Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет

time 2.02.2026
aye 647
Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет

Қаржылық жоспарлау — бұл тек ағымдағы шығындарды басқару емес, ол қаржылық тәуекелдерді азайта отырып, болашаққа қаражат жинау. Осы міндеттерді біріктіретін құралдардың бірі  өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС).

Бұл өнімнің қалай жұмыс істейтіні, кімге жарайтыны және шартты ресімдемес бұрын нелерге назар аудару керектігі туралы «МАК» ӨСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының бас менеджері Раушангүл Мұратбек айтып берді.

Өмірді жинақтаушы сақтандыру дегеніміз не және оның классикалық сақтандырудан айырмашылығы неде

Өмірді жинақтаушы сақтандыру — бұл екі өнімді біріктіретін өнім түрі. Бір жағынан, клиент тұрақты жарналар есебінен жинақтар қалыптастырады, екінші жағынан - шарттың бүкіл қолданыс мерзіміне өнім шартына сәйкес күтпеген оқиғалар жағдайына сақтандыру қорғанысы.

Классикалық өмірді сақтандыру басқаша жұмыс істейді: ол нақты тәуекелдерді (жазатайым оқиға, мүгедектік, күтпеген аурулар) өтейді, алайда сақтандыру жағдайы басталмаса, ақшаны қайтаруды көздемейі. Өмірді жинақтаушы сақтандыруда төленген жарналар жойылмайды, олар капиталды қалыптастырады, ол әрқашан болжамды өмір сүру жағдайында кіріспен қайтарылады; немесе бұл соманы күтпеген жағдай орын алса ең жақын адамдары кіріспен алады.

Қарапайым тілмен айтқанда, ӨЖС — бұл тұрақты кірістілікпен ақша жинау және сонымен бір уақытта сақтандыру қорғанысына ие болу мүмкіндігі, ол көп жағдайда жеке төлемсіз қосылған.  Логика бойынша мұндай құрал классикалық сақтандыруға қарағанда ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлауға жақын.

Жинақтаушы сақтандыру қандай мерзімге ресімделеді және не нәрсеге назар аудару керек

Өмірді жинақтаушы сақтандыру негізінен ұзақ мерзімді уақытқа - көбінесе 5 жылдан 20 жылға дейін ресімделеді. Мұндай мерзім өнімнің мақсатына байланысты: жинақтарды қалыптастыру және ұзақ мерзімге сақтандыру қорғанысын ұсыну. Ең бастысы, ең жоғары кірістілікке сақтандырудың ең ұзақ мерзімімен қол жеткізуге болады: 20 жылға сақтандыру шартын жасасу кезінде жылдық 6,5%, мұндай кірістілік пайызы нарықта ең жоғары болып келеді және клиент салған кез-келген соманы екі есеге арттыруға кепілдік береді.

Бұл ретте ӨЖС шартын бір жылдан аз мерзімге де ресімдеуге болады. Жарналардың мерзімі мен мөлшері әрқашан сіздің мақсатыңызға байланысты әр түрлі болады – мейлі ол балаларға білім беру, баспана, көлік сатып алу, қосымша табыс көзін құру болсын.

Көп жағдайда клиенттер ай сайынғы кірістің ≈5-10% мөлшерінде ай сайынғы жарналарды төлеу опциясын таңдайды, мұны қаржылық жоспарлау бойынша сарапшылар ұсынады, басқа клиенттер ыңғайлы болу үшін тоқсандық/жартыжылдық/ жылдық төлемдер ретінде сирек төлемдерді қалайды; барлық соманы бір рет салу және жинақтардың өсуін және күрделі пайыздың жұмысын бақылау мүмкіндігі бар.

Сақтандыру жарналарын төлеуді мерзімінен бұрын тоқтату мүмкін екенін ескеру маңызды, бірақ ол сақтандыру сомасының азаюына әкеледі (нақты төленген сыйлықақыларды ескере отырып). ӨЖС шартын мерзімінен бұрын бұзу жасалған күннен бастап бірінші жыл өткеннен кейін де мүмкін, бірақ бұл жағдайда сақтандыру компаниясы сақтандыру құнын ұстап қалады, бұл жағдайларды шартқа қол қойылғанға дейін білу қажет.

