Қазақстан заңнамасында қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер жөнінде толық және дәйекті ақпарат ұсыну бойынша қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын нормалар бекітілгеніне қарамастан, іс жүзінде қарапайым азаматтар (тұтынушылар) қаржы ұйымдары тарапынан нарықта өздерінің басымдығын пайдаланып, шарттарға қосымша талаптарды тұтынушының еркінен тыс қабылдауға мәжбүрлейтін жағдайлар жиі кездесіп жатады.
Қаржы ұйымының қандай қосымша қызметтерді ұсына алатыны және одан қалай бас тартуға болатыны жөнінде Fingramota.kz-пен қарастырып көрелік.
Сіз тұтынушылық кредит рәсімдеуге бел будыңыз, өзіңіздің қаржылық мүмкіндіктеріңізді есептеп, қалаған банкті таңдадыңыз және менеджермен сөйлесіп жатырсыз. Алайда, кредиттен басқа, сақтандыру полисін, банк картасын немесе депозитті ресімдеу қажет екендігі белгілі болды. Банкпен мәміле жасасу үшін сіз олардың барлық талаптарымен келісесіз. Алайда сізге сақтандырудың немесе тағы бір карта не депозиттің соншалықты қажеттілігі бар ма?
Бүгінгі таңда банктер әдеттегідей сақтандыру өнімдерін сатудың басты арналарының бірі болып қалуда. Кей жағдайларда олар қарыз алушыларға тұтынушылық кредиттеу кезінде сақтандыру өнімдерін ұсынып жатады. Сақтандыру агенттерінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын банктердің мүддесі, бірінші кезекте, өзінің жоғары комиссиялық сыйақысымен тартымды болып отыр, оның үлесіне банктің жалпы комиссиялық кірісінің шамамен 20% - ы тиесілі. Қаржы нарығының талдауы көрсеткендей, жекелеген банктерде комиссиялық сыйақы мөлшері сақтандыру қызметтері бойынша орташа көрсеткіштерден асып түседі. Бұл түсінікті де, өйткені сақтандыру компаниялары банктермен келісімшарттар жасасады және клиенттерді өзіне тарту үшін оларға пайыздар төлейді. Сондықтан банктер қарыз алушының кредит менеджері ұсынатын ұйымда сақтандырылуға келісім беруіне мүдделі. Банк менеджерінің клиенттерге сақтандыруды басқа ұйымнан сатып ала алатындығын немесе оны мүлдем сатып алмауға болатынын хабарламау жағдайлары кездеседі.
Екінші кезекте – клиенттердің сенімі есебінен сақтандыру сатылымының жеңілдігі, өйткені адамдар банкке өздері келеді және оларды тартуға қосымша күш-жігер жұмсаудың қажеті жоқ.
Маркетинг жөніндегі кітаптарының авторы Лен Клементс тұтынушылар қандай да бір шешім қабылдағаннан кейін, артынша қосымша шешім қабылдау жеңіл болатынын атап өтті. Кредиттерге қатысты мұндай қосымша шешім – сақтандыру полисі.
Сондай-ақ банктердің сақтандыру өнімдерін ерікті-мәжбүрлі тәртіппен сату мүмкіндігі бар. Яғни, қосымша қызметті сатып алудан бас тартқан жағдайда, себебін түсіндірместен Сізге қарыз беруден бас тартылуы мүмкін. Заң бойынша, банк Сізге кредит беруден бас тартудың себебін түсіндіруге міндетті, ал қосымша қызметті немесе өнімді сатып алусыз бас тарту – бұл менеджерлердің айла-амалдары.
Қаржы нарығын талдау, сондай-ақ кредит беру кезінде банктер сақтандыру сыйлықақысының, комиссиялардың және қосымша қызметтердің сомаларын кредиттің «ішіне» қосатынын және оған пайыздар есептейтінін, кредитті мерзімінен бұрын өтеген кезде сақтандыру сыйлықақысын қайтаруға мүмкіндік бермейтінін және қарыз алушыны кредиттің толық құны туралы жаңылыстыратынын көрсетті.
Осылайша, тұтынушы бірден бірнеше тармақ бойынша, яғни:
- кредиттік өнімнің нақты құны;
- сіздің мүдделеріңізге жауап бермейтін, қосымша қызметтер/өнімдерді ұсыну;
- қосымша қызметтері бар кредиттік өнімдер бойынша толық емес не түсініксіз ақпарат беру немесе ұсынылатын кредиттік және сақтандыру қызметтері/өнімдерінің барлық шарттарымен танысу мүмкіндігінің жеткіліксіздігі;
- қосымша қызметтерді/өнімдерді сізге өз бетінше төлеу мүмкіндігін, осындай кредитті алғыңыз келгенде ұсынбау;
- кредит алған кезде қосымша қызметтер/өнімдерді сатып алу міндетін сізге түсіндірмеу (банктің кредиттеу туралы оң шешім қабылдауына әсер етпейді);
- жалпы сіз кредит алғанға дейін сапасыз қызмет көрсету бойынша дұрыс ақпарат алмайды.
Мысалы, кредит ресімдеу барысында сақтандыруды ұсынған кезде, сіз өз қалауыңыз бойынша одан бас тарта аласыз немесе сақтандыру компаниясын өзіңіз таба аласыз. Қосымша банк картасы үшін, егер оны пайдаланбасаңыз немесе өте сирек пайдалансаңыз да, жылдық қызмет үшін ақы төлейсіз және кез-келген транзакция үшін (қолма-қол ақша алу, аударым, дүкенде ақы төлеу және т. б.) осы картадан комиссия алынады.
Сондықтан қарыз мөлшеріне — ол сіз сұраған сомаға сәйкес келетін-келмейтіндігіне назар аударуды ұмытпаңыз. Банк менеджерінен сізге мақұлдаған қарыз сомасы, төлемдердің мерзімі мен мөлшері, кредит алу немесе мерзімінен бұрын өтеу кезінде комиссиялар бар ма, барлық пайыздар мен төлемдермен кредиттің толық құны қандай болады, артық төлем қанша болады және басқа да маңызды мәселелер туралы тағы бір рет анықтап алыңыз.
Ашықтықты арттыру мақсатында 2020 жылдан бастап жадынаманың жаңа нысаны жұмыс істейді, онымен банк менеджерлері клиентті банктік қарыз шартын жасасқанға дейін таныстыруы тиіс. Банктік қарыз шартына жадынамадан басқа, сондай-ақ титулдық парағы қоса беріледі, оның форматы барлық банктер үшін бірдей.
Ал енді микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) қарыз беру кезінде қандай қызметтер ұсына алатынын және артық шығындарды қалай болдырмауға болатынын анықтаймыз.
Сізге шұғыл түрде ақша керек болады да сіз қысқа мерзім ішінде қарыз ресімдеп беретін микроқаржы ұйымына жүгінесіз. Бірақ несие бойынша алғашқы төлемді төлеу уақыты келгенде, қарыз сіз күткеннен әлдеқайда көп болып шықты. Мәселе мынада, сіз асығыстықпен қарыздан басқа, қосымша қызметке де ие болдыңыз. Талдау көрсеткендей, қарыз алушыға консультациялық қызмет көрсетуге қосымша шарт ұсынылды. Бұл қалай болады? МҚҰ мен қарыз алушы арасында микрокредит беру туралы шарт жасалады, бұл ретте жасалған микрокредит беру туралы шартпен бір мезгілде МҚҰ қарыз алушыларын қосымша қызметтерді сатып алуға мәжбүрлей отырып, клиенттерге микрокредит беруге байланысты консультациялық қызметтерді көрсету туралы шарт/оферта жасалады. Бұл ретте орындалатын іс-әрекеттердің сипаты, салдары туралы ақпарат берілмейді, сондай-ақ бұндай шартты жасау кезіндегі іс-әрекеттер Микроқаржылық қызмет туралы заңның талаптарына сәйкес МҚҰ хабарлап отыруға міндетті микрокредитті алуға байланысты төлемдер туралы шынайы ақпаратты алу кезінде қызметтердің сипатына, құнына қатысты клиенттерді жаңылыстырады.
