Жаңа жыл қарсаңындағы практикум немесе әр айға арналған 12 пайдалы ойлар
Егер жыл соңында Сіз дебет пен кредитті ойдағыдай есептеп, барлық қарыздарыңыз жауып, депозит ашқан болсаңыз, онда сіздің жеке экономикаңыздың мықты іргетасы қаланды деп нық сеніммен айтуға болады. Ескі жылдың соңында қарыздарды таратып, Жаңа жылды қарызсыз бастау деген жақсы ырым бар екенін бәріміз жақсы білеміз.
Жыл бойы жеке бюджетті қалайша сауатты жүргізуге болады. Оның бәріне жарайтын тәсілі әрине жоқ. Алайда, біз қажеттілікке жарап қалар деген оймен неғұрлым жиі қолданылатын, әрбір айға бір-бірден пайдалы ойлармен бөліскіміз келеді.
ҚАҢТАР. Отбасылық бюджетті нақтылап алудың уақыты келді.
Әрине, алдымен өткен жылдың шығыстарын түгендеп алуға тырысыңыз. Егер сіз қаржы күнделігін, жеке бухгалтерияңызды, бас кітапты жүргізбесеңіз, онда жай ғана жадыңызда қалған шығыстардан ең маңыздысын ажыратып алыңыз. Оның ішінде қайсысы жүйелі, қажетті, міндетті болғанын, ал қайсылары кездейсоқ және керексіз шығындар болғанына баға беріңіз. Олардың ішіндегі негізгілерін еске түсіріп, оларды кірісіңізбен (жеке немесе отбасылық) салыстырып көріңіз. Бұл - шығындарды негізгі мақсаттары бойынша топтарға бөлуге және болашақта босқа шығын шығармауға көмегін тигізуі мүмкін. Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...
Отбасылық бюджетте активтер мен пассивтердің есебі – ең бірінші кезектегі талап. Ақшаның қайда кетіп жатқанын түсіну үшін қаржылық жоспар құру қажет, оның бірден-бір амалы - өз кірістеріңіз бен шығыстарыңызды жазып отыру.
Кіріске тек кепілді кірістерді есептеп отырыңыз. Алайда, қосымша табыс көзін, лотереялық ұтыстар, сыйлықақылар, инвестициялық кірістер мен әжеңіздің мұрасын немесе бақшаңызда кездейсоқ тауап алған қазынаны жеке бағанға қалдырыңыз. Мұндай түсімдер болып жатса, құба-құп, оны жұмсаудың түрін үнемі табасыз. Таба алмасаңыз, одан сіздің бюджетіңіз ойсырамайды. Ол дұрыс есептеліп қойған.
Шығыстарды маңыздылығына қарай жоспарлаңыз: бірінші кезекте, әдеттегіде, ағымдағы өмірлік маңызы бар қажеттіліктерге немесе коммуналдық қызметтерге арналған баған. Бұл екі опция, әдетте, отбасы бюджетінің 60-70%-ын алады. Қалған ақша өз кезегімен балалардың оқуына, дәрі-дәрмекке, көлік, киім-кешек шығындарына, ойын-сауыққа жұмсалады.
Алайда, кірістің ең аз дегенде 10%-ын қорға сақтап қоюды ұмытпаңыз. Бұл ретте, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, нысаналы депозит – ең оңтайлы шешім болып табылады. Қазақстандықтардың көпшілігі бұл қағиданы ұстанады: Ұлттық Банктің деректеріне сәйкес ескі жылдың 10 айының қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың депозиттері 8,8 трлн. теңгеден асып түседі. Бұл халықтың «ақша қоржынының» тиімді түрі.
Егер, сіздің ақшаны депозитке апарып салуға уақытыңыз болмаса, банкке тиісті тапсырма беруіңізге болады. Сонда, аталған сома автоматты түрде салымға есепке жазылатын болады. Тіпті оны ашу үшін банкке барып жатудың да қажеті болмайды: барлық іс-әрекетті банктің жеке кабинетінде онлайн-режимде жүргізуге болады.
Отбасылық бюджеттің айнымас қағидасы: шығыстар баптарын араластырмау. Яғни, азық-түлікке, коммуналдық төлемдерге, дәрі-дәрмекке арналғандар (1-2%) және «қорға сақталған» - бұл жұмсалмайтын қор. Тағы бір шығын түрі – қайырымдылық. Бұл әркімнің мүмкіндігіне, ар-ұятына байланысты.
АҚПАН. Зейнетақы жоспарын жасаймыз.
