Міндетті сақтандыру: қаржы реттеушісінің статистикасы

time 10.11.2020

Қазіргі әлемде сақтандыру жалпы экономикалық тұрақтылық пен қауіпсіздікті, кәсіпкерлік қызметті дамытуды, сондай-ақ түрлі тәуекелдерден тиімді қорғауды қамтамасыз ететін маңызды және қажетті құрал болып табылады. Сақтандыру микродеңгейде сақтандыру жағдайының басталу тәуекелін кәсіпқойға – тәуекелмен жұмыс істеу бойынша құзыретті мамандары бар сақтандыру ұйымына ауыстыру арқылы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау тәсілі ретінде көрінеді.

Қазақстан Республикасында, бүкіл әлемдегі сияқты сақтандырудың белгілі бір, оның ішінде міндеттілік дәрежесі бойынша – ерікті және міндетті сақтандыру нысандары бар.

Ерікті сақтандыру – қолайсыз жағдайларда сіздің мүдделеріңізді қорғайтын сақтандыру. Міндетті сақтандырудан айырмашылығы, ол тек сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы өзара келісім бойынша жасалған шарт негізінде туындайды.

Міндетті сақтандыру – бұл заңнамалық актілердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру, оның түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленеді.

Сақтандырудың міндетті түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 21 наурыздағы №38 өкімімен айқындалған.

Міндетті сақтандыру түрлері

Сақтандыру сыныптарының атауы

 

01.09.2020ж. жағдай бойынша

лицензиясы бар, жалпы сақтандыру саласындағы сақтандырушылардың саны

2

3

Міндетті сақтандыру

 

көлік құралдары иелерінің АҚЖ

17

тасымалдаушының жолаушылар алдындағы АҚЖ

18

жекеше нотариустардың АҚЖ

10

экологиялық сақтандыру

16

аудиторлық ұйымдардың АҚЖ

7

туристі сақтандыру

6

қызметі үшінші тұлғаларға зиян  келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің АҚЖ

16

қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру

9


Сақтандырушылар бойынша толық ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында (www.gov.kz) орналастырылған.

Осы мақалада біз жасалған көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚІ АҚЖ МС) шарттары статистикасын қарастырамыз, өйткені бұл сынып көп таралған болып саналады.

Бүгінгі күнде КҚІ АҚЖ МС-ны 17 сақтандыру ұйымы жүзеге асырады.

КҚІ АҚЖ МС-ның ерекшелігі сақтанушыны қаржылық залалдан қорғау ғана емес, оның мүліктік мүдделерін қорғау, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды өтеу болып табылады. Соңғы 15 жыл бойы бұл сынып сақтандыру нарығында ең қарқынды дамып келеді.

Fingramota.kz «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары (бұдан әрі - Ұйымдар) бойынша негізгі қаржылық көрсеткіштерге шолуды дайындады.

Ұйымдардың соңғы бес жылда активтерінің, меншікті капиталының және сақтандыру резервтерінің серпіні, (млрд теңге)


Сақтандыру сыйлықақыларының серпіні

2020 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша міндетті сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемі өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 3,6%-ға азайып, 53 450 млн болды.

Міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру сыйлықақыларының түсімі (мың теңге)

Сақтандыру сыныптарының атауы 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 

өзгеріс, %-бен

01.09.2019г.

01.09.2020г.

1

2

3

4

5

1

Міндетті сақтандыру 

55 458 997

53 449 986

-3,6

1.1

көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі

50 551 598

50 078 655

-0,9

1.2

тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі

1 677 954

1 545 664

-7,9

1.3[1]

өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру 

56 567

1

-100,0

1.4

Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру

35 087

35 943

2,4

1.5

экологиялық сақтандыру

825 993

875 983

6,1

1.6

аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгі

23 336

25 602

9,7

1.7

туристі сақтандыру

1 845 950

437 135

-76,3

1.8

қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi

430 768

451 003

4,7

1.9

қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру

11 744

0

-


Бұл ретте, сақтандыру объектілерінің қамтылуына байланысты оны жүргізудің міндетті нысаны сақтандырудың осы түрін жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінде жетекші орындардың біріне жататынын ескереміз (КҚИ АҚЖ МС – 94%.) КҚИ АҚЖ МС  сақтандыру сыйлықақылары бойынша үздік 10 ұйым, (%)

 Сақтандыру сыйлықақыларының динамикасы (млрд теңге) 

Сақтандыру төлемдері

2020 жылдың басынан бастап жасалған сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі (қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін шегергенде), сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша 18 715 млн.теңге немесе Ұйымдардың сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемінің 23,5% қалды, бұл 01.09.2019 жылғы жағдай бойынша ұқсас көрсеткіштен 5,6%-ға кем.

Сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша сақтандыру төлемдерінің негізгі үлесін КҚИ АҚЖ МС алады – 96%.

Міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру төлемдерінің түсуі (мың теңгемен)

Сақтандыру сыныптарының атауы

Сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығыстар

өзгеріс, %

01.09.2019ж.

01.09.2020ж.

1

2

3

4

5

1

Міндетті сақтандыру

19 817 272

18 714 603

-5,6

1.1

көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі

18 927 481

18 034 325

-4,7

1.2

тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі

45 381

220 902

386,8

1.3

өсімдік шаруашылығын сақтандыру

-

517

-

1.4

жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

-

-

-

1.5

экологиялық сақтандыру

106 704

447

-99,6

1.6

аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі

-

-

-

1.7

туристі сақтандыру

167 183

347 025

2,1 есе

1.8

қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі

-

3 887

-

1.9

қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру

555 054

106 712

-80,8

1.10

сақтандырудың басқа түрлері (сыныптары)

15 469

788

-94,9 

КҚИ АҚЖ МС бойынша сақтандыру төлемдері бойынша 10 үздік ұйым, (%)

Сақтандыру төлемдерінің серпіні  (млрд теңге)

Шарттар жасасу динамикасы, (бірлік)

2020 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша міндетті сақтандыру түрлері бойынша 3,3 миллионға жуық сақтандыру шарты жасалды, оның 95%-ы КҚИ АҚЖ МС бойынша жасалды, бұл 01.09.2019 жылғы жағдай бойынша ұқсас көрсеткіштен 19,0%-ға төмен.

Соңғы бес жыл ішінде сақтандырудың міндетті түрінде көбіне КҚИ АҚЖ МС сақтандыру шарттары есебінен оң өсу серпіні байқалды.

Қазіргі таңда Қазақстанның сақтандыру нарығы бойынша ҚҚИ АҚЖ МС  бойынша ағымдағы залалды талдау  сақтандыру ұйымдары, көлік құралдарын тіркеу аумағы және сақтандырудың өзге де өлшемдері бойынша залалдың үлкен өзгергіштігін көрсетіп отыр. Бұл ретте  залалдықтың жалпы деңгейі барынша төмен деңгейде сақталып отыр, бұл қолданыстағы сақтандыру тарифтерінің олардың нақты мәнінен ауытқушылықтарын көрсетіп отыр. Сәйкесінше қазіргі сәтте ҚҚИ АҚЖ МС бойынша қолданыстағы сақтандыру тарифтерін қайта есептеу мәселесі өзекті болып отыр.

Ағымдағы жылғы тамызда заң шығарушылық қызмет мәселелері бойынша ВАК-тың кезекті отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және  бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасы тұжырымдамасы мақұлданды, бұл сақтандырудың міндетті сыныптарын, оның ішінде КҚИ АҚЖ МС-ны жетілдіруді көздейді.

Атап айтқанда, КҚИ АҚЖ МС тиімділігін арттыру мақсатында халықаралық тәжірибені ескере отырып сақтандыру тарифтерін есептеу моделін қайта қарау және шығындар негізінде есептелген түзету коэффициентіне байланысты өңірлік бөлікте сақтандырудың икемді тарифтерін белгілеу жоспарлануда. 

Бұдан басқа, көлік оқиғасын рәсімдеу және сақтандыру төлемін алу процесін жеңілдету үшін КҚИ АҚЖ МС бойынша сақтандыру төлемдерін онлайн режимінде жүзеге асыру тетігін заңнамалық тұрғыдан анықтау ұсынылады.

white-arrow Тізімге