1. Есептеу
Өз шығындарыңызға басқаша көзқараспен қарағыңыз келе ме? Оларды жазып, чектерді сақтаңыз. Сол кезде Сіз қосалқы сатып алуға қанша ақша жұмсайтыныңызды көріп, таң қаласыз.
Қойын кітапша алыңыз немесе үй бухгалтериясына арналған бағдарламаны жүктеңіз. Оған барлық сатып алу жоспарланған заттар мен міндетті шығындарды енгізіңіз: коммуналдық қызмет ақысы, жұмыстағы түскі ас және т. б.
Құттықтағыңыз келетін туыстарыңыз бен достарыңыздың туған күндерін қайта жазыңыз, болжамды сомаларды көрсете отырып, сіздің ойыңызша, шығындарға әкелетін барлық болашақ оқиғаларды түгел енгізіңіз. Мүмкіндігінше жақын болашағыңыздың көрінісін ақшалай түрде толық жасауға тырысыңыз.
Тек шығындарыңызды бақылау арқылы Сіз бюджетіңізді үнемдеуге қол жеткізе аласыз.
2. Жеңілдіктер
Статистика бойынша жалақының көп бөлігі отбасы үшін азық-түлік пен тауарларды сатып алуға жұмсалады. Бұл шығындарды қалай үнемдеуге болады? Акциялар, сатылымдар қашан өткізілетінін біліңіз. Сондай-ақ Сіз жиі кіретін дүкеннің пластикалық картасының болуы да жақсы мүмкіндік. Әдетте мұндай карталарды ұстаушылар 3-тен 20%-ға дейін сатып алуға жеңілдік алады. Сондай-ақ кэшбэк бар жерде төлем карталарымен төлеу тиімді.
3. Депозит
Банкте шот ашыңыз. Бұл ақша жинақтаудың тиімді тәсілдерінің бірі, соның арқасында сізде күтпеген шығыстарға арналған бос қаражат әрқашан қолыңызда болады. Бірақ есіңізде болсын, жалақы алғаннан кейін бірден салым салған дұрыс, өйткені Сіз оны әлі жұмсап үлгермейсіз. Жеке капиталды басқару саласындағы мамандар ай сайын табыстың 10%-ын үнемдеуді ұсынады.
4. Қарызсыз өмір
Қарызға ақша алмауға тырысыңыз, әсіресе кредит алуға асықпаңыз. Өйткені, банктік пайыздарды қайтаруыңыз керек болады. Асығыс шешім қабылдамаңыз. Өзіңізге ойлануға бір күн уақыт беру – өте жақсы кеңес.
«Жеті рет өлшеп, бір рет кес» демекші, ертең сіз, мысалы, аса қажет емес техниканы кредитке алуға шешім қабылдап, ол үшін ұзақ уақыт бойы ақша төлеуіңіз әбден мүмкін. Өзіңіздің қаржылық мүмкіндіктеріңізге сеніп, еңбекке жарамсыз болған жағдайда қаржылық қауіпсіздік жастығына ие болуды ойлау қажет. Қарызға батпай, мүмкін Сіз ай сайын белгілі бір соманы жинап, содан кейін ғана қажетті тауарды сатып алғаныңыз жөн болар.
Fingramota.kz-пен бірге қаржылық жағынан сауатты болыңыз!
Зейнеткерлерге ескерту: алаяқтардың телефон арқылы ойлап тапқан жаңа схемалары
«Ақшамды жоғалтып аламын ба деп қорқамын »: байланыссыз төлемдер қауіпсіз бе?
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу - тиімді!
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
Квишинг: алаяқтар казақстандықтардың гаджеттеріне қалай шабуыл жасайды