Алматы қаласының 12 колледжінің студенттері қаржылық сауаттылық жөніндегі кейс-чемпионатқа қатысты

time 15.04.2024
aye 4695
Алматы қаласының 12 колледжінің студенттері қаржылық сауаттылық жөніндегі кейс-чемпионатқа қатысты

«Тұран» университетінің алаңында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Алматы қаласының 12 колледжінің  студенттері үшін қаржылық сауаттылық тақырыбы бойынша «Финатлон» II кейс-чемпионаты болып өтті. Іс-шара қаржы саласында күрделі бизнес-кейстерді шешуде өз білімдерін көрсеткен 500-ден астам дарынды қатысушыларды жинады.

«Финатлонның» іріктеу турына 25-тен астам команда қатысты,  оның ішінде екінші турға тек 12 команда өтті. Олар «Тұран» университеті колледжінің, Алматы мемлекеттік бизнес-колледжінің, UIB көпсалалы колледжінің, Еуразиялық техникалық-экономикалық колледжінің, Халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжінің, Каспий Университеті колледжінің, Алматы экономикалық колледжінің студенттері және басқалар. Қатысушылар нақты бизнес-кейстерге арналған инновациялық шешімдер ұсына отырып, қаржылық сауаттылық негіздерін білуде, ойлау жылдамдығы және креативтілік танытуда сайысқа түсті.

Қатысушыларды құрамына ҚНРДА-ның, «Еуразиялық банк» АҚ, «Отбасы банк» АҚ, «Демеу» KMF» корпоративтік қорының, Еуразиялық инвестициялық және қаржылық консультанттар қауымдастығының және «Finagers» білім агенттігінің өкілдері кіретін тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасының өкілдері командалармен өз қызметінде кездескен қызықты қаржылық жағдайлармен бөлісті.

«Финатлон» кейс-чемпионатының финалы 2 кезеңмен өткізілді: қаржылық сауаттылық тақырыптарына викторина және инвестициялық жобаларды қорғау.

Студенттер түрлі инвестициялық жобалар мен есептеулері берілген  бизнес-идеялармен таныстырды, мысалы, санитайзер-білезіктер, жеуге болатын стақандар шығару, қазақ мәдениетін дамыту үшін бірегей этно-хаб әзірлеу, заманауи оқыту әдістемесімен қазақ тілін үйрену үшін курс құру, отандық косметика өндірісі.

Барынша есте қалатын жобалардың ішінде топырақты тыңайтуға арналған биогумус өндірісі болды.

«Биогумус — бұл экологиялық таза және биологиялық белсенді органикалық тыңайтқыш. Әдетте оған органикалық заттарды жылдам агрономиялық тұрғыдан құнды тыңайтқышқа қайта өңдеуге ықпал ететін Калифорния құрттарының көмегімен қол жеткізеді. Бүкіл әлемде, сондай-ақ Қазақстанда да ауыл шаруашылығы өнімін шығару нарығы біршама революциялық технологиялық өзгерістердің ықпалында болып отыр. Бұл алқаптарды дрондармен тозаңдандыруда немесе отырғызуда ғана емес, сондай-ақ өсімдік дақылдарын, оның ішінде органикалық тыңайтқыштардың көмегімен өсірудің заманауи жүйелеріне ауысуда да көрінеді», - деп бөліседі «Әділет» колледжінің бірінші орын алған студенттері.

Екінші орынды Халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжінің «Brainstorm» командасы және «Тұран» университеті колледжінің «Profit Prophets» командасы өзара бөлісті. Қазылар алқасы үшінші орынды Каспий университеті колледжінің «Senim» командасына берді. Үшінші орынды Алматы экономикалық колледжінің «MeiırıM» және «Тұран» университеті колледжінің «Los Financieros Sólidas» командалары иеленді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға дипломдар, бағалы сыйлықтар, сертификаттар, ал командалардың ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етілді.

«Біз қаржылық сауаттылық бойынша осындай аса маңызды чемпионатқа бірінші рет қатысып отырмыз және үлкен тәжірибе, сондай-ақ алдағы уақытта міндетті түрде қажет болатын жаңа білім алдық. Біз практика сарапшыларды өз жобаларымызды таныстырып, олардың тарапынан қолдау мен мақұлдауға ие болдық және әрине, бұл бізді шабыттандырады. Ұйымдастырушыларға және қаржы реттеушісіне осындай деңгейдегі кейс-чемпионатқа қатысу мүмкіндігі үшін жеке алғысымызды білдіреміз», - дейді «Финатлонның» жеңімпаздары.

 Аталған кейс-чемпионаттың жастар арасындағы қаржылық мәдениеттері дамыту мақсатында Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020- 2024 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырудың шеңберінде Fingramota.kz жобасының аясында екінші жыл өткізіліп отырғанын атап өтеміз.

white-arrow Тізімге