтауға және оны болашақ түрлі қаржы құралдарына инвестициялауға арналған қор.
ИПҚ-ны басқарушы компания – тиісті лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы құрады.
Инвестициялық қорын пайын сатып алу инвестордың ИПҚ-ны сенімгерлік басқару шартына қосылғанын білдіреді және оның иесінің қор мүлкіндегі үлесіне құқығын растайды.
Басқарушы компаниялардың қызметін уәкілетті мемлекеттік орган бақылап, лицензиялайды, ал ақшаны инвестициялау қатаң түрде инвестициялық декларацияға (бағалы қағаздар, қымбат металдар, банктердегі депозиттер және басқа да қаржы құралдары) сәйкес жүргізіледі.
Нарықтағы конъюнктура қолайлы болған және инвестициялық стратегия тиімді болған жағдайда ИПҚ активтерінің бағасы өсуі мүмкін. Онымен бірге пайдың бағасы да, тиісінше, инвесторлардың кірісі де өседі. Өз кезегінде капитал нарықтарында баға құлдыраған жағдайда, ИПҚ активтерінің бағасы, керісінше, түседі. Алайда, әдетте, пайдың түпкілікті кірістілігі тікелей таңдалған инвестициялық стратегияға және хеджирлеу саясатына байланысты.
Сонымен бірге басқарушы компаниялар ИПҚ-ның инвестициялық қызметтен болашақтағы кірістілігіне кепілдік бере алмайды, сондай-ақ жарнамада және бұқаралық ақпарат құралдарында ондай мәліметтерді көрсете алмайды. Инвестор ИПҚ-ның өткен жылдардағы кірістілігі оның болашақтағы кірістілігін айқындай алмайтынын, сондай-ақ мемлекет кепілдік бермейтінін білуі керек.
ИПҚ-ға инвестициялау қаржы саласында сарапшы болып табылмайтын және ақшасын белсенді түрде басқаруға уақыты мен білімі жоқ адамдарға сәйкес келеді, себебі басқарушы компанияның инвестициялау құралдарын таңдау жөніндегі құзыретін пайдалануға мүмкіндік беріп, инвестициялық портфельді әртараптандырудың арқасында тәуекелдерді азайтады.
Бұл ретте инвестициялық қорлардың тәуекелді инвестициялау пайларын білікті инвесторлар ретінде танылған, яғни инвестициялау саласында белгілі бір тәжірибесі мен кәсіби білімі бар адамдар ғана сатып ала алады.
Көптеген жағдайларда ИПҚ-ға инвестициялардың ең төмен сомасы әлеуетті инвестор үшін айтарлықтай қолжетімді. Алайда, бірқатар ИПҚ-да ең төмен инвестицияларға шекті талаптар (мысалы, 50 мың, 100 мың теңге) белгіленуі мүмкін.
ИПҚ-ға инвестициялар банктердегі депозиттер сияқты ұлттық валютада немесе пайдың қоры номинирленген өзге валютада болуы мүмкін.
ИПҚ-ға инвестициялаудың мынадай бірқатар негізгі артықшылықтарын атап өтуге болады:
- ақша инвестициялау үшін қолжетімді шекті мөлшер;
- инвестордың ақшасы және ИПҚ-ның активтерін кәсіби тұрғыдан басқару;
- ИПҚ активтері өтімділігінің жоғары болуы;
- ИПҚ активтерін әртараптандыру;
- пайларды үстеме сатып алу арқылы, ақшаны инвестициялау мүмкіндігі;
- мемлекет тарапынан бақылау және инвесторлардың құқықтарын қорғау.
Жоғарыда аталғандардың барлығы ИПҚ-ны тартымды инвестициялық құрал етеді.
Егер тағы да сұрақтарыңыз болса, оларды біздің «Fingramota Online» мобильді қосымшамыз арқылы қоюға болады, ал оны App Store-дан: https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211 сілтемесі арқылы
Play Market-те: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank.appeals сілтемесі арқылы жүктеп алуға болады.
Сонымен бірге мобильді қосымшаның веб-нұсқасы да қолжетімді.
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт