Ерікті сақтандырудың артықшылықтары: нелерді білу қажет

time 21.12.2023
aye 4145
Ерікті сақтандырудың артықшылықтары: нелерді білу қажет

Бүгінгі таңда Қазақстанда сақтандырудың 26 ерікті сыныбы бар, олардың шеңберінде сақтандырушылар көптеген ерікті сақтандыру өнімдерін ұсынады. Мысалы, міндетті автосақтандыруға қосымша ретінде аварияға кінәлі  адамның өз автокөлігін зақымданудан ерікті сақтандыруды, міндетті сақтандыру шеңберінде шекті сомадан тыс қосымша өтеуді, біреудің бейқамдылығынан қорғауды (аварияға кінәлі  адамда  сақтандыруы болмаған кезде) және т.б. сатып алуға болады. Әрине, сақтандыру қорғаумен неғұрлым көп тәуекелдер қорғалатын болса, сақтандыру соғұрлым қымбат болады. 

Fingramota.kz-пен бірлесіп ерікті сақтандырудың негізгі артықшылықтарын қарастырайық.  

Қазақстандықтардың басым көпшілігі сақтандыруды, ең алдымен, автокөлік иесінің жол үстіндегі жауапкершілігі сақтандырылатын көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырумен (бұдан әрі – КҚИ АҚЖМС) байланыстырады. Бұл ретте жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін кінәлі автокөлік иесі іс жүзінде зардап шеккен адамға ақша төлеуден басқа, өз көлігін зақымданудан қалпына келтіруге мәжбүр болады. Сонымен қатар, апат салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген залал мөлшері сақтандырушының бір сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің заңда көзделген шекті көлемінен асып кетуі мүмкін. Осындай  жағдайларда ерікті сақтандырудың пайдасы болады.

Ерікті сақтандыру – бұл тараптардың ерік білдіруіне байланысты жүзеге асырылатын сақтандыру. Бұл сақтандыру шартының тараптары оны КҚИ АҚЖМС жағдайындағы заң талаптарына байланысты емес, өз еркімен жасасады дегенді білдіреді.

Клиент сақтандырудың қажеттілігін өзі шешеді. Бұл сақтандырушыларға нақты клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын стандартты емес жеке өнімдер жасауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, сақтандырушы клиентке ерікті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы. Кез келген мәмілені жасасу кезіндегі сияқты  тараптардың сақтандыру шартының талаптарын өзара келісу процесі маңызды болып табылады. Сақтандыру шартын жасаса отырып, сақтандырушы клиент төлеген сақтандыру сыйлықақысының орнына оған сақтандыру қорғауды  ұсынады. Сақтандыру талаптарын келісу кезінде клиентке сақтандыру нақты қандай тәуекелді талап ететінін білу маңызды, сондай- ақ, егер сақтандыру нысаны мүлік болып табылса, сақтандыру нысанының жай - күйі туралы, егер үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру көзделген жағдайда - ықтимал және ілеспе тәуекелдер туралы егжей-тегжейлі ақпаратқа ие болуы қажет. Мысалы, мүлікті ерікті сақтандыру жағдайында оның құны және техникалық жағдайы туралы ақпарат болуы керек. Бұл ақпарат сақтандырушының өз тәуекелдерін (болашақ міндеттемелерін) мониторингтеу үшін қажет, себебі сақтандыру шартын жасасу тәуекелдерді клиенттен (сақтанушыдан) сақтандырушыға беруді білдіреді.

Сондықтан, сақтандыруға, мысалы, пәтерді өрттен сақтандыруға өтінім алу кезінде сақтандырушы пәтердің құнын бағалауды, өртке қарсы қауіпсіздік жүйелеріне техникалық сараптама жүргізеді және шартқа белгілі бір тәуекел санатын береді, сондай-ақ сақтандыру жағдайы басталған кезде ықтимал зиян мөлшерін есептеуді жүзеге асырады. Алынған ақпарат негізінде сақтандырушы осы мүлікті сақтандыруға қатысты сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін белгілейді.

Біздің елімізде ерікті сақтандыру қарқынды дамып келеді. Ағымдағы жылдың 11 айында ерікті сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру сыйлықақылары 849,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34%- ға артық. Ерікті сақтандыруда ең көп үлес өмірді сақтандыруға (23%) келеді, мүлікті сақтандыру (21%), зейнетақылық аннуитеттік сақтандыру (13%) және автомобиль көлігін сақтандыру (13%) сыныптары алады.

Толығырақ "Сақтандыру" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге