ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде қалалық, сондай-ақ ұялы телефондардан тегін қоңырау шалу үшін қысқа нөмір іске қосылды.
Азаматтар Агенттікке қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, қаржы және микроқаржы ұйымдарымен, коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл, сондай-ақ бұрын жіберілген өтініштердің мәртебесін нақтылау мәселелері бойынша консультациялар алу үшін «1459» нөмірі бойынша жүгіне алады.
Естеріңізге сала кетейік, Агенттік 2021 жылы халыққа қаржы реттеушісінің қызметі жөніндегі ақпараттың қолжетімділігі мен толықтығын арттыру мақсатында call-орталықты іске қосты. Сондай-ақ call-орталықтың бұрынғы нөмірі: +7 (727) 237 1000 жұмысын жалғастыруда.
Агенттік халықпен жедел өзара іс-әрекеттесуі үшін 2020 жылдан бастап тағы бір кері байланыс арнасын – «Fingramota Online» мобильді қосымшасын әзірледі және енгізді, онда сіз 24/7 режимінде қаржы өнімдері мен көрсетілетін қызметтерді пайдалану талаптарына, Агенттіктің реттеу аясына кіретін ұйымдармен өзара іс-қимыл тәртібіне қатысты, сондай-ақ алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл тақырыбы жөнінде сұрақтар қоя аласыз.
Агенттіктің call-орталығы және «Fingramota Online» мобильді қосымшасы арқылы сіз сондай-ақ, қаржы пирамидалары туралы хабарлай аласыз – сіздің ақпаратыңыз талдау және тексеру жүргізілгеннен кейін құқық қорғау органдарына берілетін болады.
Fingramota Online» мобильді қосымшасын App Store және Play Market-тен мынадай сілтемелер бойынша жүктеп алуға болады:
App Store-да: https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211;
Play Market-те: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank.appeals.
Сондай-ақ, мобильді қосымшаның http://online.fingramota.kz/ru веб-нұсқасы қол жетімді.
Қызметін жаңа бастаған инвесторларға кеңестер: нені білу керек?
Инвестициялар саласындағы алаяқтық схемалары: олардың қармағына қалай түспеуге болады
Кредитті қайдан және қанша сомаға алуға болады? Шекті сомалар белгіленді
Қаржылық сауаттылық – қаржылық мақсаттарға қол жеткізу кілті!
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Цифрлық ортада туғандар, немесе балаларды кибералаяқтардан қалай қорғауға болады