Кез келген басқа шарт сияқты, банктік салым шарты да маңызды талаптарды қамтиды, оларға шартқа қол қоймас бұрын баса назар аудару керек. Салымшылардың үміттері шындыққа сәйкес келуі үшін, Fingramota.kz депозит ашуға шешім қабылдаған адамдармен нұсқаулықпен бөліседі.
1-қадам. Салым мақсатын анықтап алыңыз
Банкке өз қаражатыңызды салмас бұрын, өзіңіз үшін салынған қаражаттан не күтетіндігіңізді шешіп алыңыз. Бүгінгі таңда банктер депозиттердің үш түрін ұсынады (Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жіктеуі бойынша): мерзімсіз, мерзімді және жинақ.
2 -қадам. Өз деректеріңізді тексеріңіз
Бірінші кезекте, міндетті түрде өзіңіздің дербес деректеріңіздің дұрыс толтырылғанына назар аударыңыз. Жеке басыңызды куәландыратын құжаттың және ұялы байланыс телефоныңыздың нөмірінің дұрыс жазылуын тексеріңіз, себебі сіз мұндай қызметті қосатын болсаңыз бұдан әрі дәл сол нөмірге дербес ақпарат, оның ішінде шот бойынша операциялар және басқа да сізге қажетті ақпаратпен SMS-хабарлар келетін болады.
3-қадам. Сыйақы мөлшерлемесі және комиссиялар туралы біліп жүріңіз
Банктер өздерінің салымдарын «ең тиімді пайыздармен» белсенді түрде жарнамалайды. Алайда жарнамаға сенбеңіз, одан да банктің менеджерінен сіз ашқыңыз келетін депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің қазіргі уақытта қанша болатынын сұраған жөн. Мысалы, мөлшерлеме шарттың мерзімі ішінде сомаға байланысты өзгеруі мүмкін.
4-қадам. Пайыздарды есептеу және төлеу талаптарымен танысыңыз
Сондай-ақ банктік салым шартында пайыздарды есептеу және төлеу талаптарын тексеріңіз. Төлемнің күніне назар аударыңыз. Егер салым пайыздарды капиталдандыруды болжаса, онда кезеңділік қандай болатынын нақтылаңыз. Көбінесе ай сайынғы капиталдандыру бар, бірақ ең тиімдісі -күнделікті.
5-қадам. Толықтыру және мерзімінен бұрын алу мүмкіндігінің талаптарын нақтылаңыз
Шартта депозитті толықтыру немесе алу, оның ішінде ішінара алу бойынша қандай да бір шектеулер жазылған-жазылмағанына назар аударыңыз. Кейбір ұйымдар салымды толықтырудың ең төменгі немесе ең жоғары мөлшерін енгізеді, ал мерзімінен бұрын алу үшін айыппұл салынуы мүмкін. Банктер шартты мерзімінен бұрын бұзу үшін комиссия ала алады, нәтижесінде берілетін сома салымның бастапқы сомасынан аз болуы мүмкін. Сондықтан да шартты мерзімінен бұрын бұзу талаптарына өз назарыңызды аударыңыз.
6-қадам. Салым мерзімін ұзарту туралы сұраңыз
Мерзімін ұзарту – салымшының қатысуын талап етпейтін, депозит мерзімін автоматты түрде ұзарту және бұл өте ыңғайлы қызмет. Яғни, шарттың мерзімі аяқталған кезде банк оны автоматты түрде ол ашылған мерзімге ұзартады. Банктік салым шартында мерзімін ұзарту мүмкіндігі, сондай-ақ ұзартудың ең көп саны жазылады.
7-қадам. Салымыңыз бойынша банк атынан хабарласқан қоңырауларға абайлап жауап беріңіз
Сақ болыңыз: алаяқтар салымды тиімді қайта ресімдеуді ұсыну арқылы немесе сіздің депозиттік шоттарыңызға хакерлік шабуылдар жасалады деп қорқыту арқылы банк қызметкерлерінің кейпінде жаппай хабар жіберіп, қоңыраулар жасайды.
Толығырақ «Депозиттер» бөлімінен оқыңыздар
Фишингтік сайттарды қалайша тануға болады: негізгі проблемалары және пайдалы ұсынымдар
Жылдам, ыңғайлы және пайдалы: неліктен автокөлік иелері Еурохаттамаға назар аударуы керек
Жаңадан бастағандарға арналған инвестициялық қосымша қалай жұмыс істейді?
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Қол сұғылмайтын» шот туралы алты факт
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма