Студенттердің инвестициялық сауаттылығын арттыру мақсатында Fingramota.kz интернет-порталы мен «Туран» университетінің Қаржы және есеп жоғары мектебі бірлесіп «Бастапқы инвесторларға арналған: акциялар, облигациялар, қорлар және ETF» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді.
Дәрістің спикері – Азиза Ордабаева, «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) клиенттермен жұмыс департаментінің директоры.
Іс-шара барысында студенттер акциялар мен облигациялар арасындағы айырмашылықтармен, инвестициялық қорлар мен ETF-тердің жұмыс істеу қағидаттарымен танысты, сондай-ақ әртараптандырылған инвестициялық портфель қалыптастыру бойынша тәжірибелік кеңестер алды.
Дәріс интерактивті форматта өтті: қатысушылар сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісіп, Қазақстандағы инвестициялық мәдениеттің даму үрдістерін талқылады.
«Көп ойнаған бір жылар»: неліктен алаяқтармен ойнау жақсылыққа әкелмейді
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Автосақтандыру: 2026 жылдан бастап жүргізушілер үшін не өзгереді
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Қате ақша аударымы, не істеу керек: қадамдық нұсқаулық
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?