Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қаржылық қолжетімділікті және қаржылық көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру жөніндегі жұмыс тобы қызметінің шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қаржылық қызметтер көрсету және оларға қызмет көрсету жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірледі.
Әдістемелік ұсынымдар «Қаржылық инклюзия» жобасымен және Қ.Иманәлиев атындағы мүмкіндігі шектеулі адамдар істері жөніндегі комиссиямен бірлесіп қаржылық қолжетімділікті арттырудың халықаралық тәжірибесі негізінде қалыптастырылған және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қаржылық қызметтер көрсетуді және қаржы ұйымдарының бөлімшелерінде, сондай-ақ қашықтан қызмет көрсету тәсілімен сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Әдістемелік ұсынымдарда көру, есту немесе сөйлеу, тірек-қозғалыс аппаратының ауытқуы, ментальды ауытқу сияқты түрлі ауытқулары бар клиенттер үшін қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағыттары мен оларға қызмет көрсету ерекшеліктері көрсетілген.
Басып, әдістемелік ұсынымдармен танысуға, сұрақтар қоюға немесе ұсыныстар беруге болады.
«Құпия Санта» желіде: алдаудың жаңа схемасы
Қазақстанда азаматтардың қаржылық сауаттылық деңгейі өсуде
Қазақстандықтар кредиттерге қалай қарайды – Fingramota.kz пікіртерімі
Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң туралы
Қазақстандықтар алаяқтықты қалай танып-біледі: екі жылдық зерттеу барысында не өзгерді
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады