«Күміс теңге» операциясы» атты балаларға арналған қаржы детективінің екінші шығарылымы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі ақша тарихына арналған.
Бас кейіпкерлер Мұрат, Ерке және Алиша ақшаның алғаш рет қашан пайда болғанын, оның қандай рөл атқаратынын, Қазақстанда ұлттық валюта – теңгенің қалай және қашан шығарылғанын анықтайды.
Шығарылымда оқыту комиксі, «Уақыт бойынша саяхат» шатастыратын ойыны, сондай-ақ жас оқырмандарға өткен материалды бекітуге мүмкіндік беретін қаржылық сөздік бар.
Балаларға арналған қаржы детективі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылық бойынша арнайы қосымшасы аясында «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық газеттерінде шығатынын еске саламыз. Ол бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған.
Балалармен бірге бірлесіп оқу ұсынылады!
Толығырақ «Балаларға арналған қосымшалар» бөлімінен оқыңыздар
Зейнетақы жинақтары: соңғы кезде не өзгерді және бұл болашақ зейнетақыға қалай әсер етеді
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Қазақстандықтар қандай құралдарға инвестиция салады және қаражат салмас бұрын нені білу маңызды
Қатесіз мұрагерлік: мүлкіңізді жоғалтпау үшін нені білу маңызды
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
Мұрагерлік бойынша қарыздар мен міндеттемелер: сұрақтарға жауаптар