«КАМЕДА» зерттеу және консалтинг орталығы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен 2022 жылғы 18 – 20 қазан аралығында министрлер мен әкімдердің мүгедектігі бар адамдар мәселелері бойынша кеңесшілеріне оқыту іс-шарасын өткізді.
Кеңесшілер институты – бұл еліміздің барлық өңірінің әкімдіктері мен Қазақстан министрліктерінің әкімдері кеңесшілерінің қауымдастығы. Ол 2013 жылдан бері жұмыс істейді.
8 өңірден келген кеңесшілер үшін «КАМЕДА» орталығы «БАҚ-пен жұмыс және медиативтік дағдылар» атты үш күндік тренингті ұйымдастырды, оның сессияларының бірі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржылық сауаттылық тақырыптарына арналды.
ҚНРДА Өңірлік өкілдері басқармасының бастығы Рустам Габдулкафеев Агенттіктің азаматтарды қаржылық тұрғыдан ағартуға бағытталған жобалары туралы, сондай-ақ жауапкершілікпен кредиттеу, азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу, сауатты қаржылық жоспарлау және т.б. мәселелерді қоса алғанда, қаржылық инклюзияны арттыру жөніндегі жұмысы туралы айтып берді. Ол тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, олар өз кезегінде қаржылық сауаттылық негіздерін оқытудың маңыздылығын атап өтті.
Шақырылған спикерлер ретінде Қазақстан мен Орталық Азияның Креативті индустрия қауымдастығының, Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасының, Астана қаласы бойынша Экономикалық зерттеулер департаментінің және қаржы ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі.
Айта кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша Қазақстанда мүгедектігі бар 707,9 мың адам тіркелген.
Банктегі немесе МҚҰ-дағы проблемалық қарыз: мерзімі өткен қарызды қалай өтеуге болады?
Ешкімге және ешқашан: қандай жеке деректерді үшінші тұлғаларға хабарлауға болмайды
Алаяқтардың кезекті әрекеті: қазақстандықтарды мобильдік байланыс операторларының және мемлекеттік...
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Стоп кредит: қарыз алудан ерікті түрде бас тарту алаяқтардан қорғануға қалай мүмкіндік береді
Кері байланыс: қаржы пирамидаларын, жалған брокерлерді қалай танып білуге болады және өзіңізді онлай...