«Құпия Санта» желіде: алдаудың жаңа схемасы

time 22.12.2025
aye 1025
«Құпия Санта» желіде: алдаудың жаңа схемасы

Жаңа жыл жақындап келеді, демек алаяқтар белсенді бола бастайды. Бұл жолы нысанада зиянсыз «Құпия Санта» ойыны — оның көмегімен қаскүнемдер қазақстандықтардың жеке деректерін алдап алуға тырысады, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерді алдайды.

Алдаудың жаңа түрі және одан қорғану жолдары туралы көбірек білу үшін Fingramota.kz-тің жаңа материалын оқыңыз.

Әншейін нәрсе үшін миллион 

Мереке қарсаңындағы бір-бірімен сыйлық алмасатын әдемі дәстүрді  алаяқтар жалған қайырымдылық науқанына айналдырды. Әлеуметтік желілерде көптеген «бақытты адамдар» пайда болып, қандай да бір қайырымды адам оларға үлкен соманы — кейбір жағдайларда миллион теңгеге дейін жібергенін айтуда. Kaspi Gold шотын толықтырған скриншоттар бірінен соң бірі жариялануда және бұл қарапайым лайк пен пікір үшін «Құпия Сантаның» сыйы деп меңзеуде. Аңғал адамдар сәттілігін сынап көру үшін банктік деректемелерін және тіпті жеке деректерін қалдыруда.


Бұл несімен қауіпті: карта нөмірін жариялау шоттан ақша алуға мүмкіндік бермесе де, деректемелерді көпшілік назарына қалдырған адам фишинг пен алаяқтық қоңыраудың құрбаны болу қаупі бар. Әрі қарай, керемет қайырымдылықтың шығу тегі түсініксіз – бұл қайырымдылықты жамылған қаражатты жылыстату болуы мүмкін. Картасына мұндай ақша түскен адам қылмыстың серіктесі бола алады, тіпті оның кінәсіздігі дәлелденсе де, стресс денсаулығына әсер етеді. Бұл жағдай сәтті болса ғана, әйтпесе ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Дропперлік схеманың бір бөлігі 

Ақтөбе полиция департаментінде схема уақыт өте келе біршама өзгеретінін айтады: аноним «қайырымды жандар» ақшаны аңқау азаматтар қалдырған деректемелер бойынша жібереді және қаражатты одан әрі жіберуді сұрайды, себебі бұл қайырымдылық науқанының бір бөлігі болып табылады, ал өздеріне белгілі бір пайызын қалдырады. Бірақ адам ақшаны қабылдап, оны өз шотынан белгісіз біреуге аударғаннан кейін, ол автоматты түрде дроппер -серіктес болып шыға келеді, себебі шот иесі кез келген операция үшін жауап береді. Сонымен қатар, алаяқтар ең қорғалмаған аудиторияны — балалар мен жасөспірімдерді айналдырады, бұл әлеуметтік желілердегі кең тараған «ойынның» бір бөлігі деп сендіреді.

«Егер сізден карта деректерін, шот деректемелерін талап етсе немесе ақша аударуды ұсынса — бірден бас тартқан дұрыс. Егер бейтаныс адам күтпеген жерден сіздің шотыңызға ақша аударса, оларды қайтаруға асықпаңыз. Мұндай жағдайларда банкке хабарласып, қалай дұрыс істеу қажеттігін нақтылаңыз», - деп ескертеді полиция. 

Осылайша, алаяқтар ақшаның көп ақшаға «Құпия Санта» арқылы жол бойы ондаған, тіпті жүздеген немесе мыңдаған аңғал азаматтарды алдай отырып қол жеткізеді. Көп ұзамай олардың аккаунттары жойылады, транзакциялар мен аударымдардың көптігіне байланысты ақшаны қадағалау өте қиын болады, ал жазықсыз адамдар сан соғып қалады.

«Егер сіз біреу үшін «Құпия Санта» болғыңыз келсе, онда кез келген қоғамдық қорға хабарласыңыз, ол жерде сізге нақты адамдардың атын және тілектерінің тізімі береді. Оңай олжа күтпей-ақ жақсылық жасаңыз. Телефон нөмірі мен карта нөмірін желіде қалдыру қауіпті екенін естен шығармаңыз. Сіз бұл деректердің қандай алаяқтардың қолына түсетінін ешқашан біле алмайсыз. Мен бұл челленджден қатты қорқамын. Бұл жерде сыни тұрғыдан ойлау мүлде жоқ және цифрлық гигиена деңгейінің төмен екені өзі-ақ «мен мұндалап» тұрады, - деді inbusiness.kz-ке берген сұхбатында қаржы кеңесшісі Әсел Әуелбекова. 

Толығырақ "Абайлаңыз алаяқтар" бөлімінде оқыңыз 

white-arrow Тізімге