Бұл - болашақ туралы ойлауға ең қолайлы ай. Терезеден көз салып, аппақ қар мен қытымыр суыққа қарап ойға шомғанда, жаз туралы ойлаудың өзі артық сияқты көрінеді… Ал кейбір адамдар зейнетке шығу туралы: оған әлі қайда, аман жетіп алайықшы деп ойлайды. Бірақ арасында БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы жинағының есебіне көз салып қойған артық болмайды. Сіз тіпті бар болғаны 18, 20 немесе 35 жаста болсаңыз да. Бұл туралы қай жаста болса да ойлау өте маңызды: жастық шақ, өкінішке орай, тез өте шығады. Сондықтан ақшаны бақылауда ұстау сияқты жақсы әдетке жастық шақтан бастап бой үйрету керек.
Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ....
НАУРЫЗ. Мерекелік шығындарды бақылаймыз.
Наурыз айында мерекелер көп екені белгілі. Наурыздың 8-дегі мерекенің өзі неге тұрады. Бұл мерекедегі шығындар Наурыздың барлық күніндегі дәстүрлі түрде жайылған дастархан шығындарынан асып кетеді. Наурыздағы сыйлыққа жұмсалған шығыстарды жаңа жылдық сыйлықтармен салыстыруға болады.
Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...
СӘУІР. Инвестициялар туралы ойлаймыз.
Өз ақшаңызды сақтау және көбейту үшін қандай сенімді қаржы құралын таңдау керек? Бірінші және айқын жауабы – бұл депозит. Қазақстанда депозиттің үш түрі бар: жинақ; мерзімді; мерзімсіз. Егер мақсат ақша табу болса – онда жинақ депозитті таңдау керек, ол бойынша мөлшерлеме ең жоғары. Осы салымдар бойынша ең жоғары кепілдік Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдігі – до 15 млн теңгеге дейін. Ай сайын қаралып отыратын кепілдік берілген мөлшерлемелердің өзгерістерін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКҚ) http://www.kdif.kz/ru сайтынан қадағалап отыруға болады.
Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...
МАМЫР. Тағы да – депозиттер туралы.
Енді нысаналы депозиттер туралы. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттерді шешуге көмектесетіндер туралы. Әдетте, ірі шығындар мәселесі туралы екі тәсіл бар. Біріншісі – адамдар бірнәрсе сатып алу немесе қандай да болсын міндетті шешу үшін досынан, банктен, мамасынан, туыстарынан ақша алуды дұрыс көреді. Басқалары ақшаны жинақтағанды дұрыс көреді. Алғашқылары иеленген игілікпен өмір сүреді және пайдаланады, бірақ үнемі қарыз болып, оларды пайызбен өтеп отырады. Екіншілері шығынды азайтып, кейінірек сатып алады, бірақ әдетте, қарызсыз және кредитсіз өмір сүреді. Сонымен қатар, олардың «армандаған заты үшін» ақша жинақтауға банк көмектеседі, ол депозит бойынша пайыздар төлейді. Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...
Бұл ретте әркім өз қалауы бойынша шешеді. Ең сенімдісі депозиторлар екендігі айдан анық. Банктер мерзімсіз және мерзімді салымдарды ұсынады. ҚДКБҚ кепілдігі олар бойынша 10 миллион теңгеге дейін құрайды. Желтоқсанның аяғына дейін теңгемен мерзімсіз депозиттер бойынша кепілдік берілген ең жоғары мөлшерлеме шамамен 9,8% деңгейінде белгіленді.
Мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлеме жағдайға байланысты 10,3%-дан 14,6% -ға дейін өзгереді. Осындай депозиттерді ашқанда, оның мақсаты мен атауын сұрағаныңыз жөн болар еді: «телевизор», «ағылшын тілі», «демалыс», «жөндеу жұмыстары», «тон». Бұл қор жинауға қосымша мотивация да, депозитті мерзімінен бұрын жабылып қалудан сақтайды. Айтпақшы, банктерде, әдетте, клиент үшін мынадай опция бар - жинау мақсатын өз бетінше анықтау.
Мысалы, мамырда ... жаңа жылдық мерекелер үшін алты айлық депозитті неге ашпасқа. Мысалы, депозитке 12,7% мөлшерлемемен ай сайын 20 мың теңгеден салу арқылы 124 мың теңгеден артық ақша жинауға болады. Аударымдар айтарлықтай байқалмайды, бірақ ол жердегі сома мереке күндерінде өте қажет.
Сондай-ақ басқа салымдармен де осылай жасауға болады. Үлкен мөлшердегі соманы бір депозитке жинау міндетті емес. Ақшаны түрлі мақсатты салымдарға ғана бөліп емес түрлі банктерге де бөліп салуға болады. Бұл әртараптандыру саясаты немесе барлық «жұмыртқаларды» «бірнеше себетке» бөліп салу қағидасы. Қолайлы жағдайларды қарап, салыстырып, таңдау керек. Ең бастысы мақсат қоя білсек, оған қол жеткізуге болады. Банктер жинаулар түрлерін, кірістен автоматты түрде тұрақты аударымдарды, ыңғайлы калькуляторларды ұсына отырып клиенттерге түсіністікпен қарайды.
МАУСЫМ. Демалысқа жиналамыз.
Демалыс сапарына жиі және жеңіл жүретін отбасылар бар. Мұның бәрі олардың демалысты алдын-ала ойластырғандықтарында болып отыр. Олар өткен жылғы желтоқсанда әуе компанияларының авиабилеттерді алты ай бұрын жеңілдіктермен сатуға жүргізген акциясын мұқият қарап отырды. Билеттердің желтоқсандағы құны кез келген айдағы, әсіресе жазғы айларға көрсетілген құнынан 40-50% төмен. Егер, 3-7 адамнан тұратын отбасы акциямен билет сатып алған болса, онда үнемдеу анық байқалады. Осылайша, үнемдеуді білетін отбасылар үшін Париж Бурабайға қарағанда арзанырақ болып шығады. Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...
ШІЛДЕ. Сақтандыру туралы ойланатын уақыт.
Біріншіден, демалыс маусымы. Туристі сақтандыру міндетті. Екіншіден, демалыс уақытында, іссапарларда үйді қараусыз қалдырғыңыз келмейді. Үшіншіден, коммуналдық қызметтер мен азық-түлікке кететін шығын азаяды (бұл маусымдық), осы жерден үнемделген ақшаны сіз сақтандыруға бере аласыз. Дамыған елдерде сақтандырусыз бір қадам алға жүрмейтіні мәлім. Алайда біз осы деңгейге жетуіміз керек және сақтандыру өнімдерінің барлық артықшылықтарын бағалауымыз керек. Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...
ТАМЫЗ. Оқуға дайындық.
Егер көп балалы отбасы болса, онда балаларды мектепке дайындау оңай іс емес. Көп жағдайда мұрагерлік бойынша өтетін киім, аяқ киім, сыныптан тыс оқуға арналған кітаптарды қолдан қолға беру көмектеседі. Жақсы кеңес – бұл мәселені тамызда емес, жаздың басында ойлау қажет. Алайда, ылғи да ойға алған іс бола бермейді: балалар, әдетте жаз бойы өседі және әрдайым киім мөлшерін дөп баса алмайсыз. Үнемдеудің орнына тағы да қосымша шығын. Мұның да шығар жолын табуға болады.
Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...
ҚЫРКҮЙЕК. Күздегі қыс мезгіліне дайындық.
Экономика тұрғысынан қыркүйек – ең үнемді ай. Жеміс-жидектер, көкөністер аста-төк. Қыркүйек – бұл тамыздағы жоғары бағалар мен қазандағы одан сайын шарықтайтын баға арасындағы былайша айтқанда «бағаның құлау» айы. Көптеген отбасылар жеміс-көкөністен жасалатын дәстүрлі қысқа дайындықтың қамына кіріседі. Күзде жапқан банкаларыңыз үнемдеудің тағы бір тәсілі болмақ. Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...
Күзде жасалған қорлар, көп отбасы үшін – инфляцияға қарсы жақсы құрал. Қыс уақытында инфляцияға төтеп беретін жертөлелерде немесе балконда сақталатын бұрыш, баялды, кәді, қызанақ, қияр, қысқа мұздатылған жидектер, сондай-ақ картоп, пияз, қырыққабат берекелі шаруақор әйелдердің бағалауы бойынша, отбасы бюджетін азық-түлік тағамдарына 30%-ға дейін үнемдейді.
Оларды өсіруге жері, мүмкіндігі жоқ қала тұрғынымен салыстырғанда үнем 50%-дан астам құрайды. Өкінішке орай, кәсіби экономистер соңғы уақыттарда мұндай зерттеулер жүргізбеген, ыждаһатты шаруақор әйелдер шығыстар бабындағы шығыны ең көп (және инфляцияға ең ұшырағыш) - азық-түлік шығыстарына шынымен де жақсы үнемдейтінін растайды.
Қыркүйекте жартыжылдықты қорытындылауға болады, әлбетте, сіз жыл басында өзіңіздің кірістер мен шығыстарыңыздың жоспарын жасап қойған боларсыз? Енді шығындарыңыздың талдауын жүргізіп, қалған 6 айға түзету жасауыңызға болады. Бюджетті жоспарлау «отбасы» кемесінің шығындарға «батпай», ырқыңыздан тыс жасалатын шығындарға жол бермейді. Айтпақшы, алты құмыра әдісі есіңізді ме?
ҚАЗАН. Кэшбэк деген не? Ақшаны жұмсаймыз ба? Немесе босқа шығынданамыз ба ?
Бір қарағанда кэшбэк – өте жақсы нәрсе. Әрбір сатып алудан картаға ақшаң қайтарылады, сосын оны жаратуға болады. 1%-дан 15%-ға дейін азын-аулақ ақша болса да, ол да қуантады. Оны қайтармаса да қисыны келіп тұр. Алайда, ойланып көрсеңіз, банктер мен суда желілеріне кэшбэк не үшін қажет, бұл сатып алушыны торға түсірудің амалы емес пе пе? Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...
ҚАРАША. Баспана мәселесін шешеміз.
БАҚ-та және Интернетте жылдың төрт мезгілінің қайсысында үй сатып алуға ыңғайлы жөнінде біраз зерттеулер бар. Әртүрлі пікірлер әр маусымда қоныстой үшін өзіндік себептері бар екендігімен келіседі. Бірақ жылдың ең қолайлы уақыты - күз. Күнделікті тұрмыстағы себептер - жылы жаз өтті, қыс та таяды, жылуды, жайлылықты, өзімнің бұрышым болғанын қалаймын. Сонымен, қараша - бұл баспана мәселесін шешудің жақсы айы. Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...
ЖЕЛТОҚСАН. Жылдың қорытындысын шығарайық.
Қаңтардың алғашқы күндерінде жасалған және қыркүйекте түзетілген жазбаларды алыңыз. Сіздің кірістер мен шығыстардың журналын жүргізуге шыдамдылыңыз жетті ме? Шығыстардың тізімін қараңыз және заңды, экономикалық немесе моральдық себептер бойынша төленбеген шығындарды белгілеңіз. Бұл қажетті шығындар. Басқа шығындар міндетті емес болып танылады. Егер бұл сіз үшін маңызды болса, жалғасын мына сілтеме бойынша оқыңыз ...
Оларды пайдалы, қажеттілік тұрғысынан бағалаңыз, сіз тіпті пайдасыздық деңгейіне қарай бағалай аласыз. Егер сіз оларды «толығымен қажет емес, мүлдем пайдасыз» деп санатқа жатқызсаңыз, онда осы шығындарды ақшамен бағалаңыз. Бұл келесі айға немесе жылға арналған бюджетті жоспарлау арқылы шығындарды тиісті баптарын сенімді түрде жою арқылы үнемдеуге болатын ресурс.
Сіз қанша артық төлегеніңізді нақты бағалауға тырысыңыз. Мысалы, кездейсоқ өнімдер мен тауарларды сатып алу. Сіз ойланбай жиі сатып алуды жасадыңыз ба?
Кездейсоқ, беделді және мәртебелі, бірақ мүлдем қажетсіз немесе «мен кімнен кеммін» қағидаты бойынша сатып алынған сатып алуларға көз жүгіртіп қарап, сіз соларға «тыйым салуды» белгілеп және болашақта бұл қателіктерді қайталамауға болады.
Жылды қорытындылай отырып, өзіңіздің «қаржылық қауіпсіздік құралыңызды» бағалаңыз. Егер сіз жұмыстан кенеттен айрылып қалсаңыз, салыстырмалы түрде айтқанда, 3-6 айлық өмірдің қажеттіліктерін толтырады ма? Әдетте, бұл уақыт жұмыспен қамту мәселесін шешуге жеткілікті. Есіңізде болсын, «қауіпсіздік құралы» - бұл сатып алуға арналған ақша жинағы емес. Бұл болашақта күтпеген жағдайлар үшін жұмсалмайтын қор (NZ). Барлық басқа сатып алу мен мақсаттар үшін сіз арнайы депозит ашасыз.
Егер жылдың аяғында сіздің NZ талап етілмей қалса, депозиттер белсенді, шығындар тиімді, ал кірістер жеткілікті болса, онда қаржы жылын сәтті деп тануға және оны лайықты шығарып салуға болады.Банктік тұтынушылық кредит беру нарығындағы үрдістер
Егер коллекторлар сізді мазалай берсе, не істеу керек және қайда бару керек?
Мәдина Әбілқасымова азаматтарды қабылдады
2024 жылдан бастап мобильді аударымдарда енгізілетін жаңалықтар: нелерді білу қажет
Алаяқтар телефон нөмірлері мен SMS-ді қалайша ауыстыра алады
Цифрлық ортада туғандар, немесе балаларды кибералаяқтардан қалай қорғауға болады