Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қарыз алушылардың қаржы ұйымдарымен проблемаларының басты себебі қарыз шартына қол қою кезінде олардың шарттың талаптарына мұқият қарамауы болып табылады. Қарыз алушы шарттың талаптарын зерделемей, ол бойынша міндеттемелерді орындамау салдарының маңыздылығын толық түсінбейді.
Fingramota.kz кредиттік шартқа қол қою кезінде не нәрсеге назар аудару керектігін еске салады.
Әрдайым шарттың талаптарын мұқият зерделеңіз
Тұтынушылардың зерттелуін арттыру мақсатында форматы барлық банктер үшін бірдей титулдық парақтың банктік қарыз шартына қосымшаны көздейтін норма енгізілген. Шарттың мәтіні титулдық парақтан кейін жазылған. Осылайша, қарыз алушы ресімдеуге шешім қабылдаған кредиттің негізгі талаптары туралы толық ақпаратты банктік қарыз шартын жасамас бұрын алуы керек.
Титул парағында мыналар қамтылуға тиіс:
қарыз сомасы мен мерзімі;
сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері;
жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері;
өтеу әдісі мен тәсілі;
шартта қарыз алушының негізгі борышты ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу құқығы болған кезде - осы құқықты іске асыру үшін қарыз алушының банкке тиісті өтінішпен жүгіну қажеттігі туралы ақпарат;
шарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін айыпақы (айыппұл, өсімпұл) мөлшері;
қарыз алушының банкке банктік қарыз шарты бойынша міндеттемені орындау мерзімін кешіктірудің туындау себептері, кірістері және басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы мәліметтерді қамтитын жазбаша өтініш беру құқығы туралы ақпарат.
Сондай-ақ, шарт алдындағы жұмысты күшейту үшін, банктік шарттар талаптарының ашықтығын арттыру мақсатында банктік қарыз шарты жасалғанға дейін қарыз алушыға берілетін жадынаманың жаңа нысаны белгіленді.
Қарыз алушыларға арналған жадынамада мыналар қамтылуға тиіс:
1. қарыз сомасы мен валютасы;
2. қарыз мерзімі;
3. төлемдер саны;
4. сыйақы мөлшерлемесінің түрі (тіркелген немесе өзгермелі), жылдық пайызбен не тіркелген сомамен сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері;
5. дұрыс, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері;
6. қарыз беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты комиссиялардың және өзге де төлемдердің атауы мен мөлшері;
7. өтелуге тиіс жалпы сома;
8. сыйақының жиынтық сомасы;
9. негізгі борышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін айыпақының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшері;
10. банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес айыппұлдардың, өсімпұлдардың өзге де түрлері (оның ішінде қарызды мақсатсыз пайдаланғаны, сақтандыру шарттарын уақтылы ресімдемегені үшін және т.б.);
11. сақтандыру шартын жасау қажеттілігі және оны ұзарту мерзімі;
12. банктің байланыс деректері (телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы, банк сайтының мекенжайы).
Жадынамада көрсетілген қарыз беру талаптары болжамды болып табылады. Олардың мақсаты – клиент таңдаған банктің қарыз талаптарын басқа банктердің қарыз талаптарымен таныстыру және салыстыру.
Түпкілікті талаптар шартта көрсетіледі. Сондықтан, осы маңызды құжатқа қол қоймас бұрын, оны тағы бір рет мұқият зерделеу керек.
Міндеттемелерді орындау қажет
Есіңізде болсын, кредит ала отырып, қарыз алушы белгілі бір қаржылық міндеттемелерді өзіне алады. кешіктірулер туралы ақпарат несие тарихында көрініс табады. Ал қарыз алушы адал адамдар қатарынан проблемалық санатқа ауыса алады, бұл болашақта жаңа қарыздарды рәсімдеу кезінде әртүрлі салдарға әкеледі.
Кредиттік сұрақтарға жауапкершілікпен қараңыз, банктік қарыз шартына қол қоймас бұрын мұқият оқып шығыңыз және менеджерге барлық сұрақтар қоюдан қысылмаңыз.
Толығырақ «Кредиттер» бөлімінен оқыңыздар
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Криптовалюта дегеніміз не және ол қайда пайдаланылады?
Бейтаныс нөмірлерден спам-қоңыраулар: оларды қалай болдырмауға болады