Егер сіз өз кредитіңізді өтеуді кешіктіріп, ол бойынша ақы төлеу мерзімі кешіктірілсе, кредитор коллекторларды, яғни мерзімі өткен берешекті қайтару бойынша мамандарды тартуы мүмкін.
Коллекторлар сізбен байланысса не істеу керек және олармен құқықтық салада сындарлы диалогты қалай құру керек, бұл туралы Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы төрағасының міндетін атқарушы Назгүл Естеусізова Fingramota.kz сайтына айтып берді.
Коллекторлық агенттік өз қызметін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде есептік тіркеуден өткеннен кейін ғана жүзеге асыруға құқылы. Коллекторлық агенттікте қаржы реттеушісінен лицензияның бар-жоғын Агенттіктің ресми интернет-ресурсында коллекторлық агенттіктер тізілімінен тексеруге болады.
Заңды коллекторлардан қорқудың қажеті жоқ. Олардың қызметі нысанасы кредиторға берешекті сотқа дейін өндіріп алу және реттеу, сондай-ақ берешекке байланысты ақпарат жинау жөнінде қызметтер көрсету болып табылатын шарт негізінде жүзеге асырылады. Олар ҚР Парламенті Сенатының ұсынымымен әзірленген және 2021 жылы Қазақстанда қабылданған Коллекторлық агенттік қызметкерінің кәсіптік этикасының үлгілік кодексіне сәйкес жұмыс істейді. Борыштарды қайтару үшін коллекторлық агенттіктер өркениетті және ашық тетіктерді қолданатынына қарамастан, олармен өзара іс-қимыл жасаған кезде кейбір жағдайларды білу керек.
Толығырақ «Кредиттер» бөлімінен оқыңыздар.
Қаржылық сауаттылық жөнінде балаларға арналған жаңа кітап: Freedom Life ӨСК және FinGramota.kz бірл...
Сатып алулар жасау үшін виртуалды картаны қалайша дұрыс пайдалану қажет
Кері байланыс: қазан айында жиі қойылған сұрақтарға жауаптар
«Жалақыға дейінгі кредит»: мұндай микроқарыздар беру жағдайында не өзгерді
Еурохаттама: шығынды өтеудің жеңілдетілген процесі
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?