Жолға жиналған кезде сақтандыру құжатын ұмытпаңыз
Туристің «жол жүру» пакеті неден тұрады? Жауап айқын: жолдама немесе шақыру, жол жүру картасы, ақша, төлем карталары және … сақтандыру құжаты. Жолдаманы, жол бағытын және эмитент банкті таңдаған кезде демалысқа кететін адамдардың өте сақ болатыны түсінікті. Ал сақтандыру құжаты көп жағдайда шығыстар бабындағы қажетсіз тармақ болып көрінеді.
Алайда бұл олай емес. Бұл құжатты енді елемеуге болмайды, себебі жыл басынан бастап шығу туризмі саласындағы туроператорлар міндетті түрде шетелге демалуға шығатын әрбір туристі сақтандырады. Бұл 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап заңнамалық талаптарға сәйкес туроператорлардың және турагенттердің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың орнына туристі міндетті сақтандырудың орын алуына байланысты. Сондықтан ең бастысы – жақсы беделі бар сақтандырушыны дербес таңдау. Бұл жаңа заңнаманың бірінші артықшылығы.
Басқа артықшылықтардың ішінде:
· тәулік бойы қолдау көрсету және сақтандырушының ассистанс-компаниясының білікті көмекті уақтылы ұйымдастыруы;
· сақтандырушының есебінен сақтандыру оқиғасы басталған сәтте барлық қажетті қызметтерді көрсету;
· туристің шетелде болуының бүкіл кезеңінде, оның ішінде жолдағы уақытында сақтандыра отырып қорғаудың қолданылуы.
Бұл ретте туроператорлар мен турагенттер осындай мүдделілік болған кезде ерікті сақтандыру шеңберінде өздерінің үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілігін сақтандыра алады.
Турист өзінің саяхатын ұйымдастырған кезде нені білген маңызды?
Саяхат елі мен мерзімі туралы ақпаратты қоспағанда, олар турагентке сапар уақытында сақтандырылғысы келетін сақтандыру компаниясының атауын хабарлауға тиіс.
Бүгінгі күні Қазақстанның сақтандыру нарығында туристі міндетті сақтандыру шарттарын жасауға 6 сақтандыру компаниясының лицензиясы бар. Сақтандырушы лицензиясының болуын және оның өкілеттіктерін ҚРҰБ-ның www.nationalbank.kz интернет-ресурсында «Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі» бөлімінде тексеруге болады.
Саяхатқа шығар алдында турист турагент арқылы құжаттардың толық топтамасын алады. Оның ішінде сақтандыру сертификатын немесе сақтандыру полисін, сондай-ақ турист шет елде қиын жағдайда қалған кездегі қадамдық нұсқаулығын алады. Сонымен бірге турист Сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқордан және сақтандыру компаниясынан сақтандыру полисінің нөмірімен туристі міндетті сақтандыру шартын жасау туралы хабарламаны мобильдік телефонға немесе электрондық почтаға алуға тиіс.
Сақтандыру сертификатында тәулік бойы режимде шет елде медициналық қызметтерге қолжетімділік бойынша көмекті ұйымдастыратын сақтандырушының халықаралық ассистанс-компаниясының байланыс деректері көрсетіледі. Осылайша, саяхаттың бүкіл уақытына турист жазатайым оқиға кезінде өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге; шұғыл медициналық көмек көрсетуді немесе өміріне қауіпті болдырмауды талап ететін күрт ауруға, денсаулығының күрт нашарлауына және (немесе) созылмалы ауруының ушығуына байланысты әлеуметтік маңызды тәуекелдерден сақтандыру қорғауымен қамтамасыз етіледі.
Сақтандыру өтейтін, өтелуге тиіс шығыстардың толық тізбесі сақтандыру сертификатында (сақтандыру полисінде) көрсетіледі.
Сақтандыру оқиғасы шет елде басталған кезде туристің медициналық қызметтерді төлеу, медициналық эвакуация, репатриация және сақтандыру полисінде көзделген басқа да шығыстары болмайды. Бұл шығыстарды сақтандырушы өтейді. Туристің міндеті – сақтандыру оқиғасы басталған кезде сақтандырушының халықаралық ассистанс-компаниясына сақтандыру сертификатында көрсетілген кез келген қолжетімді тәсілмен дереу өтініш жасауында.
Егер туриске шұғыл жағдайда көмек көрсетіліп, ол бұл туралы ассистанс-компанияға дәлелді себептермен хабарлай алмаса, ол бұл жөнінде екі тәулік ішінде не бірінші мүмкіндік болған кезде хабарлай алады. Бұл жағдайда ол «Туристі міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес сақтандырушыға растайтын құжаттарды ұсына отырып, сақтандыру өтемақысын Қазақстанға келген соң ала алады.
Қандай жағдайларда сақтандыру өтемақысын алуда бас тартуы мүмкін?
Туристің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге байланысты барлық оқиғалар сақтандыру оқиғасы ретінде жіктеле алмайды. Өтеуге бас тартуға себептердің тізбесі жоғарыда аталған заңның 20-бабында қатаң түрде регламенттелген.
Олардың негізгілері:
· кәсіби спортпен шұғылдану,
· алкогольді, сондай-ақ есірткі немесе улы мас болудың ауыр дәрежесі.
Егер шет елде демалып жатқан кезде сақтандырылған туристер толық емделу үшін созылмалы шағымдарымен медициналық мекемелерге өтініш жасайтын болса, сақтандыру компаниясы тек қиын жағдайды тоқтатуды, өміріне қауіп болдырмауды төлейді. Созылмалы ауруын емдеуді турист Қазақстанда дербес жалғастырады.
Құқықтарға кепілдік беруді қорғау жүйесі
2016 жылы шығу туризмі саласындағы Қазақстан азаматтарының құқықтарына кепілдік беруді қорғау жүйесі енгізілді. Туроператорлардың және олардың әріптестерінің қателіктері, банкроттығы және өзге де іс-қимылдары себебімен Қазақстан туристері үйіне қайта алмаған жағдайларда, олар болған оқиға туралы «Туристік Қамқор» атты мамандандырылған корпоративтік қорына хабарлайды, ол қор шұғыл тәртіппен туристерді болып жатқан елінен Қазақстанға әкеледі.
«Туристік Қамқор» корпоративтік қорын қаржыландыру әрбір өткізілген турөнімнен аударымдар есебінен жүзеге асырылады. Азаматтарды әкету үшін қаражат жеткілікті болмаған жағдайда, қор оқиға соның кінәсінен орын алған туроператордың/жалдаушы туроператордың банк кепілдігін орындау жөніндегі талабын ұсынады.
Туристерді ерікті сақтандыру
Туристі міндетті сақтандыру ұйымдастырылған туризмге ғана қолданылатындықтан, шет елге саяхатын дербес жоспарлап отырған туристерге сақтандыру шартын ерікті тәртіппен, олардың қажеттіліктеріне жауап беретін талаптармен жасау ұсынылады. Сондықтан шет елге шығатын адамдарға шарттың барлық талаптарын мұқият зерделегеннен кейін ғана сақтандыру шартын жасау ұсынылады. Бұл сапар кезінде көзделмеген қаржылық шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Алаяқтар трендте: алдаудың нақты жағдайлары және одан қорғану әдістері
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі
Балалардың цифрлық қауіпсіздігі: киберқылмыскерлерден оларды қалай қорғауға болады