Интернет-алаяқтардың тұзағына түсіп қалмау үшін не істеу керек? Бұл туралы «Актер бар кітап» атты театрландырылған event іс-шарасының жас өспірім қатысушыларына ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілі айтып берді. Іс-шара Алматыда 2022 жылдың 19 ақпанында «Алтын кілт немесе Буратиноның басынан кешкендері» ертегісінің желісі бойынша Fingtramota.kz қаржылық сауаттылықты арттыру жобасының шеңберінде өтті.
Осы іс-шараны ұйымдастырушылар – «Алматыкітап баспасы» баспа үйінің өкілдері «Ойын» атты тұңғыш тәуелсіз балалар театрымен бірлесіп атап өткендей, «Актер бар кітап» event іс-шарасының мақсаты – кітапты талантты актерлердің дауыстарымен жандандырып сөйлете білу. Және оған қол жеткізді!
Бұл күні Алексей Толстойдың танымал және барлығы жақсы көретін «Алтын кілт немесе Буратиноның басынан кешкендері» ертегісі әдеби клуб форматында филология ғылымдарының кандидаты, UIB доценті Шолпан Әдібаевамен талқыланды, ал «Ойын» театрының талантты актерлері осы тамаша кітаптан үзінділер оқыды. Іс-шараға қатысқан, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің маманы Дмитрий Акмаев, өз кезегінде, интернеттегі бейтаныс адамдарға неге сенбеу керек екенін, Желіде және офлайнда алдаудың қандай тәсілдері бар екенін және Буратиноның орнында болмау және қаржылық алаяқтардың құрбаны болмау үшін қандай сақтық шараларын сақтау керектігін айтты.
«Өзіңіздің және ата-анаңыздың құжаттарыңыздың, төлем карточкаңыздың фотосуреттерін, әсіресе артқы жағындағы үш таңбалы кодты, SMS-тен алынған кодты және әкелер мен аналар құпия ұстайтын басқа да ақпаратты ешкімге, әсіресе бейтаныс адамдарға жібермеңіз. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, тексерілмеген көздерден қарақшылық қосымшаларды жүктемеңіз. Егер желіде қандай да бір проблемалар туындаса, олар туралы ересек адамдарға дереу айтыңыз», – деп кеңес берді Д. Акмаев.
Ахмет Жұбанов атындағы мектептің оқушылары музыкалық аспаптарда (скрипка, виолончель, фортепиано) тамаша ойнауымен event іс-шарасына ерекше көңіл-күй сыйлады.
Бұл іс-шараның ойын форматы жас қатысушыларға өте ұнады, ал Fingramota.kz өз кезегінде балаларға және олардың ата-аналарына цифрлық гигиенаның маңыздылығы туралы ескертті – бұл сіздің жеке деректеріңізді кибералаяқтардан қорғауға көмектесетін қарапайым қауіпсіздік ережелері.
Fingramota.kz-пен бірге бала кезден бастап өз қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!
Алаяқтар трендте: алдаудың нақты жағдайлары және одан қорғану әдістері
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Несие тарихына не әсер етеді және оны қалай жақсартуға болады
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт