Қазақстан заңнамасында қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер жөнінде толық және д әйекті ақпарат ұсыну бойынша қ аржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғайтын нормалар бекітілгеніне қарамастан, іс жүзінде қарапайым азаматтар (тұтынушылар) қаржы ұйымдары тарапынан нарықта өздерінің басым дығын пайдалан ып, шарттарға қосымша талаптар ды тұтынушының еркінен т ыс қабылдауға мәжбүрлейтін жағдайлар жиі кездесіп жатады.
Қаржы ұйымы ның қандай қосымша қызметтерді ұсына ала тыны және о дан қалай бас тартуға бола тыны жөнінде Fingramota.kz -пен қарастырып көрелік .
Сіз тұтынушылық кредит рәсімдеуге бел будыңыз, өзіңіздің қаржылық мүмкіндіктеріңізді есептеп, қалаған банкті таңдадыңыз және менеджермен сөйлесіп жатырсыз. Алайда, кредиттен басқа, сақтандыру полисін, банк картасын немесе депозитті ресімдеу қажет екендігі белгілі болды. Банкпен мәміле жасасу үшін сіз олардың барлық талаптарымен келісесіз. Алайда сізге сақтандырудың немесе тағы бір карта не депозиттің соншалықты қажеттілігі бар ма?
Бүгінгі таңда банктер әдеттегідей сақтандыру өнімдерін сатудың басты арналарының бірі болып қалуда. Кей жағдайларда олар қарыз алушыларға тұтынушылық кредиттеу кезінде сақтандыру өнімдерін ұсынып жатады. Сақтандыру агенттерінің делдалдық қызметін жүзеге асыратын банктердің мүддесі, бірінші кезекте, өзінің жоғары комиссиялық сыйақысымен тартымды болып отыр, оның үлесіне банктің жалпы комиссиялық кірісінің шамамен 20% - ы тиесілі.
Қаржы нарығының талдауы көрсеткендей, жекелеген банктерде комиссиялық сыйақы мөлшері сақтандыру қызметтері бойынша орташа көрсеткіштерден асып түседі. Бұл түсінікті де, өйткені сақтандыру компаниялары банктермен келісімшарттар жасасады және клиенттерді өзіне тарту үшін оларға пайыздар төлейді. Сондықтан банктер қарыз алушының кредит менеджері ұсынатын ұйымда сақтандырылуға келісім беруіне мүдделі.
Банк менеджерінің клиенттерге сақтандыруды басқа ұйымнан сатып ала алатындығын немесе оны мүлдем сатып алмауға болатынын хабарламау жағдайлары кездеседі.
Екінші кезекте – клиенттердің сенімі есебінен сақтандыру сатылымының жеңілдігі, өйткені адамдар банкке өздері келеді және оларды тартуға қосымша күш-жігер жұмсаудың қажеті жоқ. Маркетинг жөніндегі кітаптарының авторы Лен Клементс тұтынушылар қандай да бір шешім қабылдағаннан кейін, артынша қосымша шешім қабылдау жеңіл болатынын атап өтті. Кредиттерге қатысты мұндай қосымша шешім – сақтандыру полисі.
Сондай-ақ банктердің сақтандыру өнімдерін ерікті-мәжбүрлі тәртіппен сату мүмкіндігі бар. Яғни, қосымша қызметті сатып алудан бас тартқан жағдайда, себебін түсіндірместен Сізге қарыз беруден бас тартылуы мүмкін. Заң бойынша, банк Сізге кредит беруден бас тартудың себебін түсіндіруге міндетті, ал қосымша қызметті немесе өнімді сатып алусыз бас тарту – бұл менеджерлердің айла-амалдары.
Қаржы нарығын талдау, сондай-ақ кредит беру кезінде банктер сақтандыру сыйлықақысының, комиссиялардың және қосымша қызметтердің сомаларын кредиттің «ішіне» қосатынын және оған пайыздар есептейтінін, кредитті мерзімінен бұрын өтеген кезде сақтандыру сыйлықақысын қайтаруға мүмкіндік бермейтінін және қарыз алушыны кредиттің толық құны туралы жаңылыстыратынын көрсетті.
Осылайша, тұтынушы бірден бірнеше тармақ бойынша, яғни:
кредиттік өнімнің нақты құны;
сіздің мүдделеріңізге жауап бермейтін, қосымша қызметтер/өнімдерді ұсыну;
қосымша қызметтері бар кредиттік өнімдер бойынша толық емес не түсініксіз ақпарат беру немесе ұсынылатын кредиттік және сақтандыру қызметтері/өнімдерінің барлық шарттарымен танысу мүмкіндігінің жеткіліксіздігі;
қосымша қызметтерді/өнімдерді сізге өз бетінше төлеу мүмкіндігін, осындай кредитті алғыңыз келгенде ұсынбау;
кредит алған кезде қосымша қызметтер/өнімдерді сатып алу міндетін сізге түсіндірмеу (банктің кредиттеу туралы оң шешім қабылдауына әсер етпейді);
жалпы сіз кредит алғанға дейін сапасыз қызмет көрсету бойынша дұрыс ақпарат алмайды.
Толығырақ "Кредиттер" бөлімінде танысуға болады
Балалардың цифрлық қауіпсіздігі: киберқылмыскерлерден оларды қалай қорғауға болады
Несие тарихына не әсер етеді және оны қалай жақсартуға болады
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?