Кредиттік карта қалай жұмыс істейді
Кредиттік карта – банктің кредиттік ақшасы бар төлем картасы. Банк тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін қарыз беруге дайын ақша сомасын – кредиттік лимитті белгілейді. Сіз бұл ақшаны банкке пайызбен қайтарасыз.
Кредиттік карта тұтынушылық кредиттерді және мұқтаждыққа алынған кредитті алмастырады. Банк алдында кредитті нысаналы пайдалану туралы есеп берместен, оны пайдалану мүмкіндігі, сондай-ақ өтегеннен кейін кредиттік желіні тұрақты қайта қалыпқа келтіру мүмкіндігі кредиттік карталардың басты артықшылығы болып табылады.
Кредиттік карта туралы мынаны білу қажет:
Кредиттік лимит
Банк сіздің өтінішіңізді қарағаннан кейін сізге борышқа беруге дайын болатын сома. Мысалы, сіздің кредиттік лимитіңіз - 200 000 теңге. Сіз бұл ашаны өзіңіздің қалауыңыз бойынша жұмсайсыз: 190 000 теңгеге бір ноутбук алуыңыз мүмкін немесе 20 000 теңгеден он зат сатып алуыңызға болады. Сіз банкке борышты қайтарғаннан кейін кредиттік желі жаңадан ашылады.
Грейс-кезең (жеңілдігі бар кезең)
Бұл банк қаражатты пайдаланғаны үшін ең төменгі пайызды есептейтін немесе оны мүлдем есептемейтін мерзім. Маңызды талап – берешекті жеңілдігі бар кезең аяқталғанға дейін өтеу.
Пайыздық мөлшерлеме
Егер сіз жеңілдігі бар кезеңде ақшаны қайтармасаңыз, онда банк пайызы есептейді. Банктік сыйақының мөлшері – пайыздық мөлшерлеме – әрдайым шартта көрсетіледі.
Қателер жібермеңіз
Кредиттік карта банк сіздің шығысыңызды төлейді деген сияқты қиялды туындатады. Іс жүзінде, сіз әлі де еңбекпен өтемеген ақшаны жұмсайсыз. Азық-түлікке немесе коммуналдық қызметке кредиттік картамен ақы төлесеңіз, онда мүмкін, сіздің отбасылық бюджетіңіз дұрыс емес пе деп бен ойланыңыз. Кредиттік картаны сауатты пайдаланыңыз және өз қалтаңыздан төлейтін қате жібермеңіз.
Картаны жай ғана ресімдемеңіз
Банк кредиттік карта үшін ол «бір жағдайға» деп жатса да және сіз оны пайдаланбасаңыз да ақша алады. Сіз қандай да бір жағдайда картаға қызмет көрсетілгені үшін ақша төлейсіз.
Қиын жағдайда кредиттік картаны ашпаңыз
Сізде ақшамен проблемалар болған кезде, сіз оны тез шешкіңіз келеді. Жағдайдан шығудың ең нашар шешімі – кредиттік картаны дереу ресімдеу. Сізде пайдалы талапты іздестіруге уақыт жоқ, сіз шартқа назар аудармай оқып шығасыз, қарызды қайтару туралы ойламайсыз және қанша ақша қайтару керектігін есептемейсіз.
Борышты қайтару туралы ойланыңыз
Ақшаны қалай қайтаруды білмесеңіз, кредиттік картадағы ақшаны жұмсамаңыз. Егер сіз жұмыстан шықсаңыз және екі ай бойы әңгімелесуге барсаңыз, онда кредиттік карта көмектесуі мүмкін және тиіс. Алайда бұл қаржылық қиындық өзімен өзі шешіледі деген үмітпен барлық кредиттік лимитті сіз бір аптада жұмсайтыныңызды білдірмейді.
Қолма-қол ақшаны алып алмаңыз
Кейбір кезде қолма-қол ақша қажет болады: мысалы, жүк тиеушілерге немесе сантехникке ақша төлеу қажет. Оны егер картада ондай мүмкіндік бар болуын білмесеңіз кредиттік картадан алмаңыз. Кейбір кезде жеңілдігі бар пайызсыз кезең қолма-қол ақшасыз төлемдер жасалған кезде ғана қолданылады. Егер банкоматтан ақша алсаңыз, банк ақшаны қолма-қол ақша ретінде алғаны үшін пайыз алады және пайыз есептей бастайды.
Шартты ескеріңіз
Сіз жеңілдігі бар кезең аяқталғанға дейін ақшаны қайтарамын деп сенімді болып шартты оқымайсыз. Алайда ешкім төтенше жағдайдан сақталмаған, сондықтан пайыздық мөлшерлемені және ықтимал айыппұлдарды біліп алыңыз.
Брондауды кредиттік картамен растаңыз
Кредиттік картаны сапарларда отельдерді брондау немесе автомобильді жалдау үшін пайдаланыңыз. Отель картадағы соманы бұғаттайды, ал қолма-қол ақшамен төлем жасалғаннан кейін бұғаттауды алып тастайды. Банк бұл сомаға пайыз есептемейді, себебі ақша алынбады.
Кредиттік карта туралы ұмытпау қажет:
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды