Технологиялық прогресстің дамуымен қатар алаяқтық схемалар да түрлене түсуде. Биылғы жылы Қазақстандықтар тап болған алдаудың жаңа тәсілдері жөнінде Fingramota.kz айтып береді.
Мемлекеттік құрылымдардың жалған қызметкерлерінен келіп түскен телефон қоңыраулары мен хабарламалар
2024 жылдың басынан бастап азаматтарға телефон соғулар не SMS, WhatsApp немесе Telegram мессенджерлері арқылы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор басшыларынан электрондық поштаға хаттар/хабарламалар жіберілетін алаяқтық схема жиі көрініс алуда. Алаяқтар Қазақстандықтарды небір проблемалар жөнінде ескертіп, өздері жіберген нұсқауларды басшылыққа алуды ұсынады. Мұндай қоңырау соғулар мен хаттар көп жағдайда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және өзге құқық қорғау органдарының атынан жіберіледі.
Жалған қызметкерлер банктік шоттағы күдікті операциялар (оның ішінде, террорлық топтарды қаржыландыру және т.б.) туралы хабарлап, арнайы операцияны жүргізуге жәрдем көрсетуді талап етеді. Әдетте, мұндай операцияны жүргізу үшін кредит ресімдеу қажет, ал ақшаны жалған қызметкердің «арнайы шотына» аудару керек болады.
Сендіру үшін түбіртектер/ведомствоның немесе жеке сот орындаушыларының ресми бланкінде құжаттар (қызметтік куәліктердің, қағазға басып шығарылған тапсырмалардың және мөрлер мен қолтаңбалар қойылған бұйрықтардың фотосуреті) жіберілуі мүмкін, олардың барлығы, әрине, жалған құжаттар.
«Әлеуметтік көмек» және «қайырымдылық» түріндегі алаяқтық
Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде алаяқтар адамдардың қайғысынан пайда көріп, ақша табу жолдарын іздейді. Мәселен, қазіргі уақытта су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинауды сылтауратып, алаяқтар мемлекеттен біржолғы жәрдемақы төленіп жатқаны жөнінде хабарландырумен фишингтік сілтемелер таратуда. Мысалы, атауы дардай «Су тасқынынан зардап шеккендерге 3 млн теңге мөлшерінде өтемақы». Фейк хабарландырулар шынайы болып көріну үшін қылмыскерлер Қазақстанның банктері мен мемлекеттік органдарының атауларын қолданады. Мәселен, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желілерінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен Halyk Bank-пен бірлесіп өтемақы төлеу туралы, сондай-ақ Қаржы министрлігінің жаңа қаулысы шыққаны туралы посттар жариялауда. Вижуалда ұйымның брендбук логотиптері мен элементтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының елтаңбасы қолданылады.
Алаяқтар, әдетте, блогерлер мен танымал адамдар жиі тартылатын қайырымдылық шараларын бүркемеленеді. Танымал адамдар көмек қаражатын жинау үшін алымдар ашады, түрлі акцияларға қатысады, қажетті ақша сомасын жинау мақсатында тікелей эфирлерге шығады. Қаскүнемдер бөтен адамдардың суреттерін пайдаланады, олардың атынан қаражат жинауды жариялайды, жұмыс істеп тұрған қорларды айналып өту үшін жаңа қорлар ойлап табады. Алайда, тәуекелге бел буғандар неғұрлым сенімді болып көріну үшін жұмыс істеп тұрған қорлардың атын атаудан қорықпайды.
Ұтыс ойындары, байқаулар, пікіртерімдер – аңғал пайдаланушыларға арналған қақпан
Алаяқтар балаларға дауыс беру өтініштерді, жүлделердің ұтыс ойынын қамтитын сілтемелер не ақшалай сыйақы берілетін пікіртерім жібереді. Пайдаланушы сілтеме бойынша кірген уақытта қаскүнемдер азаматтардың WhatsАpp және Telegram желілеріндегі аккаунттарына қатар (қосымша) қол жеткізеді. Әрі қарай қаскүнемдер азаматтардың аккаунттарынан дереу қарызға ақша беру (әртүрлі сылтаумен), оны карта нөміріне аудару туралы өтінішпен таныс адамдарға мәтіндік хабарлар жібереді. Алаяқтар осындай хабар алатындарды жаңылыстырады және көбісі мұндай өтінішке сеніп қалады.
Алаяқтарға қарсы тұру жөніндегі оңтайлы кеңестер:
Өзіңізге және ақшаңызға абай болыңыз, Fingramota.kz-пен бірге жаңа алаяқтық схемалары туралы хабардар болыңыз!
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Жинақтауға арналған сақтандыру – оны қалай пайдалануға болады
Zakon.kz порталы Интернет және қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша конференцияны ұйымдастырды...
Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт