Ағымдағы жылғы 4-5 наурызда Женевада БҰҰ Мүгедектігі бар адамдар құқықтары жөніндегі комитеттің 30-шы сессиясы өтті. БҰҰ-ның Мүгедектерінің құқықтары туралы конвенциясын орындау бойынша Қазақстанның баяндамасын қорғау үшін құрылған Үкіметтік делегация құрамына ҚНРДА Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев кірді. Делегаттардың қатарында Парламент Сенатының депутаттары, мүгедектігі бар адамдардың (МБА) құқықтары жөніндегі қоғамдық ұйымдардың және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары да бар. Делегацияны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова басқарды.
Александр Терентьев атап өткендей, мүгедектігі бар адамдар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру және оларды қаржы жүйесіне интеграциялау Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басым бағыттарының бірі болып табылады.
«Көп жылдар бойы бұл жобаны «Қайрат Иманалиев атындағы Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комиссия» ҚБ басқарған Вениамин Алаев алып жүрді. Сонымен бірге біз 2020 жылдан бастап жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін кедергісіз қаржылық ортаны құру жұмысын жүргізе бастадық және бүгінгі таңда белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздік. Ол үшін Комиссияның қазіргі басшысы Гүлмира Бурашеваға алғысымды білдіремін», - деді қаржы реттеушісінің өкілі.
Мәселен, 2023 жылғы 7 қарашада ҚНРДА-ның, Қайрат Иманәлиев атындағы Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комиссияның, ҚҚҚ-ның, қаржы ұйымдарының бірлескен жұмысының арқасында «Мүгедектігі бар адамдарға және халықтың басқа да жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызметтер көрсету бойынша қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігіне қойылатын талаптар» 38-44 Ұлттық стандарты бекітілді. Александр Терентьевтің айтуынша, Агенттік қаржы ұйымдарында қаржылық қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша заңнамалық түзетулер енгізуде. Бұл Жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға қаржылық қызметтер көрсетудің бірыңғай тәртібін айқындау, Ұлттық стандартқа сәйкес олар үшін қаржы өнімдері желісін кеңейту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында жасалады.
«Біз мүгедектігі бар адамдар қаржы нарығының толыққанды қатысушысы болып, қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде тең мүмкіндіктері мен құқықтарының болуы үшін халықтың осы тобы үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына байланысты мәселелерді шешуге әрқашан қолдау көрсетуге және жәрдемдесуге дайынбыз», – деп түйіндеді Александр Терентьев.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде 2020 жылы әдіснамалық базаны әзірлеу үшін Қазақстан Республикасында қаржылық инклюзияны дамыту жөніндегі мамандандырылған орган – Мүгедектігі бар адамдар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобы құрылғанын еске саламыз. Жұмыс тобының құрамына Парламент Мәжілісінің депутаттары, адам құқықтары жөніндегі сарапшылар, МБА мүддесін білдіретін қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ (бұдан әрі – ҚҚҚ) және қаржы ұйымдары кірді.
«Жаңа жылдық фейктер»: мереке қарсаңындағы қарбаласта алаяқтардың қақпанына түспеу жолдары
AQYL дегеніміз не және білім беру депозитін онлайн қалай ашуға болады
Егер сізде бірнеше кредитіңіз болса: оларды мерзімінен бұрын қалай дұрыс өтеуге болады
Онлайн-сақтандыру дегеніміз не және сақтандырушылар балаларға қандай өнімдерді ұсынады?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
Криптовалюта дегеніміз не және ол қайда пайдаланылады?