ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстандағы IDF Eurasia тобымен бірлесіп Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен а.ж. 12 – 15 шілде аралығында Өскемен қаласында оқыту дәрістерінің циклын өткізеді.
Агенттік 2020 жылы өткізген әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы қаржылық сауаттылық деңгейі 30,1% болды, бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен төмен – 39,07%. Өңірдегі ең төмен көрсеткіштің бірі – қаржы жүйесі туралы хабардар болу (12,4%). Сондықтан да қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер циклы ШҚО-да басталып отыр.
Іс-шара шеңберінде қатысушылар қаржылық сауаттылық рөлі, қаржы өнімдері және олардың ерекшеліктері, жеке бюджет, қаражатты сақтау мүмкіндіктері, алаяқтықтың негізгі түрлері, олардан қорғану тәсілдері және басқа да көптеген мәселелер туралы білім алады.
Дәрістерге Өскемен қаласының барлық тұрғындары алдын ала жазылу арқылы қатыса алады. Дәрістер мемлекеттік тілде және орыс тілінде үздік спикерлер мен бизнес-жаттықтырушылардың қатысуымен өткізіледі: мемлекеттік тілде «Атамекен» ҰКП сертификатталған бизнес-жаттықтырушысы Ақжүніс Брасилова, орыс тілінде «Табысты қаржыландыру» жобасының авторы Роман Маргацкий өткізеді.
Дәрістер «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» Назарбаев даңғылы, 68 мекенжайы бойынша өтеді. Жазылу үшін телефоны: +7 777 383 2911.
Жыл соңына дейін Қазақстанның басқа да өңірлерінде қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер өткізу жоспарланып отыр. Біздің сайтымыздағы және әлеуметтік желілерде жаңалықтарды қараңыздар!
Салық шегерімдері дегеніміз не және 2025 жылы оны қалай қолдануға болады
Жеке сот орындаушылары "қол сұғылмайтын" банк шотын бұғаттауға құқылы ма?
«Стоп-кредит»: ол қалай жұмыс істейді және алаяқтардан қорғай алады ма
Қаржылық күнтізбе: жыл бойы шығындарды ақылмен жоспарлау және шектен шықпау?
Кредит ресімдеген кездегі қателіктер мен лайфхактар
«Стоп кредит»: кредиттік алаяқтықтан қорғану