Қазақстанда жинақтаушы сақтандыру қызметтерін тиісті лицензиясы бар өмірді сақтандыру компаниялары ұсынады. Нарықта осындай он компания бар. Кейбір компаниялар инвестициялық құрауышы бар гибридті шешімдерді ұсынады, бірақ мұндай бағдарламалар қосымша нарықтық тәуекелдерге әкелуі мүмкін.

Клиенттер сақтандыру компаниясының сенімділігіне ерекше назар аударады. «МАК» ӨСК» АҚ 100% мемлекеттік компания болып табылады, ол 20 жыл бұрын алғашқы зейнетақы аннуитеттерін іске қосу мен іске асыру және өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру үшін құрылған.

Demeu өмірді сақтандырудың ерікті жинақтаушы өнімі қолжетімділік пен икемділікке баса назар аудара отырып әзірленді. Шартты 1 жылдан 20 жылға дейін жасауға, ал ең төменгі сақтандыру жарнасын 50 доллардан бастап салуға болады. Клиент төлем мерзімділігін өз кірісіне және қаржылық мақсаттарына байланысты дербес таңдайды.

Бұл тәсіл ӨЖС-ны қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлау құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік береді – «қор» ретіндегі жинақтардан бастап болашаққа капиталды дайындауға дейін.

Жас бойынша шектеулер 

ӨЖС шартын 18 жастан бастап жасауға болады, балалар да 14 жастан бастап сақтандырылушы бола алады. Полистің қолданысы аяқталған кезде сақтандырылған адамның жасы 63 жастан аспауы керек.

Мұндай сақтандыру өзіңіз үшін де, балалар үшін де ыңғайлы: оның көмегімен сіз білім алуға, қаржылық жастық құруға немесе отбасының болашағын қамтамасыз ете аласыз. Сонымен қатар, ӨЖС жинақтау мен қорғауды біріктіреді, бұл ақшаны жинақтауға ғана емес, сонымен қатар күтпеген өмірлік жағдайларда қаржылық тәуекелдерді азайтуға көмектеседі. Бұл оны бүкіл отбасы үшін болашақты жоспарлаудың сенімді құралына айналдырады.

Іс жүзінде көпшілік жағдайда ӨЖС шарты отбасының бір мүшесіне, содан кейін жұбайына, сондай-ақ балаларға жасалады. Бұған қуанатын жағдай, өйткені бұл біздің қоғамда дамыған елдердегі сияқты қаржылық сауаттылық пен өмірді сақтандыру мәдениетінің дамып келе жатқанын білдіреді.

Кірістілік және ол қалай қалыптасады 

Бағдарлама бойынша кірістілік тіркелген және компанияның инвестициялық саясаты негізінде қалыптастырылады.

Агенттік желінің болмауы қазақстандық өмірді сақтандыру нарығында АҚШ долларымен жылдық 6,5%-ға дейін барынша жоғары және тіркелген кірістілік ұсынуға мүмкіндік береді. Қорытынды мөлшерлеме шарттың мерзіміне байланысты, мысалы: 

  • 1 жылға дейінгі мерзімде 1,5%;  
  • 10 жыл мерзімде 5%;
  • 15 жыл мерзімде 5,75 %;
  • 20 жыл мерзімде 6,5%.

Осылайша, жинақтау мерзімі неғұрлым ұзақ болса, соңғы қаржылық нәтиже соғұрлым жоғары болады.

Шартты мерзімінен бұрын бұзу: нені білу маңызды 

Шартты ол жасалан сәттен бастап 12 ай өткеннен кейін бұзуға болады –  бұл сақтандырушы талаптарының икемді екендігінің бір элементі, бұған да назар аудару керек.

Дегенмен, шартты мерзімінен бұрын бұзу экономикалық тұрғыдан тиімсіз екенін түсіну маңызды. Бұл жағдайда клиент жинақтардың нақты мерзімі мен енгізілген жарналар негізінде есептелген, азайтылған сақтандыру сомасын алады. Сонымен қатар, шарт мерзімінен бұрын бұзылған кезде компания шарттың қолданылу кезеңінде көтерген тәуекелі үшін өмірді сақтандыру төлемін ұстап қалады.

Барлық басқа жағдайларда сақтандыру қорғанысы өнімнің ішіне енгізіледі және тегін болады. Сондықтан ӨЖС-ны 5-20 жылға арналған ұзақ мерзімді құрал ретінде қарастырған жөн.

Толығырақ "Сақтандыру" бөлімінен оқыңыздар

white-arrow Тізімге