Өкінішке орай, көбінесе қарыз алушылар шарттардың талаптарын мұқият оқымай, ықтимал тәуекелдерді бағаламай, ол бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда оның салдарының маңыздылығын түсінбестен шартқа қол қояды. Мұны МҚҰ менеджерлері пайдаланады және қарыз алушыларға бекітілген тарифтерді, консультациялық қызметтер көрсетуге жасалатын шарттар бойынша қызметтер құнының есептеулерін танысу үшін ұсынбайды, бұл ретте шарттарда МҚҰ-ға төлеуге жататын сыйақы мөлшері іс жүзінде алынатыннан өзгеше, ал жекелеген жағдайларда микрокредит бойынша сыйақы сомасынан асып түседі.
Сондықтан МҚҰ-ның микрокредит беру шартына қол қоятын кезде шартты мұқият оқу қажет!
Микрокредит беру туралы шартта неге назар аудару қажет?
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (микроқаржы ұйымдары, ломбардтар, кредиттік серіктестіктер, сондай-ақ онлайн-кредит беру компаниялары) үшін шарттың міндетті талаптары белгіленген. Оның ішінде: титул парағы, шарттың жалпы талаптары, қарыз алушының құқықтары, ұйымның құқықтары, ұйымның міндеттері, ұйымның шектеулері, міндеттемелерді бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі, шарттың ережелеріне өзгерістер енгізу тәртібі.
Микрокредит беру туралы шарттың аса маңызды талаптарын көрсету үшін титулдық парақ көзделген, ол шарттың бірінші парағы болып табылады және микрокредиттің талаптарын, сомасын және мерзімін, сыйақы мөлшерлемесін, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін, артық төлеу сомасын, өтеу әдісі мен тәсілін, сондай-ақ шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшерін қамтиды.
Микрокредит бойынша артық төлем сомасы – бұл микрокредит нысанын қоспағанда, қарыз алушының сыйақы, айыпақы (айыппұл, өсімпұл) сомасын қоса алғанда, шарт бойынша барлық төлемдерінің сомасы. Бұл түсінік оған өзінің қандай сома төлейтінін, кейін микрокредитті өтеуге қатысты міндеттемелерді барынша жауапты түрде қабылдауға ненің ықпал ететінін бастапқыда білу қажет болатын қарыз алушы-жеке тұлғаның құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында енгізілген.
Қарыз алушының таңдауы үшін оған ресімделетін микрокредитті өтеудің төмендегі тәсілдері міндетті тәртіпте ұсынылуы керек:
- сараланған төлемдер әдісі, бұл ретте микрокредит бойынша берешекті өтеу негізгі борыш бойынша төлемдердің теңдей сомасын және есепті кезең үшін негізгі борыштың қалдығына есептелген сыйақыны қамтитын азайтылып отыратын төлемдермен жүзеге асырылады;
- аннуитетті төлемдер әдісі, бұл ретте микрокредит бойынша берешекті өтеу микрокредиттің тұтастай мерзімі ішінде негізгі борыш бойынша ұлғайтылатын төлемдерді және кезең үшін негізгі борыш қалдығына есептелген сыйақы бойынша азайтылатын төлемдерді қамтитын теңдей төлемдермен жүзеге асырылады. Бірінші және соңғы төлемдердің мөлшерлері басқалардан ерекшеленуі мүмкін.
Микрокредиттерді өтеу кестелерінің микрокредиттер беру ережелеріне сәйкес есептелген басқа да қосымша жобалары ұсынылуы мүмкін.
Fingramota.kz-пен бірге өзіңіздің қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз және әлеуметтік желілерде бізге жазылыңыз!
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма