Ағымдағы жылы көктемгі күн мен түннің теңесуі – «Наурыз» мерекесі қарсаңында қазақстандықтар бес күн демалады. Сондай-ақ мерекелік демалыс күндері оқушылардың демалысымен сәйкес келеді.
Осындай уақытта көптеген туристік агенттіктер, авиакомпаниялар мен қонақ үйлер ұсынылатын қызметтердің құнын шарықтатып жібереді.
Бірлескен отбасылық демалысты қалай дұрыс жоспарлау керек және қалай артық шығындалмау керектігі жөнінде Fingramota.kz айтады.
Алдын ала брондау
Ерте брондаудың артықшылығы – авиакомпаниялар мен турагенттіктердің белгілі бір жеңілдіктері, сонымен қатар сіздің бюджетіңіз үшін тұру мен демалудың оңтайлы нұсқаларын таңдау мүмкіндігі.
Әрқашан ресми сайттардағы және балама брондау сайттарындағы бағаларды салыстырыңыз. Әртүрлі туристік агенттіктердің ұсыныстарын алдын ала зерттеңіз. Белгілі бір қонақ үйлер кейбір туристік агенттіктерде арзанырақ болуы мүмкін, өйткені оларда үлкен пакеттік жеңілдіктер жүйесі бар.
Қонақ үйді таңдағанда тек оның құнын ғана ескеріп қоймау қажет. Мысалы, кейде апартаменттер мен пәтерлер қонақүйлердегі бөлмелерге қарағанда арзанырақ болады. Бірақ жеке тамақтанудың құны қымбатырақ болуы мүмкін және сіз «all inclusive» үшін төлегендей, тамаққа көп ақша жұмсайсыз.
Бірінші желідегі қонақ үй, әрине, арзан, бірақ егер қонақ үй трансфер қызметін ұсынбаса, жағажайға дейінгі жол шығындарын ескеруге тура келеді.
Көптеген ірі туроператорлар жолдама ақысын бөліп төлеуді ұсынады. Бірақ мұндай ұсынысты таңдамас бұрын қаржылық мүмкіндіктеріңізді мұқият зерттеңіз.
«Күйіп кетейін деп тұрған» жолдамалар
Егер сіз тәуекелден қорықпайтын, ширақ адам болсаңыз, мерзімі таяп, «күйіп кетейін деп тұрған» жолдамаларды қарастыруға болады. Ұшудан бірнеше күн немесе бір-екі сағат бұрын турагенттіктер туристік жолдамаларға акциялар жариялайды. Кейбір жағдайларда 20-30%-ға немесе одан да жоғары жеңілдіктер болады. Ірі және желілік отельдер де бос нөмірлер қалып жатса, жақсы жеңілдіктер жасайды.
Саяхатқа өз бетіңізше шығыңыз
Өз демалысыңызды турагенттікті қатыстырмай да ұйымдастыруға болады, ол үшін өзіңіз біраз ізденсеңіз жеткілікті. Бұл жерде төмен бағаға жолдама тауып, бронь жасай алу – тиімді саяхаттар үшін сіздің бюджетіңізге таптырмайтын дағды. Визаларды дербес ресімдеңіз, осылайша сіз делдалдар мен турагенттіктің қызметтеріне үнемдей аласыз. Билеттерді, отельдер мен экскурсияларды алдын ала броньдап қойыңыз. Ол үшін сіз онлайн-сервистерді пайдалана аласыз.
«Сақтандыру» туралы да ұмытпаймыз
Ауру айтып келмейді. Сақтандыру тек виза алу үшін ғана емес, кенеттен сырқаттанып қалу жағдайларынан сақтандыру үшін де қажет. Турагенттіктерде сақтандыру туристік топтамаға «әдеттегі тәртіп бойынша» кіреді. Саяхат алдында әрбір турист турагенттік арқылы сақтандыру сертификатын немесе сақтандыру полисін, сондай-ақ турист шетелде қиын жағдайға душар болып қалған жағдайда оның іс-әрекетін регламенттейтін нұсқаулық алуы тиіс. Алайда, «міндетті сақтандыру», әдетте, шығындардың тек бір бөлігін ғана өтейді, ал қалған бөлігін өзіңіздің өтеуіңізге тура келеді. Шетелдерде медициналық қызметтердің өте қымбат екенін атап өту қажет. Демалыстағы жай тұмау сіздің бюджетіңіз үшін қымбатқа түспеуі үшін сақтандыру компанияларының ұсыныстарын зерделеңіз және өзіңіз үшін барынша тиімді, әлеуетті шығындарыңызды барынша жабатын нұсқасын таңдаңыз.
Қолма-қол ақша және банктік карта
Валютаңызды алдын ала айырбастап алыңыз. Саяхатқа шыққанда ең дұрысы өзіңізбен бірге азын аулақ қолма-қол ақша (ұсақ купюралармен) және банк картасында – жұмсағыңыз келетін белгілі бір соманы алғаныңыз дұрыс.
Қаржылық алаяқтардың айла-амалдарына тап болмас үшін киберқауіпсіздік саласындағы мамандар саяхат үшін бөлек төлем картасын алуға кеңес береді. Қажет болған кезде төлем картаға онлайн-банк арқылы негізгі шоттан аздаған соманы аударыңыз. Карта бойынша операцияларға лимит орнатыңыз және Желіге қосылу қауіпсіздігін қадағалаңыз.
Көлік қызметтері
Егер сіз дербес саяхаттауды жоспарласаңыз немесе әуежайдан қонақ үйге дейінгі трансфер сіздің турпакетіңізге кірмесе, онда интернет-сервистердің көмегімен трансферге тапсырыс бере аласыз. Неғұрлым үнемді нұсқа – қоғамдық көлікті пайдалану: автобус, метро немесе пойыз. Сондай-ақ, кейбір қалаларда сіз «carsharing» қолдана аласыз. Бұл бейінді компаниялардан бір минуттық төлем үшін автокөлік жалдау нұсқасы, сондықтан сіз тек бензиннен ғана емес, тұрақтан да үнемдейсіз.
Форс-мажор
Сіз тур пакетіне ақы төлеп қойдыңыз немесе турға дербес тапсырыс бердіңіз, чемодан дайын, бірақ пандемия сіздің жоспарларыңызға түзетулер енгізді және шетелге шығуға мүмкіндік жоқ. Бұл жағдайда сіз келесі шараларды қабылдауыңыз керек:
Өзіңізді күтіңіз, ақшаңызға абай болыңыз және Fingramota.kz-мен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз.
Алаяқтар трендте: алдаудың нақты жағдайлары және одан қорғану әдістері
Жеңіл ақша және үлкен пайда: неліктен алаяқтардың уәделеріне сенуге болмайды
«Жалақыға дейінгі кредит»: мұндай микроқарыздар беру жағдайында не өзгерді
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Қаржылық инклюзияны дамыту – реттеушінің негізгі басымдықтарының бірі